Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Ш.Ш.Уәлихановтың қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі табиғат күштеріне байланысты наным-сенімдері жайлы ойлары



бет51/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58
Ш.Ш.Уәлихановтың қазақтардың тұрмыс-тіршілігіндегі табиғат күштеріне байланысты наным-сенімдері жайлы ойлары.Шоқан Уəлихановтың аққан жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан қысқа, бірақ шығармашылық мұрасы мол өміріндегі аяқталған немесе аяқталмай қалған көптеген еңбектері арасынан таза философияға арналған қандай да бір дүниені табу қиын. Қазақтың атақты ғалымы əрі зерттеушісі философия тақырыбына арнайы тоқталмаған сияқты. Дегенмен, Шоқан əртүрлі халықтардың тарихы мен дінін зерттеп этнографиялық жəне əдеби материалдарды сараптағанда философия мен дүниетаным тақырыптарын айналып өтпеген. Оның шығармаларындағы, əсіресе, қалың оқырманға беймəлім қолжазбалар мен күнделігіндегі түсініктеме мен тұжырымдамалардан Шоқан философиясы, оның дүниетанымы мен көзқарасы, құндылыққа жетелейтін бағдар-бағыты жайында əжептеуір мағлұмат алуға болады. Осы тұрғыдан алғанда, Шоқан Уəлихановтың көшпенді қауымның діни наным- сенімі, салт- дəстүрі жəне мифологиясына арналған еңбектері айрықша мəнге ие. Бұлардың қатарында «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы», «Қырдағы мұсылмандық туралы», əсіресе, күнделік – жазбалар сияқты құнды еңбектер бар. Шоқан күнделік-жазбаларында өзінің саяхатын жазғандай суреттеп жатпайды. Ол мұнда өзі кездестірген тайпалардың мəдениеті мен тұрмысы, діни сенім-нанымы жəне дүниетанымдық көзқарасының қалыптасуы, əртүрлі халықтар арасындағы өркениет айырмашылығы жөнінде ой толғайды.


Шалкиіз жыраудың толғауларындағы ел-жұрттың бірлігі, адамның өмірі мен тағдыры, ерлік, адамгершілік мәселелері.Қазақтың төл әдебиетінің бастапқы дәуірінде өмір сүріп, жыраулар поэзиясының мазмұндық жағынан тереңдей өрістеуіне, дүние сырына дендей үңілу тұрғысынан кемелдене түсуіне зор ықпал еткен жырау – Шалкиіз Тіленшіұлы. Жыраудың өмір жолын зерделеген белгілі әдебиеттанушы М.Мағауин оны 1465 жылдар шамасында Жайықтың шығыс бетінде дүниеге келіп, 1560 жылдар мұғдарында дүниеден озуы ықтималдығын айтады [1, 48]. Өзге әдебиет зерттеушілері де осы пікірден бұра тартпайды. Ал жыраудың өз туындыларына үңілсек, оның өз дәуірінде қазақ пен ноғайлы жұрттарын жайлаған елмен етене араласқаны, екі елдің де билік басындағы хандары мен билерін, батыр-бағландарын жақсы білгені, ел тағдыры сынға түскен сәттерде ақылы мен айбарын алға сала, ой-пікірін олардың қай-қайсына да еркін айта білгені аңдалады. Сондай- ақ, жыраудың жыр-толғауларында мұсылманшылық қағидаларын қажетті тұстарда ой жеткізуге ұтымды пайдаланылуы, сонымен бірге көшпелі елдің жөн-жоралғысына, дәстүр- салтына қатысты көріністердің де орайымен алға тартылып отыруы Шалкиіз жыраудың мұсылманшылық жолын да, халықтың өмір салтын да жетік білгенін көрсетеді. Шалкиіз жырау өз заманындағы қазақ пен ноғайлы хандарының бәрімен дерлік таныстықта болғанымен, солардың ішінде ноғайлы билеушісі Би Темірмен етене жақын араласқаны, оған ой-пікірін еркін айта алатын ақылман кеңесшіге айналғаны, жорық- жортуылдарда үзеңгілес серігі болғаны анық. Жырау толғауларының бірінде өмірінің бұл кезеңі:_ «…Менім ием би Темірдің әрі өзім,_Жау көрген күн жүрегінің басы едім [2, 45],_Көз үстінде қасы едім!..» – деп суреттелуінің сыры сондықтан болса керек. Үзінді мазмұнына қарасақ, толғау айтылған тұста жыраудың Би Темірмен арасы алшақтағаны байқалады. Ал осы мазмұнды жеткізу тәсіліне зер салсақ, жыраудың ойды бейнелі жеткізуге шеберлігі танылады. Өзінің Би Темір алдында абырой-беделінің қаншалықты жоғары болғанын біле тұра, жырау онымен арасы алшақтап, қарым- қатынастарына салқындық енген кездің өзінде кешегі билеушісінің, пікірлесінің қадір- қасиетін төмендетуді жөн көрмейді, қайта, оның әрекеттерін асқақтата суреттейді: «Бұз үстіне от жаққан, Бұзмай бұлан пісірген, Мен иемдің бөрлі ала тасы едім…» [2, 45] – деп өзін кішірейте көрсетеді. Бұл жәйттің өзі Шалкиіздің ішкі мәдениеті жоғары жырау болғанын айғақтайды. Би Темірді «мұз үстіне от жаққан, бұлан етін бұзбай пісірген» айбарлы да, қайратты билік иесі ретінде даңқын асыра бейнелей келіп, өзін: «Мен иемнің мөрлі ала тасы едім…» – деп көрсетуі Шалкиіз жыраудың астарлы бейне жасауға шеберлігін аңғартады. Осы жолдардағы «мөрлі ала тас» тіркесінің мәніне зер салсақ, жыраудың Би Темір жанында көп қосшының бірі емес, түйінді уәж иесі болғанын көреміз. Яғни, Би Темір шешімінің қай-қайсы да Шалкиіз тарапынан қолдау тапқан жағдайда ғана «мөрмен бекітілген жарлықтай» маңыз иеленген. Бұл тұста жырау қолданысындағы «мөрлі ала тас» – сөз ыңғайында айтылып қалған әшекейлі тіркес емес, жыраудың ел билеушілері арасында еншілеген орнын меңзей танытатын мағыналы ұғым. Ал ноғайлы әміршісін ауызына қарату үшін сөз зерлеген ділмар болумен қатар, ой тереңіне бойлаған парасат иесі, сондай-ақ, елдің көксейтіні мен ханның көздегенін қапысыз танитын сұңғыла саясаткер болу қажеттігін ескерсек, Шалкиіз жыраудың осы талаптар үдесінен табылған тұлға болғанын пайымдаймыз. Қараға да, ханға да уәлі сөз айта білген Шалкиіз жырлары тарих қойнауында қалып қоймай, ұрпақтан ұрпаққа ұласып, біздің дәуірге дейін жетуінің өзі оның жыр- толғауларының қазақ тағдырымен, елдің арман-мұраттарымен етене ұштасып жатқандығын айғақтайды. Бірнеше ғасырлар аралығында ел жадында жатталып, ел ауызында сақталып келген оның жыр-толғауларына ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап орыс ориенталистері де назар аудара бастады. Өйткені Шалкиіз жырларында қазақ өлеңінің көркемдік сипаттарымен бірге қазақтың халықтық болмысына тән ерекше қасиеттері де айшықтала көрінетін. Орыс ғалымдарының жырау жырларына зер салып, баспа бетінде жариялауға ұмтыла бастауының бір сыры осы жәйтке байланысты болуы да ықтимал. Қалай болғанда да, Шалкиіз туындылары ХІХ ғасырдың екінші жартысынан беріде хатқа түсе бастады. Шалкиіз шығармашылығының басты сипаттарының бірі – жыраудың өмірлік жәйттерді жинақтай суреттеп, философиялық ой түйіндерін ұсынуға да, нақты құбылысты яки қаһарманды даралай бейнелеп, оның өзіндік қасиеттерін айқындай көрсетуге де аса шеберлігі. Сондай-ақ, ол қажетті тұстарда аталған тәсілдерді бірімен бірін ұштастыра, бірінен бірін өрістете қолдануға да қабілетті.Жыраудың нақты бейнелер жасалған жыр-толғауларына зерделей зер салсақ, оның өзі тірлік кешіп, қалың оқиғаларының белортасында жүрген тарихи кезеңнің, сонымен бірге оның өзі етене араласқан тарихи тұлғалардың шынайы бейнелерін танимыз. Бұл жағдай қазақ халқының жеке ел болып, тарих сахнасына шыққан алғашқы кезеңіндегі өмір салтын, халықтың арман-мұратын, қастерлісі мен қасиеттісін, мадақтағаны мен мансұқтағанын жете танып-білуге мүмкіндік береді. Шалкиіз жыраудың мұндай туындыларының легін Орманбет биге, Ер Шобанға, Би Темірге қатысты жыр-толғаулары түзеді. Бұл қатардағы шығармалардан сол дәуірдің бейнесі көрінеді. Аталған жыр-толғауларды осы ретпеньқарастыруды көздегенде біз оқиғалардың болуы ықтимал уақытын ретімен келтіруді ойладық. Шалкиіз туындыларында нақтылай көрсетілетін оқиғалардың бірі – Орманбет бидің дүниеден озуы. Бізге дейін сақталып, жеткен жырдың үзіндісіне қарасақ, бұл жырда суреттелген жағдайлардың екі кезеңге бөліне бейнеленгенін байқаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет