«Абай-теңіз, біз-тамшы» атты А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кештің сценарийі



бет2/9
Дата05.04.2022
өлшемі31,6 Kb.
#29915
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жетінші Сөз

Дарина

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады. Біреуі — ішсем, жесем, ұйықтасам деп түрады. Бұлар — тəннің құмары, бұлар болмаса, тəн жанға қонақ үй бола алмайды, һəм өзі өспейді; қуат таппайды. Біреуі білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дəмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бəрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бəрі — жан құмары, білсем екен, көрсем екен; үйренсем екен деген.



Аружан

Дүниенің көрінген һəм көрінбеген сырын түгелдеп, ең болмаса денелеп білмесе, адамдықтың орны болмайды. Оны білмеген соң ол жан адам жаны болмай, хайуан жаны болады. Əзелде Құдай Тағала хайуанның жанынан адамның жанын ірі жаратқан, сол əсерін көрсетіп жаратқаны. Сол қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол немене?» деп, бір нəрсені сұрап білсем екен дегенде, ұйқы, тамақ та есімізден шығып кететұғын құмарымызды, ержеткен соң, ақыл кіргенде, орнын тауып ізденіп, кісісін тауып сұранып, ғылым тапқандардың жолына неге салмайды екеміз?



Ернар

Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді. Тəннен жан артық еді, тəнді жанға бас ұрғызса керек еді. Жоқ, біз олай қылмадық, ұзақтай шулап, қарғадай барқылдап, ауылдағы боқтықтан ұзамадық, жан бізді жас күнімізде билеп жүр екен. Ержеткен соң, күш енген соң, оған билетпедік. Жанды тəнге бас ұргыздық, еш нəрсеге көңілменен қарамадық, көзбен қарамадық, көңіл айтып тұрса сенбедік. Кезбен көрген нəрсенің де сыртын көргенге-ақ тойдық. Сырын қалай болады деп көңілге салмадық оны білмеген кісінің несі кетіпті дейміз.

Біреу айтса да, ұқпаймыз. Біреу ақыл айтса: «Өз білгенің — өзіңе, өз білгенім — өзіме», «кісі ақылымен бай болғанша, өз ақылыңмен жарлы бол» деген дейміз, артығын білмейміз, айтып тұрса ұқпаймыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет