Абайдың «Қара сөздеріндегі» негізгі ой желілері және оның адамгершілік пен ізгілік қағидаларымен сабақтастығы. Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, əр қайсысы өзін бірінші орынға қойып, таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дəл сипаттап, əділ сынайды. Жеке –жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басыңды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғалым. Демек Абай жүректі, яғни адам- адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нəрсе –осы айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді. Тап осы тəрізді, тағы бір үлкен адамгершілік мəселесін қозғайтын шығармасы –«Отыз алтыншы сөзі». Қара сөз туралы. Өз кезегінде ұяттан, ардан безгендерді сынай келіп, ұят жəне оның түрлерін сөз етеді. Ұяттың бір түрі – адамның балалық дəуірінде болатын табиғи құбылыста, екіншісі – жасықтық, ынжықтықпен байланысты. «Ұялмас нəрседен ұялу – ақымақтық, жамандық», - дей келіп, шын мəніндегі ұят қандай болу керек деген сұраққа жауап береді. «Ұят деген –адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөзге де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нəрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп, сөз айтқан кісінің өзінің деадамшылығы жоқ десе болар», - дейді. «Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан даұятқа үлкен мəн бергенін көреміз. Сондықтан ұлы ақынымыз Абай да бұл мəселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар-ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің бүгінгі таңда да тəрбиелік мəні зор.
Абайдың дүниетанымы және оның негізгі бағдарлары мен ерекшеліктері.Абай жəне оның дүниетанымы туралы айтқанда ой-танымының, əсіресе шығыстық-діни терең толғамдарының қалыптасуына ықпал еткен тұлғалар туралы тоқталмай кету əсте мүмкін емес. Дала дəстүрі мен халық философиясын бала жастан бойына сіңіріп, кейін медреседе оқып, тіл үйреніп, өздігінше ізденген данышпанның Шығыс пен Батысты тел еміп, адамзаттық өреге көтерілуіне, əрине оқыған кітаптары мен тəлім алған ұстаздарының тигізген əсері орасан зор болғаны анық. Абайға əсер еткен сондай тұлғаның бірі де бірегейі татар халқының ұлы перзенті Шихабеддин Маржани (1818-1889) екені белгілі. Шихабеддин Маржани Абайға жəне Алаш қозғалысының қайраткерлерімен бірге өз жалғасын тапқан жаңа тұрпаттағы ұлттық ой-танымының қалыптасуына үлкен əсер етті. Сондықтан Абай дүниетанымы мен оның дəріс алған мектебі мен ұстаздарына жүгінуге тура келеді. Абай мен Маржани арасындағы үндестікке кең тоқталған Ақжан Машанов «Әл- Фараби және Абай» атты еңбегінде: «Қарқаралыда, Семейдегi медреселерде Маржанидің тiкелей өзiнен тәлiм алған адамдар оқытқан. Абай – Семейде сол Маржани шәкiрттерiнен оқығандардың бiрi. Абай еңбектерiнде Маржанидің қозғаған мәселелерi көп кездесетiндiгi осыдан», деп көрсетедi. Рас сөз. Маржанидің үздік шәкірттерінің бірі Кашафеддин бин Шаһимардан (Шаһмарданұлы) өмірінің соңына дейін Қарқаралыда имам әрі медресе мұғалімі болып бала оқытқан. Сол арқылы Маржани идеяларының қазақ даласына кең тарауына сеп болған. Абай өзінің дуниетанымДЫҚ көзқарасында дүниенің обьективтік заңдылығын мойындайды, дүние мен адамзат қоғамы бір қалыпты тұрмай өзгеріп отырады деп қорытты. Бұл жөнінде Абай былай тұжырымдайды: Дүние үлкен көл, заман - соккан жел. Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын – інілер, кезектене бөлінер, баяғыдай көрінер, - дейді. Абайды адам неден тұрады? Оның тәні мен жаны қалай қабысады?, - деген сияқты адам проблемасы қатты ойландырғанын байқаймыз.