Абай қҰнанбайұлы (1845-1904) Абай Құнанбайұлы дүниеге келген: Семей облысындағы Шыңғыс таудың баурайында



бет3/19
Дата13.10.2022
өлшемі104,49 Kb.
#42751
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВА
«Жазушы ізгіліктің иесі болуы тиіс» деген: Айгүл Кемелбаева.
«Айгүл өз туындыларында саналы түрде еуропалық, мифтік есімдерді де кіргізіп қояды. Онысы эксперимент болғанымен, өте сәтті пайдаланылған амал. Өйткені дүниежүзілік әдебиетті біле отырып, сол деңгейде ойлана отырып, қазақша стильдік тәсілдерді дүниеге әкелуде: Айгүл Ісімақова.
Айгүл Кемелбаева дүниеге келді: 1965 жылы 21 наурызда, Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Құндызды ауылында.
Айгүл Кемелбаева оқыған білім орны: ҚазҰУ-дың журналистика факультеті (1984-1987 жж).
1989 жылы Мәскеудегі М.Горкий атындағы Әдебиет институтының негізгі (проза) бөліміне қабылданып, оны 1994 жылы бітіріп шығады: «Қоңырқаз» әңгімесі шығармашылық конкурстан өтеді.
Айгүл Кемелбаеваның шығармалары: «Жетінші құрлыққа саяхат» атты балаларға арналған хикаят, «397 нөмірлі снайпер».
Айгүл Кемелбаеваның діни тақырыпқа арналған әңгімелері: «Тобылғысай», «Ғибадат», «Қияда» атты әңгімелері.
Айгүл Кемелбаеваның зоологиялық прозаға жататын романы: «Мұнара».
«Мұнара» атты шағын романымда зоологиялық проза тәсілін қолдандым. Мен үшін зоологиялық прозаның ең мықты өкілі – Герман Мелвилл, оның «Моби Дик немесе ақ кит» атты романын қайталап, сүйсіне оқыдым. Хайуанаттар этимологиясына асқан сүйіспеншілікті Мелвилл үйретті. Қазақ ауыз әдебиетінен бері хайуанаттар туралы анималистік проза дамып кеткен. Тегінде прозаның мүмкіндігі поэзиядан гөрі шексіз» деген: Айгүл Кемелбаева.
«Мұнара» романының ерекшелігі: Автордың көзқарасының берілу тәсілінде.
Адамның санасы мен бейсанасындағы егес көрсетілетін шығарма: «Мұнара» романы.
Айгүл Кемелбаеваның магиялық проза саласындағы шығармалары: «Майя» повестьі мен «Ер Төстіктің дүниеге келуі» әңгімесі.
Айгүл Кемелбаеваның Шәкәрім Құдайбердіұлының «Қалқаман-Мамыр» поэмасының негізінде, нәзирашылдық дәстүрде жазылған эпикалық прозасы: «Көкенай мен Қалқаман».
Айгүл Кемелбаеваның республикалық баспасөзде жарияланған еңбектерінің саны: 200-ге жуық (әдеби-зерттеу мақалалары, эсселері, аудармалары).
Айгүл Кемелбаеваның шығармалары аударылды: Орыс, әзірбайжан, беларус тілдеріне.
Айгүл Кемелбаева «Жалын» баспасының республикалық жабық конкурсында балалар әдебиетіне арналған II орынды иеленді: 1983 жылы.
Айгүл Кемелбаева М.Әуезовтың 100 жылдық мерейтойы құрметіне жарияланған шығармашылық конкурста III орынды иеленді: 1997 жылы.
Айгүл Кемелбаеваның жетістіктері: Жастар одағы мен Журналистер одағының Баубек Бұлқышев атындағы сыйлығының лауреаты (1998 ж), Сорос-Қазақстан – Дебют конкурсының лауреаты, Сорос-Қазақстан қорының «Қазіргі заманғы қазақстандық роман» атты конкурсының жеңімпазы (2000 ж).
Айгүл Кемелбаеваның халықаралық деңгейдегі марапаттары: Халықаралық Виктор Шнитке атындағы әдеби конкурстың лауреаты (2012 ж), «Ресей немістерінің әдебиеті туралы әдебиеттанығыш жұмысы» атауы бойынша I дәрежелі дипломы, халықаралық «Алтын асық» конкурсының проза атауы бойынша лауреаты (2014 ж).
«Мен Мәскеудегі жоғары оқу орнына түсер алдында ҚазҰУ-дың журфагында 3 жыл білім алғанмын. Яғни 8 жыл студент болғанмын. Менің екі бірдей жоғары оқу орнында студент атануыма Сапар аға Байжановтың ерекше көмегі тиді. Ал осы «Қоңырқаз» атты әңгімеммен Мәскеудің М.Горкий атындағы Әдебиет институтының шығармашылық конкурсынан өттім» деген: Айгүл Кемелбаева.
«Әдебиетте қарызға алу – тым көнеден келе жатқан құбылыс. Мықты жазушылар одан сүрінбейді. Нашарлары ұқсатпай бүлдіреді» деген: Айгүл Кемелбаева.
Айгүл Кемелбаеваға 1989 жылы институтта дәріс оқыған, жазушы Роллан Сейсенбаев не деген: «Мына әңгімеңнің қазақшасын жібер» деген («Қоңырқазды» айтып жатыр).
Әйгілі орыс жазушысы Андрей Георгиевич Битов семинарда Айгүл Кемелбаеваның «Қоңырқаз» әңгімесіне қандай баға берді: Магиялық романтизм.
Айгүл Кемелбаева «Қоңырқаз» әңгімесінің идеясын алды: Ханс Кристиан Андерсеннен.
Айгүл Кемелбаеваның бірде-бір басылымдарда басылмай, араға жеті жыл салып жарық көрген фантастикалық-антропологиялық әңгімесі: «Қоңырқаз».
«Мәжнүн жүрек» эссе, сұхбатының авторы: Айгүл Кемелбаева.
«Сөз хикмет: эсселер, мақалалар, сұхбаттар» еңбегінің авторы: Айгүл Кемелбаева.
«Қазақ әдебиеті өзінің ұлттық мазмұны арқылы әлемдік әдебиетке шығады» деген: Айгүл Кемелбаева.
Айгүл Кемелбаеваның ежелгі Түрікпен елінің Әмударияны бетке алып, Сыр бойы қыпшақтан алған қалың жылқыны дүркірете қуып, онымен қоса он бір жасар баланы құлдыққа жегуінен басталатын шығармасы: «Шашты» әңгімесі.
Он бір жастағы Кенжебек атты баланың қандас бауыры: Тасқұл шал.
Тасқұлдың көмекшісі: Кенжебек.
Кенжебек Тасқұлдың «Қай ноғайсың?» деген сұрағына қалай жауап береді: Біз- қыпшақ, атам – Ерторы, әкем – Құлпейіс, анамның сүт кенжесі – Кенжебекпін деген.
«Тегін сұраған жат болмайды. Қаңлы десем, көгім қазақ дегенім». Үзіндідегі кімнің сөзі: Тасқұлдың.
Басына түскен тағдырына назаланып, азбанқұлға айналған шалдың өз-өзіне қойған аты: Тасқұл.
Шал мен баланың айырмашылығы: Тағдырына көндігіп, еті өліп кеткен шал мен сол тағдырды қайталауға мәжбүр болып отырған бала.
«Шашты» әңгімесінде автордың айтқысы келген ойы: Адам бойындағы туған жерге деген ыстық сезімнің еш уақытта тарқамайтындығы.
Кенжебек сияқты бала күнінде қолға түсіп, жат жерде қартайған шалдың ендігі арманы: Баланы туған жерге аттандыру.
Тасқұл шал Атажан байдың жылқысын бақты: 60 жыл.
Тасқұл баланы қашырып жіберді: Аламан бәйге кезінде.
Атажан байдың руы: Теке.
Бір жыл бойы алынбаған шашы арқасын жауып кеткен балаға жеңгелері қандай ат қояды: «Шашты».
«Шашың өлең шөптей қаулай өсіп, еліңе шашты болып келдің, Алла тағала жар болып, ұрпағың шашыңдай көп болып, өсіп-өнсін!» деп бата берген: Тілекші дуана.
Бәйге атын баптайтын адам: Атбегі.
Ата-бабасынан бері жылқыны қастерлеп, қасиетін білетін кісілер: Атбегілер.
Бәйге атын баптайтын адамды батыста қалай атайды: «Атсейіс».
Бәйге атын баптайтын адамды оңтүстікте қалай атайды: Бапкер.
Бәйге атын баптайтын адамды Орталық, Шығыс Қазақстан халықтары қалай атайды: Атбегі.
«Бек» сөзінің мағынасы: 1) Ұлық, көсем (ежелгі түркі жазба ескерткішіндегі мағынасы); 2) Жеке істі жете білетін кісі.
Жылқылардың жүні үрпиіп, жайылуға зауқы жоқ болса: Біраздан кейін күн суытып, ауа райы бұзылады.
Жылқылар топтасып, жүйткіп, кісінеп ойнақтаса, шапқыласа: Боранды жауын не қарлы борасын болады.
Түрікмен халқының арғымақ түрі: Ақалтеке жылқысы.
Қаз мойынды, қамыс құлақ, артық майды бойына дарытпайтын паңдықтың, тектіліктің нышаны: Ақалтеке жылқысы.
Ыстық аудандарда мініске төзімді, бірақ суықты, қыста тебінде бағуды көтере алмайтын жануар: Ақалтеке жылқысы.
Ақалтеке жылқысының жанкүйерлерінің ассоциациясы мен қоғамдары жұмыс істейді: Еуропа елдерінде.
Ақалтеке тұқымынан алынған жылқы тұқымы: Араб, таза қанды ағылшын, қарабақ, т.б.
Түрікмен жүйрік аттарының күні Президенттің жарлығымен аталап өтіледі: 1992 жылдан бастап, сәуірдің соңғы жексенбісінде.
«Хронотоп» сөзінің грек тілінен беретін мағынасы: Уақыт және орын.
Уақыт пен кеңестік бірлігі: Хронотоп.
Уақыт пен кеңестік белгілерінің бір шеңберде табиғи көрініс табуы: Әдеби көркем шығармадағы хронотоп.
«Хронотоп» ұғымын алғаш енгізген: Орыс әдебиет танушысы М. Бахтин.
Хронотопты қазақ әдебиетіне әдебиеттанушы ғалым Б. Майтанов енгізді:«Мекеншақ» деп.
Адамдардың дүниетанымының көрінісі: Мифтер.
Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы жөніндегі мыңдаған жылдар бұрынғы түсінік, көзқарастар осы кезде дейін жетіп отыр: Мифтер арқылы.
Ертедегі адамның санасы қандай сипатта болған: Мифологиялық.
Алаш арасы—Мұстафа Шоқайдың бабасы, тарихта болған адам: Шашты.
«Біз құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлттық азаттығымызды аламыз» сөзінің авторы: Мұстафа Шоқай.
«Қазақстан жазушылары» анықтамалықтың авторы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет