Абай қҰнанбайұлы (1845-1904) Абай Құнанбайұлы дүниеге келген: Семей облысындағы Шыңғыс таудың баурайында



бет5/19
Дата13.10.2022
өлшемі104,49 Kb.
#42751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ОРАЗАҚЫН АСҚАР
«Артық, кем айтқаным емес, Оразақын – қазақ тіліне жетпіс пайыз байлық әкелген кісі» деген: Ғафу Қайранбаев.
Оразақын Асқан дүниеге келді: 1935 жылы 16 мамырда, ҚХР Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей-Қаратас деген жерде.
Оразақын Асқар білім алды: Сарыбұлақ мектебінде (бастауыш білімді), Құлжа қаласындағы «Білім жұрты» гимназиясында.
Оразақын Асқар білім алған жоғарғы оқу орны: 1951 жылы Үрімші қаласында ашылған Ұлттар институтының Тіл және әдебиет факультетіне түсті.
Оразақын Асқар қызметке тұрды: Екінші курсты аяқтағаннан кейін «Шыңжаң газеті» редакциясына.
Оразақын Асқардың өлеңдері жиі жарияланды: «Шыңжаң газетіне», «Шұғыла» журналына.
Оразақын Асқар атамекеніне көшіп келді: 1955 жылы.
Оразақын Асқар сүйіп оқитын ақын: Хамит Ерғалиев.
Оразақын Асқар Хамит Ерғалиевке оқып берген өлеңдері: «Сурет салған ой», «Орыс деревнясы».
Хамит Ерғалиев Оразақын Асқардың өлеңдерін жинаққа енгізу туралы хат жазды: Ғафу Қайырбеков пен Жәрдем Тілековке.
Оразақын Асқардың өлеңдері тұңғыш басылды: 1955 жылы «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағында.
«Адал перзент ана сүтін ақтаған,
Ана-Отанын жаудан қорғап, сақтаған.
Өзге тілден оңдырады не тауып,
Өз тілінен інжу-маржан таппаған». Үзінді авторы: Оразақын Асқар.
Оразақын Асқар ҚазҰУ-дың филология факультетін бітіріп шықты: 1961 жылы.
Оразақын Асқар қызмет етті: Ұлттық ғылым академиясының Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, этнография және археология институтында кіші ғылыми қызметкер, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросында нұсқаушы, республикалық Кітап палатасында бөлім меңгерушісі, «Жалын» баспасында аға редактор.
Оразақын Асқар қазақтың қара өлең түрлерін ұзақ жылдар бойы жинап, жариялады: Жиырма мың жолдық екі кітабын.
Оразақын Асқар атсалысқан жұмыстар: «Балауса» баспасында «Әдеби мұра» бағдарламасына орай «Әлем балалар әдебиеті» атты қазақ тіліндегі елу томдықты шығару жұмысы, «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша «Ғылым» баспасынан шығып жатқан 100 томдықтың 2 томын жинап бастырды.
Оразақын Асқардың жыр жинақтарының көбі шықты: «Балауса» баспасынан.
Балалар әдебиетінің ең көрнекті өкілдерінің бірі: Оразақын Асқар.
Оразақын Асқардың жүлделері: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Мұқағали атындағы сыйлықтың лауреаты, Алматы облысы Панфилов ауданының «Құрметті азаматы».
Оразақын Асқардың алған медальдары: «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы».
Оразақын Асқардың жарық көрген жинақтары: «Тұңғыш» (1964), «Мейірім» (1969), «Лейла» (1977), «Көкорай» (1979), «Балқарағай» (1981), «Сәулет» (1984), «Таудай бол!» (1984), «Белжайлау» (1985), «Өркеш» (1987), «Керімсал» (1991), «Баркөрнеу» (1992), «Құран хикаялары» (1992), «Жарапазан» (1995), «Суретті әліппе» (1996), «Орбұлақ» (2000), «Тәуелсіздік тартулары» (2001), «Отан деп оянғанда» (2004), «Атамекенге оралғанда», «Ұяда нені көрсең», «Сүт сыйлықтары», «Ұлттық ойындар», «Жаңа баталар» (2005), «Алтын абдыра» (2007), «Елеулі елу ертегі, жебедей жетпес жұмбақ» (2007), «Біздің мерекелер», «Ел ішінде», «Логопедтік әліппе» (2008) т.б.
Мұқағалитанушылардың бірі: Оразақын Асқар.
«18 беттік дәптерге жазған қолжазбасы бар. Соның ішінде қара өлеңді тауып алдық. Соны оқысам, 5-6 шумақ аяқ жағында «Абайға тән өлең маған да тән, келсін мейлі, келмесін тәржімаға, Абайдың өлеңдері оқитыным оңаша үйде отырып әр жұмада» дейді. «Дұғам менің оқитын» дейді қара өлеңде, осындай жолы бар екен. Ал оны Кеңес үкіметі кезінде цензура болған соң алып тастаған. Соны соған қостым, жалғадым, қандай тамаша. Қорытындысын Абаймен аяқтап тұр» деген: Оразақын Асқар (Мұқағали туралы).
Оразақын Асқардың төлқұжаттағы тегі: Төпеев.
Оразақын Асқарға «Төпеев» ақынға лайық емес екенін айтқан: Ғафу Қайырбеков.
«Ат айналып қазығын табар, ...». Мақалды жалғастыр: Ер айналып, елін табар.
Оразақын Асқардың бүгінгі күннің өзекті мәселесін қозғайтын шығармасы: «Шетте жүрген бауырластарға».
Шетте жүрген барша қазақты атамекенге шақырған үндеу іспетті өлең: «Шетте жүрген бауырластарға».
Алматыда дүниежүзілік қазақтардың тұңғыш құрылтайы өтті: 1992 жылы 29 қыркүйекте.
Алматыда дүниежүзілік қазақтардың тұңғыш құрылтайға қанша адам қатысты: 33 елден 800-ге жуық адам.
«Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсеңдер де ауырласып.
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып». Үзінді алынған өлең: «Шетте жүрген бауырластарға».
«Шетелдегі әрбір қандасымыз – қазақ елінің бір түйіршігі» деген: Н.Назарбаев.
«Біз талайы заманда тарыдай шашылып кеткен қандастарын атамекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болдық. Осы жылдары шетелдерден 800 мыңнан астам отандастарымыз келіп, халық саны бір жарым миллионға артты» деген: Н.Назарбаев.
Грек сөзінен шыққан, белгілі бір халықтың (этникалық қауымның) біраз бөлігінің өз елінен тыс өңірге орын тебуін білдіретін ұғым: Диаспора.
ҚР-нан шет аймақтарда тұратын қазақтар: Қазақ диаспорасы.
«Ғылыми фантастика – техникалық, тарихи сала. Әлеуметтік тұрғыда болғанымен, онда сиқыр күші кездеспеуі тиіс. Себебі ғылыми фантастикада ғылым мен техника жетекші орынға ие» деген: К.Г.Фрумкин.
«Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛI - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЬІ, САЛТ-ДӘСТҮРІ -тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және ТУҒАН ТАРИХЫ». Үзінді авторы: Мұхтар Шаханов.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет