Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу, білімнің маңыздылығы жайлы ойлары



бет56/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Ыбырай Алтынсарин шығармаларындағы оқу, білімнің маңыздылығы жайлы ойлары.Ыбырай орыс-қазақ мектептері үшін арнаулы оқу құралдарын шығару қажет деп санады. Оқыту əдістерін жаңа бағытта құрды, оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздеді, оқуды ана тілінде жүргізді. Мектеп оқуында, əсіресе, ана тіліне үйретуде К.Д.Ушинскийдің ойларына жүгінді. Қазақ балаларының таным- түсінігіне лайықты оқу-əдістемелік құралдар жазды. Ол орыс-қазақ училищесінде Ушинскийдің Балалар дүниесін, Л.Н.Толстойдың Əліппе жəне оқу құралын, Д.И.Тихомировтың Грамматиканың қарапайым Скачать курсын оқу құралы ретінде ұсындЫбырайдің пікірінше, мектептерге арналып жазылатын оқу кітаптары өзінің идеялық мазмұны жəне нақты материалдары жағынан ана тілінің жəне халық даналығының бай қазынасына негізделуге тиіс болды. 1879 ж. оның Қазақ хрестоматиясы атты оқулығы жəне дидактик. оқу мəселесі жөнінде Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы жарық көрді. Бұл екі кітап та қазақ балаларын кириллица негізінде оқытуға арналған тұңғыш оқу құралдары болды.Ыбырай - жаңа дəуірдегі қазақ əдебиетінің қалыптасуына қомақты үлес қосқан. Ол қазақ жастарын ең алдымен оқу, өнер-білім, тех-ны игеруге шақырады (Оқысаңыз, балалар, Шамнан шырақ жағылар. Тілегенің алдыннан, Іздемей-ақ табылар). Автор оқу білімнің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына мəн берді. Ал оқымаған надандарды ақын аз ғана сөзбен сынап, олардың ақ, қараны айырмайтын көрсоқыр екенін айтады (Оқымаған жүреді, Қараңғыны қармалап. Надандықтың белгісі – Еш ақылға жарымас). Оқу, білімнің пайдасы қандай, ол неге керек деген мəселеге келгенде, оның өмір ушін, болашақ үшін қажет екенін талдап көрсетеді (Ата-енең қартайса, Tipey болар бұл оқу. Қартайғанда мал тайса, Сүйеу болар бұл оқу). Жастарды өнер білім, тех-ны игеруге ундеу ақынның Өнер- білім бар жұрттар деген өлеңінде өз жалғасын тапқан. Ол өнер-білімі жетілген елдердің артықшылығы қандай, олар сол өнерімен нені игеріп отыр, ертеңгі өмірдің талап-тілектері не секілді күрделі мəселелерді жастар алдына көлденең тарту арқылы оларға ой тастап, өнер- білімге шақырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет