Абай Құнанбаев. Таңдамалы шығармалары / Абай Құнанбаев. – Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1952. – 342 б. Абай өлеңдерінің 1945 жылы басылған соңғы толық жинағы түгел таралып, кітап дүкендерінде қалмағандықтан, қалың оқушы жұртшылығымыздың тілегі бойынша, Қазақтың Мемлекеттік Көркем Әдебиет Баспасы ұлы ақынның таңдаулы шығармаларының осы жинағын бастырып шығаруды лайық көрді.
Оқу
Абай Құнанбаев. Шығармаларының бір томдық толық жинағы/ Абай Құнанбаев; алғы сөзі М. Әуезов; түсініктеме жазған Ә. Жиреншин. Алматы: Қазмемкөркемәдеббас., 1961. – 693 б. Көпшілікке ұсынылып отырған Абайдың бұл толық жинағына бұрынғы оқушы жұртшылыққа мәлім жырларымен бірге соңғы кезде табылған жаңа өлеңдері кірді. Кітапқа ұлы ақынның замандастарымен әркезде түскен суреттері және сол замандастарының естеліктері берілді.
Оқу
Абай Құнанбаев. Таңдамалы өлеңдер мен поэмалар / Абай Құнанбаев. М.: Прогресс, 1971. – Араб тілінде жазылған Абай Құнанбаевтың таңдамалы өлеңдер мен поэмалар жинағы.
Оқу
Абай Құнанбаев. Өлеңдер/ Абай Құнанбаев; алғы сөзі М. Әуезовтікі.– Алматы: Жазушы, 1976.– 239 б. Бір халықтан емес, тілегі бір, мүддесі бір туысқан сан халықтан сомдалған совет қауымы, тек бүгінгі сәулетті өмірде ғана – өткендегі мен қазіргінің, қазіргі мен болашақтың рухани мұраларына, сол мұралардың өшпес жұлдыздары Пушкин, Навои, Абай сындас тарихи қайраткерлеріне бірден бір әділ де адал бағасын беріп отыр.