Абай қҰнанбайұлы (1845-1904) Абай Құнанбайұлы дүниеге келген: Семей облысындағы Шыңғыс таудың баурайында



бет7/19
Дата13.10.2022
өлшемі104,49 Kb.
#42751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
10-сынып

ЖӘРКЕН БӨДЕШҰЛЫ
«Бір бақытым—сарайшыл болғаным жоқ» деген: Жәркен Бөдешұлы.
Жәркен Бөдешұлы дүниеге келді: 1944 жылы 15 мамырда ҚХР-ның Тарбағатай аймағы Толы ауданындағы Жайыр тауында.
Жәркен Бөдештің азан шақырып қойған аты: Жармұхаммед.
«Пайғамбарымыздың қасиетті есімін қайта-қайта айта бермейік, сен Жәркен боп жүрші» деген: Анасы.
Жәркен Бөдешұлы тарихи отанына келді: 1969 жылы.
Жәркен Бөдешұлы бітірген оқу орны: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті.
Жәркен Бөдешұлы қызмет атқарды: Мерзімді басылымдарда, Мемлекеттік кітап палатасында.
Жәркен Бөдешұлы қызмет атқарды: 1992 жылы құрылған Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығында бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағы басқармасының әдеби кеңесшісі.
«Бізде Жәркендей жүйріктердің емес, жабылардың жолы болғыс шығар. Жәркендей қырандардың емес, қарғалардың жолы болып жүретін шығар. Бірақ уақыт деген таразыға тартқанда әділет деген дүние шығады. Сол кезде Жәркеннің орны жарқырап көрінеді деп ойлаймын» деген: Ұлықбек Есдәулет.
«Ол —тілді ақын, қазақтың тіл құнарын сезетін, сезінетін ақын. Оның әрбір өлеңдеріндегі иірімдерінде қазақылық, шынайылық басым. Ол кейбіреулер сияқты экспериментке барып, өлеңнің басын жарып, көзін шығармайды. Ол Алла аузына қалай салды, жүрегі қалай соқты, солай жазады» деген: Аманхан Әлім.
Жәркен Бөдешұлының оқырманның жылы ықыласына бөленген туындылары:«Аңырақай бекетіндегі ой»,«Қарауыл төбе»,«Генерал Жаһар Дудаев»,«От пен су»(«Сорос—Қазақстан» қорының жүлдесі берілген),«Тас бесік»,«Бостандықтың басы»,«Шер»,«Жалғыз».
Өзінің даралығын жалғыздық ретінде сезінетін ақын: Жәркен Бөдешұлы.
«Жалған-ай... Жалғызсырау қандай жаман,
Тарпаңның тамырында қан қайнаған.
Адасқан үйірінен құла бие,
Қосылды құландарға қай жайлаған...». Үзінді авторы: Жәркен Бөдешұлы.
«Көгертіп көктем келді мият құмды,
Жануар оқыс ойнап ұят қылды...
Тағының бетке басқан таңбасындай,
Құйрығы жоқ—Жалы жоқ—Тұяқ туды...». Үзінді авторы: Жәркен Бөдешұлы.
Жәркен Бөдешұлының атақтары: Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Түркі тілдері елдері поэзиясы II фестивалінің лауреаты,«Астана-Бәйтерек—2006» әдеби байқауының жүлдегері, Қ.Сәтбаевтың 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық мүшәйраның бас жүлдегері.
«Қабырғаммен кеңесем,
Арманыма жетердей.
Өмір деген не десем,
Бір түп шеңгел екен ғой» деген: Жәркен Бөдешұлының алғашқы өлеңі.
Бала кезінде қозы-лақты айдап келе жатып, нөсерлі жаңбырда сайдың шетімен жүруге мәжбүр боп, терең сайға құлап кете жаздаған ақын: Жәркен Бөдешұлы.
Жәркен Бөдешұлының шығармалары:«Көкше құрақ»,«Қос қанат»,«Зейін»,«Аспан даусы».
«Жәркеннің қырық қыры бар ақын, мен оның бір ғана қырын аша алдым. Ол—туған жерге деген сағыныш» деген: Темірхан Медетбек.
Жәркен Бөдешұлының шоқтығы биік шығармаларының бірі:«Жалғыз» поэмасы.
Жәркен Бөдешұлының сюжетсіз, лирикалық поэмаға жататын шығармасы:«Жалғыз» поэмасы.
«Бұл жалғанда кім жалғыз?!
Ай борықтай Ай жалғыз, Айдан нұрлы Күн жалғыз.
Жарқырап тұрған Шолпан да жалғыздықты сезінер,
Таң алдында көз ілер...
Жыр боп мәңгі жасарға, Абай жалғыз қашанда,
Абай жалғыз болғасын, екеу емес Мағжан да» деген: Жәркен Бөдешұлы.
Сюжетсіз поэманың алғаш негізін қалаған: С.Торайғыров.
Сюжетсіз поэманың ерекшелігі: Басты оқиғаның бірден басталып, бірден баурап әкетуінде.
Сюжетсіз поэмаға тән: Тіл көркемдігі, айшықты суреттеулер, логика тұтастығы, сыршыл эмоция.
«Жалғыз» поэмасындағы автор идеясы: Жаратылыстан дарыған ерекше қасиетті ашу, дара тұлғаны таныту, дарын иесін қастерлеу.
«Жалғыз» поэмасында аты аталатын тұлғалар: Абылай хан, Ақтамберді, Бұқар жырау, Исатай мен Махамбет, Абай, Шәкәрім, Мағжан, Бауыржан Момышұлы, т.б.
«Жалғыз—менмін.«Жалғыздық тек Құдайға ғана жарасады» деп айтылады. Жалғыздық —барлық адамның басында бар нәрсе. Бұл тек бір ғана адамның басындағы жалғыздық емес, бүкіл әлемдік жалғыздық деп ойлаймын. Шәкәрім де жалғыз болды... Жалғыздықты тек қана оқу керек» деген: Жәркен Бөдешұлы.
«Қазақ әдебиетінің поэзиясына өз тақырыбын ала келген Қасым, Мұқағали сынды ақындардың қатарында осы Жәркен де тұрады» деген: Қабдеш Жұмаділов.
«Өлеңге ауадай қажет теңеу, символ, метафора, эпитет, ассонанс...дейтіндерді құлпырта қолдана білетін ақын поэмаларға қол созғанда бұларға қоса жаңа формалар, шақырып тұрар сюжеттер іздеп тапқыш-ақ. Әйтеуір алуан тақырыптағы қандай көлемдегі дүниені жазғанда да, ол еш уақытта бір қазыққа байланып қалмайды: бірде ежелгі жырауларша егіле-төгіле толғаса, басқа бір тұста тұтастай осы заманғы өлең өлшемдерімен іркілмей «сөйлейді» деген: Ертай Ашықбаев.
«Жалғыз арқар.
Жалғыз оқ.
Жалғыз құздың басында—
Селт етпейді боранға,
Селк етпейді жасынға». Үзінді қай шығармадан:«Жалғыз» поэмасы.
Жәркен «Жалғыз» поэмасында арқарды айту арқылы еске түсіреді: Батыр Баянды.
Басқа адамдардан оқшауланған, өзгерген жағдайға ұшыраған адамның эмоциялық күйіне ықпал ететін психогендік факторлардың бірі: Жалғыздық.
«Мен көзі ашық, оқыған, тоқығаны бар мектеп директорының отбасында туып өстім. Әкем марқұм ауызекі жаяу әңгіменің хас шебері болатын. Көрген-білгендерін, естіген ертегі, қиссаларды майын тамызып айтып отыратын. Ауыл аймақтағы өзі тұстас замандастары біздің үйге сол кісінің әңгімелері үшін жиналатын». Үзіндідегі кімнің сөзі: Жәркен Бөдешұлы естелігінен.
Құбылысты басқа нәрсемен салыстыру арқылы жасалатын сипаттау тәсілі: Теңеу(кемедей,болатша).
Ойды астарлап, басқа нәрсені суреттеу арқылы жасалатын нақтылы сипаты бар балама бейне: Символ.
Гүл ненің символы: Жастықтың.
Екі нәрсені салыстыру және жанастырып-жақындату негізінде астарлы тың мағына беретін бейнелі сөз немесе сөз тіркесі: Метафора (тас жүрек, ақын—жел).
Заттың немесе құбылыстың айрықша белгісін білдіретін бейнелі сөз: Эпитет(қоңыр дауыс, тәтті күй).
Өлең жолдарында сөз басындағы дауысты дыбыстардың ұйқасуы: Ассонанс.
«Адам өзінің кім екендігін жалғыз қалғанда ғана айқын сезе алады. Әр адам жалғыз қалған кезде ғана шынайы бейнесін ашады. Жалғыздықты сүймеген адам еркіндікті де сүймейді» деген: Артур Шапенгауэр.
«Жалғыздықтан үлес алып, өзіңе пайда келтіре алу—дарындылық» деген: Бернард Шоу.
«Бүкіл әлемде адам баласы қаншалықты мол болса, соншалықты жалғыз—оны жалғызсыратпайтын адал досы—өзінің ойы ғана» деген: Оралхан Бөкей.
Жәркен Бөдешұлының шығармалары:«Нұрлы бояулар»,«Жұлдызға орнын ай бермес»,«Емендер түнде бүрлейді»,«Бөрінің асығы»,«Бұрылыс».
Қай қаламгер Шерхан Мұртазаны Қызыл жебеге теңеген: Фариза Оңғарсынова.
«Бесеудің хаты» драмасы неше бөлімнен тұрады: 2.
«Жалғыз» поэмасында неше құс пен жануардың атауы кездеседі: 11 құстың, 7 жануардың.
Шерхан Мұртаза шығармасы:«Шағалалар қайда ұйықтайды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет