Абай өлеңдеріндегі рухани-адамгершілік қасиеттер және олардың адамның рухани жетілуіндегі алатын орны мен маңызы


Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мәселелер



бет57/58
Дата21.12.2022
өлшемі161,99 Kb.
#58855
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58
Байланысты:
Абай өлеңдеріндегі рухани

Ыбырай Алтынсарин шығармашылығындағы қазақтардың рухани өмірі жайлы көтерілген мәселелер. “Адамға ең бiрiншi керегi бiлiм емес, тәрбие. Тәрбиесiз бiлiмадамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өмiрiне апат әкеледi” деп ӘлФараби айтқандай, педагогика ғылымы зерттейтiн негiзгi категорияның бiрiтәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын-ала адамның рухани өмiрiнiң көптеген негiздерiн сақтайды, тәрбие алыс пен жақын адамдарға және өзiн қоршаған ортаға қатынас орнатады. Тәрбие ұлылар өсиетiн сақтата отырып, олардың адамгершiлiк құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткiзедi.
Адамгершiлiк тәрбиесi дегенiмiз – оқушылардың бойында мiнез-құлықтың белгiлi бiр сипаттарын қалыптастыру және оларға өздерiнiң бiр-бiрiне, жанұясына, басқа адамдарға, Отанға, мемлекетке деген қатынасын анықтайтын мiнез нормалары мен ережелерi.Адамгершiлiк мәдениетiн тәрбиелеу мен ізгілендіру үшiн әдебиеттiң маңызы зор. Тәрбие жүйесiндегi тиiмдiлiк көрсеткiштерiнiң бiрi бала адамгершiлiгiнiң дамуы, оның рухани-адамгершiлiк дүниесiндегi елеулi өзгерiстер болуы тиiс. Бұл факторлар балалардың кәдiмгi және күрделенген жағдайлардағы адамгершiлiк мiнезқұлықтарының тұрақты болуынан, ересектердiң сырттай бақылауынан салыстырмалы түрде тәуелсiз болуынан, өз қылықтарының адамгершiлiк салдарын болжай бiлуден, iштей бақылау сезiмiнiң – ождан, қылықтың моральдық жағын және өзiн адамгершiлiк қасиеттердiң иесi ретiнде сезiнуiнен көрiнедi. Адамгершiлiк қасиеттердiң жетiлуi – тәрбие жүйесiнiң нәтижесi және тәрбие жұмысы тиiмдiлiгiнiң негiзгi критерийi. Адамзат тарихында адамгершiлiкке байланысты пайда болған категорияларға мыналар жатады: жомарттық, батырлық, ерлiк, әдiлдiк, қарапайымдылық, кiшiпейiлдiлiк, адалдық, шыншылдық, ұяттылық, ар мен намыс, тағы басқалары. Оқушыларды адамгершiлiкке, еңбексүйгiштiкке тәрбиелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Оқушылар ой-санасын дамытуға, мiнез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге көркем әдебиет шығармаларындағы кейiпкерлердiң өмiрi мен iсәрекеттерi де үлкен әсер етедi.


1917 жылғы Ақпан революциясы. Алаш қозғалысының және «Алашорда» үкіметінің құрылу тарихы. Алаш партиясы – қазақтың тұңғыш ұлттық – демократиялық партиясы (1917-20). Қазақ зиялылары қоғамдық сұранысқа сай партия құру әрекетін 1-орыс революция жылдарында (1905-07) қолға алды. 1905 жылы соңына қарай Орал қаласында өткен қазақ облыстары өкілдерінің сиезі «Қазақ конституциялық демократиялық партиясын құру туралы» шешім қабылдады. 9 адамнан тұрған оның ОК мен бағдарламасы жөніндегі хабар «Фикер» (Пікір) газетінде жарияланды (1905, 25-желтоқсан). Орталық езгіге қарсы жалпыұлттық бас көтеру толқынында пайда болған бұл алғашқы әрекеттер саяси партия құрумен аяқталған жоқ, өйткені оған қажетті алғышарттар қалыптаса қоймаған болатын. Қазақ зиялылары тарапынан жалпыұлттық саяси партия құру әрекеті 1913 жылы тағы да бой көрсетті. М. Сералин бастаған «Айқап» журналы төңірегінде топтасқан зиялылар ең өзекті мәселелерді талқылап, белгілі бір бағдарламалық тұжырымдамаларға келу үшін жалпықазақ съезін шақыру жөнінде бастама көтерді. Бірақ қазақ даласында орнаған қатаң әскери-орталық тәртіппен есептесуге мәжбүр болған Ә. Бөкейханов мұндай әрекеттерге көшуге үзілді-кесілді қарсы шықты. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ сиезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібінде «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынды. 1917 жылғы 21-26-шілде аралығында Орынбор қаласында өткен жалпықазақ съезі қазақ саяси партиясын кұру туралы мәселе қарап, мынадай шешім қабылдайды: «Қазақ халқының өз алдында саяси партиясы болуды тиіс көріп, бұл партияның жобасын жасауды съезд «Шураи исламға» сайланған қазақ өкілдеріне тапсырды. Партияның негізгі демократиялық, федеративтік парламенттік республикаға кұрылмақ …», Партияның ұйымдық тұрғыдан құрылуы күзге, яғни бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттар сайлау науқанына тұстас келді. «Қазақ» газеті (1017, N244) бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидиттар тізімін осы партияның атынан жасауды ұсынды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ басқармасынан барлық облыстардағы қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою туралы жеделхаттар жіберілді. Алаш партиясының облыстық ұйымдары 1917 жылы қазан айынан қалыптаса бастады. Алаш жарияланған бағдарламасында Ресейдің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыранды қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялы негізде тұтас Ресей Федерациясының құрамына енбек. Әлеуметтік катынаста феодалдық аристократияны шектеу, таптық жіктелу мәселесі қойылған жоқ, керісінше жалпыұлттық мүдде ұлттық тұтастық бағытында тұрды. Бағдарламадағы ең негізгі мәселе – жер мәселесі болды. Алаш партиясының 1917 ж. күрделі үш мәселені халық арасында, казақ зиялылары ішінде ең алдымен шешілуге тиіс жалпы ұлттык зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелар бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл атқарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында («Қазақ», 1917, № 251) берілді. Екіншіден, партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен ІІ-жалпықазақ сиезін (1917, желтоқсан) даярлап өткізді. Осы сиезде Алашорда – Ұлттық Кеңес үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алашорданың мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алашорданың атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы кұрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш ең көп дауыс алған партия болды. Объективті жағдай, күрделі де қатал өмір ағымы Алаш партиясының саяси күреске білек түре араласып кеткен ірі саяси күшке айналуына мүмкіндік бермеді. Қым-киғаш Азамат соғысы тұсында ондай міндетті тек Алашорда үкіметі ғана атқара алатын еді.
«Алаш» партиясының бағдарламасы – алғаш рет 1917 жылдың қарашасында «Қазақ» газетінде жарияланған бағдарлама. Оны жасаушылар Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Е,Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев және Е.Бірімжанов. Бағдарлама мынадай тараулардан тұрды: мемлекет қалпы, жергілікті бостандық, негізгі хұқық, дін ісі, билік һәм суд, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім үйрету, жер мәселесі. Бұл бағдарлама өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан сол дәуірдегі саяси-қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыра алатын құжат екендігі байқалады. «Алаш» партиясының маңызды әрі басты құжаты, оның демократиялық, гуманистік принциптерге негізделген саяси құрылым екендігін көрсетеді. Бағдарламаның мазмұнынан Семей облыстық қазақ сиезінде көтерілген мәселелер көбірек көрініс тапқаны аңғарылады. Алашорда – Алаш автономиясының үкіметі (1917 ж. желтоқсан – 1920ж.) Алаш (немесе Ұлт кеңесі) 1917 жылы желтоқсан айының 5-13 күндері Орынборда өткен II жалпықазақ съезінде сайланды. Съездің күн тәртібіндегі он мәселенің ішіндегі ең маңыздылары Алаш автономиясын құру және оның үкіметін сайлау болды. Орынбор қаласында өткен 2-жалпы қазақ съезінде қазақ автономиясы мәселесі бойынша Халел Ғаббасовтың баяндамасын талқылап, қаулы кабылданды. Онда: «Автономия туралы Халелдің баяндамасын тексеріп, казанның аяғында Уақытша үкімет түскенін, Руссия мемлекетінде халыққа сенімді және беделді үкіметтің жоқтығын … және бұл бүлікшілік біздің казақ-қырғыздың басына келуі мүмкін деп ойлап … съезд бірауыздан қаулы қылады»




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет