«Абай-теңіз, біз-тамшы» атты А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кештің сценарийі
Хабарлаусыз ортаға оқушылар шығады.
1.Абай есімі – қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруының, қоғамның озық күштерінің өркениеттілікке ұмтылысы мен әлеуметтік әділдіктің символы. (Зәки Ахметов) Алазиз
2. Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді.... Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист тұлғалардың далалық бауырласы екенін танытты.
Шыңғыс Айтматов Назгул
3. Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы, ерінбе,
Адалдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге
(Сұлтанмахмұт Торайғыров) Айша
4.«Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы – соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» Ахмет Байтұрсынұлы Рахат
5. Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс. Нұрсұлтан Назарбаев Нұриман
6. Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы - заман тынысы, халық үні. Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып, жаңғырып, жаңа өріс алып тұр. Мұхтар Әуезов Айқын
7. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш - Абай сөзі, Абай аты боларға керек...Ең жоғары, ардақты орын - Абайдікі. Міржақып Дулатов Әсел
1-жүргізуші:
-Қайырлы күн, құрметті оқушылар, ұстаздар қауымы.
Бүгінгі кемеңгер ойшыл, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер.
2-жүргізуші:
Жүрегіңнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма,-
деп ақынның өзі айтқандай, «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп», тар жол, тайғақ кешу өмір кешкен, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде де, ел мұңдарын «асау жүрегінен» ағыта, шабытты жыр ғып төккен алып Абай атамыз туралы әдеби-танымдық кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп тұрмыз. Абайдың суретін көрген ол:
1- жүргізуші:
Мына тұрған Абайдың суреті ме?
Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.
Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған
Өр Абайдың төтеген кім бетіне? –
деп айтқан екен. (портрет) Абай бейнесі суретімен де, ақындығымен де мәңгі жадымызда сақталуы тиіс.
Абайдың әні «Көзімнің қарасы» хор.
Б.Айдана
М.Адема
Ж.Назгүл
И.Жансель
Б.Айдана
1-жүргізуші: Абай атамыз туралы қысқаша мәлімет алу үшін Мұстахим мен Ерасылды ортаға шақырамыз.
- Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Семей өңірінің қазіргі Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. Абайдың шын аты Ибраһим. Әжесі еркелетіп «Абай» деп атап кеткен. Абайдың ата-тегі, тәрбиеленіп шыққан ортасы Тобықтының шынжыр балақ, шұбар төс, ауқатты отбасы болған. Әкесі Құнанбай аға сұлтан, болыс болса, аталары Өскенбай, Ырғызбай атақты, әйгілі билер болған. Болашақ ақын жас кезінен өлең, әңгімеге әуес болып, әжесі Зере мен анасы Ұлжан аңыз- әңгімелерін барлық ынтасымен тыңдайтын. Ауыл молдасынан арабша сауат ашқан Абайды әкесі он екі жасында Семейге оқуға жібереді. Абай Ахмет- Ризаның медресесінде оқыды. Медреседе араб, парсы тілдерін жақсы меңгереді. Шығыс ақындары Низами, Сағди, Фзули, Хафиз шығармаларымен танысады. Медреседе оқып жүріп, үш ай «Приходская школада» орысша оқиды.
Хабарлаусыз ортаға оқушылар шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |