Білім алушыларға қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі туралы түсінік беру.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
Педагогтің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.
3. Оқушыларды сапқа тұрғызып, оқытушыға рапорт беруді, амандасуды, түгендеуді, оқушылардың сырт көрінісін тексеруді көрсету,түсіндіру.
Қоршаған орта мен адамның қауіпсіздігі?
қоршаған ортаны қорғау қауіпсіздігі туралы
Мақсаты:Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау:Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
Сабақтың ортасы
33 мин
Адамның тіршілік әрекеті Жер қабықшасының бір бөлігі болып
табылатын және сан алуан тірі организмнің өмір сүруіне қажетті
қасиеттерге ие биосферада өтеді. Литосфера, гидросфера мен
атмосфера – биосфераның құрамдас беліктері.
Литосфера - Жер шарының шөrінді және базальтты жыныстардан
түзілген қатты қабығының жоғары бөлігі. Тірі организмдердің ең үлкен
тығыздығы топырақ қабатында (орташаа 12 – 50 см) тіркелген.
Гидросфера – Жер бетіндегі Дүниежүзілік мұхит суымен түзілген
су қабығы ( оның 70 % -дан астам ауданын алып жатыр ).
Атмосфера тропосферамен және стратосфераның бір бөлігінен
құралған және көп мөлшердегі газдың қоспасы болып табылады.
Осылайша, биосфераның шекарасы Дүниежүзілік мұхиттың түбі
мен стратосферада орналасқан. Ол оттектің белсенді пішінімен,
негізінен, озонның өзімен түзілген озон қабаты деп аталатын қабат
болып табылады. Биосфера шектерінен тыс жерлерде ең қарапайым
организмдер тек ерекше пішінде, мысалы споралар түрінде ғана өмір
сүре алуы мүмкін, ал неғүрлым жоғары дамыған организмдер болса
өледі. Заттардың алмасуы, жер биосферасындағы физикалық,
химиялық және биохимиялық процестердің белсенділігі Күнмен
сәулелену энергиясының мөлшерімен реттеледі.
Құрылымдық-функциялық жағынан биосфера тірі және өлі
табиғаттан түзілген. Осы екі құрамдас үздіксіз өзара әрекеттестікте
болады. Оның заңдылықтарын экология ғылымы зерттейді.
Экологияның тар аядағы түсінігі тіршілік ететін ортасында
организмге әсер ететін экологиялық факторлардың жиынтығы
ретіндегі тіршілік ету ортасы болып табылады.
Экологиялық факторлар тірі организмге оның дамуындағы кез
келген сатысында тікелей әсер ететін ортаның элементтері болып
табылады. Оларды үш топқа бөлуге болады: биотикалық,
абиотикалық және антропогендік: 1) биотикалық факторлар – тірі
организмдердің бір - біріне әсері; 2) абиотикалық факторлар – өлі
табиғат
элементтерінің
тірі
организмге
әсерінің
нәтижесі;
3) антропогенді факторлар – адам қызметінің әртүрлі салалары
элементтерінің қоршаған ортаға әсері.
Адамға әсер ететін экологиялық факторлардың оң немесе кері
әсері болуы мүмкін. Сыртқы ортаның қолайсыз әсерінен қорғау үшін
адам тохносфераны жасады. Бұдан кейін оның шекарасы кеңейді,
өйткені адамзат қоршаған ортаны белсенді түрде қайта құра бастады.
Сұрақтар мен тапсырмалар: Қауіпсіздік негіздері және қауіпсіздік туралы жіктеу.
Қауіпсіздік ережесін құру
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенжділігіне қарай қалыптастырушы бағалау жүйесі бойынша бағаланады.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
«Еркін микрофон» әдісі.Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.
Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау»әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».