Абай шығармаларының әлеуметтік лирикасы



бет2/4
Дата24.11.2023
өлшемі36,75 Kb.
#125576
1   2   3   4
Қорлық пен мазағына табынса да»
- деп, кәдімгі адамға тән шынайы асыл, аяулы қасиетті шыншыл жырға айналдырады.
Махаббат жырларының ішіндегі Абайдың Ұлылығын, асқан талантын танытқан Пушкиннен аударған «Евгений Онегиннің» үзінділері. Мұнда Абай жай аудармашы емес. Алдымен, өлеңмен жазылған ұзақ романның өз ақындық мұратына керек жерін ғана тандап алады. Пушкин - Абайдың үлгілі ұстазы. Бірақ, оның «Тәңірі қосқан жар едің сен...»«Таңғажайып бұл қалай хат...»,«Амал жоқ қайттым білдірмей...»,«Хупбілемін, сізге жақпас...» сияқты роман ұзінділерін аударған уақытта тек Пушкиннің ғана ықпалында, мәнер-машығында, өлең шеңберінде қалып, буынын санап отырмайды. И. А. Крыловты не М. Ю. Лермонтовты аударуындағы кейбір дәлшілдік әдетті мұнда қолданбайды. Әдейі қолданбайды. Өзінше жырлап, Пушкин арнасынан шығып кетіп отырады. Тақырыпты Пушкинмен қатарласа, жарыса баяндайды. Соның нәтижесінде Абай бұл аудармасын өз өлеңдерінің нұсқасындай, өз оқырмандарының тұсінігіне лайықтап шығарған. Осы арқылы қазақ қыздарына Пушкиннің Татьянасын үлгі етіп ұсынып, тoзығы жеткен феодал қоғамдағы әйелді әлсіз, кем тұтар кеселді көзқарасқа біржола үкім айтып, ескіліктің торын бұзып, орнын талқаңдайды. Екінші жағынан, қазақ жігіттеріне«әйел де өзіңдей тең праволы досың» деген өсиетін айтып, Онегиннің тағдырын Пушкинше қалдырмай, оны ажал аузына апарып, оқырманды содан сақтандырады.
Мінезіне, қылығына қарағанда жаза-кесімі, бар үкімі осы деп, Онегинді мысқылмен мінеп, түйреп тоқтаған Пушкиннен белек барып, оның қолына өзін-өзі ату үшін пистолет үсынады: «Атам, анам, қара жер Сен аша бер қойныңды, Сенен басқа еш жерден Таба алмадым орнымды...» Татьянаның «Амал жоқ қайттым білдірмей» деп басталатын оның жан сыры, ішкі толқыны түп нұсқадағы биік дәрежесінен ешбір кемімей, қазақ оқыр- манына тұңғиық терең сыр болып шертіліп, түгел жеткен:
«Шыныңды айт, кімсің тербеткен,
Иембісің сақтаушы?
Әлде азғырып әуре еткен,
Жаумысың теуіп, таптаушы?
Шеш көңлімнің жұмбағын,
Әлде бәрі - алданыс.
Жас жұрек жайып саусағын,

Талпынған шығар айға алыс...»
Осыны аудару үстінде ақынның өзі де самғап, биік шығандап, поэзия шыңына шыққан. Асқақтап, серпіле көтерілген. Қазақ әдебиетіндегі өзіне дейінгі өлең сөздерден мүлде қара үзіп, ілгері кеткен. Бүкіл дүниежүзілік әдебиеттің үлгілі өрнегі - классик, поэзияның сан дыбысты, сырлы, сиқырлы симфониясына өз үнін қосып, өзгеден ерекше өзіне тән ғажайып сұлу үнін қосып, майда қоңыр саз тапқан. Кемеліне келе есейген. «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Саусақ адам бапасында ғана бар. Жүректе саусақ бола ма? Жүрек саусақ жайып, алыс кектегі айға қалай талпынар? Ол көздегі қазақ ұғымында осы бар ма еді? Байырғы қазақ поэзиясына осылай шығандау тән бе еді? Бірақ: «Жас жұрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс...» Осыны тұсінбеуге, ұқпауға бола ма? Жоқ. Данышпан ақынның отты, әсерлі лирикасы бұл терең сырға оқырманын тебіренте тұсіндіреді: мың құбылған нәзік сезім ырғағы, жүрек дүрсілі, жан толқыны. Өлендегі сөз мүлде соны, жап-жаңа, тың. Бірақ тосын деп жатырқау былай тұрсын, алған әсер, ұққан сырды бір сәтке баса алмай, қызыға, қызғана оқисың. Кінәсіз таза жанды жас сұлудың мың құбылған нәзік сезім ырғағын, жүрек лүпілін, жан толқынын терең ұғасың.
Міне, Абайдың ақындық шеберлігін жетілдіруде Пушкиннің ұстаздық үлгісі осындай. Бүдан былай Абайдың осы тақырыптағы өлеңдерінің бейнесі бұрынғыларына мүлде үқсамайды... Абайдың табиғат лирикасы өз алдына бір сала. Табиғат «адам өмір сүрер, тіршілік етер орта. Онсыз өмір жоқ... Міне, осы табиғат көріністерін, оған бөлеңген қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс халді суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған және қазақ әдебиетінде Абайдан бүрын табиғат көрінісін мүншалық шебер, мүншалық терең Һәм жан-жақты жырлаған ақын болған емес. Абайдың бұл тақырыпта жазған лирикасында да ақындық эволюциясы - шығармашылық түлеу жолының көзең-көзеңдері жатыр. Табиғат лирикасы - Абайдың ұлы талантын, биік мәдениетін танытатын өлеңдер. Әсіресе, жылдың төрт мөзгілі туралы жазылған өлеңдері бейнеті мен зейнеті мол мал баққан шаруаны, құты мен жұты аралас аумалы-төкпелі кұй кешкен көшпелі ауылды, сол дәуірдегі қоғамдық қарым-қатынастың әр алуан белгілерін анық, қанық бояумен көрсететін, өз заманының айнасы боларлық сұлу шығармалар. Абай - асқан реалист ақын. Оның табиғат жырларынан уақыттың әлдеқалай жылы, айы емес, өзі өмір сүрген заманжайы, сол заманда тіршілік кешкен адам жайы айқын керініс табады. Абайдың табиғат лирикасын оқығанда оқырманның көз алдына сұлық тұсіп сұлапжатқан, құлазыған белбелесті шетсіз, шексіз маңдаланың жалаңкеріністері ғана жайылмайды, даладағы өзгеше өмір қайта- ланбас сыр-сипатымен тұтас суреттеледі.
«Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек
Үзарып, өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда,
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтыдцап,
Ат, айғырлар, биөлер
Бүйірі шығып, ыңқыддап,
Суда түрып шыбыңцап,



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет