«Абай-теңіз, біз-тамшы» атты А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кештің сценарийі



бет3/9
Дата05.04.2022
өлшемі31,6 Kb.
#29915
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9
2- жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, -
деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге жол алып келеді.
Әрине, Абай атамыз туралы айта беру артық емес. Бір қарағанда таныс тақырып, таныс бейне секілденгенмен, ол туралы білетініміз тым аз - ау. Ұлылықтың сырына қанық болғымыз келсе, даралықтың қандай болатынын ұғынғымыз келсе, дана Абай әлемін шарлап қайталық, құрметті халайық! Кешіміздің бірінші бөлімі «Адамның кейбір кездері» деп аталады. Абай лирикасын танытуды көздеген оқушыларды ортаға шақырайық.
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды, ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді, тілі орамды,
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Бұл сөзді тасыр ұқпас, талапты ұғар,
Көңілінің көзі ашық, сергек үшін.

Түзу кел, қисық-қыңыр, қырын келмей,


Сыртын танып іс бітпес, сырын көрмей.
Шу дегенде құлағың тосаңсиды.
Өскен соң мұндай сөзді бұрын көрмей.
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай,
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей.

Өлеңі бар өнерлі інім, сізге


Жалынамын, мұндай сөз айтпа бізге.
Өзге түгіл өзіңе пайдасы жоқ,
Есіл өнер қор болып кетер түзге.
Сәнқой, даңғой, ойнасшы, керім-кербез,
Қанша қызық болады өзіңізге?
Б.Ерасыл 5 е-сынып
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы,


Ол - ақынның білімсіз бишарасы.
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан,
Бұл жұрттың сөз танымас бір парасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар таңдамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын
Қазақтың келістірер қай баласы?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет