Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларында көрініс тапқан басты рухани-адамгершілік құндылықтар



бет53/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармаларында көрініс тапқан басты рухани-адамгершілік құндылықтар. Қазақ əдебиеттану ғылымының ұзақ жылдар бойындағы тынымсыз талпыныстарының нəтижесінде «коммунистік идеология» атты «қара теңіздің» қыспақты құрсауынан босап, əділеттіктің ақ айдынына шыққан, ақиқатын айғақтаған асыл қазыналардың бірі он тоғызыншы ғасырдың соңғы ширегі мен жиырмасыншы ғасырдың басында қалам тербеген талант иесі, суреткер жазушы, көрнекті ақын - Шəкəрім Құдайбердіұлы. Шəкəрім өзінің көркемдік ой танымын арғы - бергідегі əдеби дəстүрлермен сабақтастырып, кешегіні бүгінгімен жəне ертеңгімен жалғастырып өткен талантты перзент. Шəкəрім талантының түп негізінде сан алуан сарқылмас қайнар бастаулар жатыр. Ойшыл суреткер сол бастаулардың кəусардай таза, кіршіксіз мөлдір шырынын тауып, талғаммен талғай отырып табиғатына дарытты, асылдың шипасын ақындық жүрегіне сіңірді. Шығыстың классикалық поэзиясының жауһарлары, одан беріректегі халық поэзиясы, жыраулар жырлары, ұлы Абайдың əдеби дəстүрі, өзі өмір сүрген дəуірдегі түрлі үрдістер, бəрі - бəрі Шəкəрім үшін өнегесі өлшеусіз тағылымды мектеп болды. Халқының мұңын жырлап, адам бойындағы игі қасиеттерді қастерлеп, өлеңдерінің өзегі ету - Шəкəрім шығармашылығының басты мұраты. Ақын айналасындағы барлық нəрсеге терең бойлап, жамандығынан жирене біліп, жақсылыққа ұмтыла білді. Туған халқының мəдениеті, азат ел болып, еркін еңбек етіп, бейбіт өмір сүруін армандады. Сол үшін жан сала күресті, сол мақсаттан жазушылық арнасын тапты. Шəкəрім терең ойға құрылған, күмістей жарқын жырлар жазуды мақсат тұтқан. Өлең сөздері мыс араласпаған таза күмістей, тереңнен толғап, жүрек сырын шертерліктей болуын, ұйқасы жатық болуын көздейді. Кейде ол Абай шығарған өлең өлшемдерін, шумақ түрін, ұйқастарын қолданып жырлады. Қырық жасқа дейін Шəкəрім ел жұмысымен айналысып дала, қара жайларын өз көзімен көріп, ондағы əр түрлі тартыстар, қайшылықтар сырына үңіледі. Бөтен жұрт өмірін, мəдениетін білуге, ғылым жетістіктерін тануға талап қылады. Білім мен мəдениет, өнер салаларының жетістіктеріне назар аударады. Қазақ қоғамындағы үстемдер өктемдігіне, надандық кесапаттарына, қулық – сұмдықтарға қарсы шығады. Əділдік, адамгершілік, мəдениет, оқу – білім ұрандарын жырлайды. Айтып, уағыздап қана қоймай шамасы келгенінше, өзінің ізгі ойларын іске асырып та жүреді, Халықты жақсылыққа үндеп, ар – ұят сақтауға, жоқ – жітікке қарасып, қайырымдылық жасауға тырысады. Шəкəрімнің шығармашылық мұрасының өне бойынан айрықша бір табиғи тұтастық аңғарылады. Шəкəрім əрбір қырының өзі халқына мəңгілік мұра болып қалуға жарайтын алуан қырлы, жан - жақты таланттың тізгінін берік ұстаған суреткер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет