«Абай-теңіз, біз-тамшы» атты А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған әдеби-сазды кештің сценарийі



бет8/9
Дата05.04.2022
өлшемі31,6 Kb.
#29915
түріСценарий
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Абай 2020

Мендешова Адема 5 в
Жаздыкүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда;
Күркіреп жатқан өзенге,
Көшіп ауыл қонғанда;
Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап,
Ат, айғырлар, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап,
Суда тұрып шыбындап,
Құйрығымен шылпылдап,
Арасында құлын-тай
Айнала шауып бұлтылдап.
Жоғары-төмен үйрек, қаз
Ұшып тұрса сымпылдап.
Қыз-келіншек үй тігер,
Бұрала басып былқылдап,
Ақ білегін сыбанып,
Әзілдесіп сыңқылдап.
Мал ішінен айналып,
Көңілі жақсы жайланып,
Бай да келер ауылға,
Аяңшылы жылпылдап;
Сабадан қымыз құйдырып,
Ортасына қойдырып,
Жасы үлкендер бір бөлек
Кеңесіп, күліп сылқылдап.

И.Жансель 5 в
1-жүргізуші:

- Абай ізінің кіршіксіз ақ жүрегін тербеткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетінен әр жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жарқын леп еседі. Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды Абай –лебі, Абай - үні, ана тынысы - заман тынысы, халық үні. Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
2-жүргізуші:

Талап қыл артық білуге,

Артық ғылым кітапта.

Ерінбей оқып көруге, - деп Абай атамыздың өзі жырлағандай ақын үшін білім – басты құндылық. Абай арнаулы білім алып жарытпаса да, ғұмырының әр күнін ізденіске, шығармашылыққа, сезімталдыққа арнады. Қолын мезгілінен кеш сермеген ұлы ақын, жастардың білім алып, саналы азаматтар қатарынан көрінуін қалайды. Оқыған адам ғана жан-жағынан ерекшеленіп, озатынын сезген ақынның бүгін де арман-тілегі орындалуда. Тәуелсіздік ұрпақтары білім теңізіне толықтай қанаттарын жайды. Ендеше Абай заманындағы білім-ғылымды қазіргімен ұштастыру үшін 5 г сынып оқушыларын шақырамыз.


Интернатта оқып жүр
Талай қазақ баласы –
Жаңа өспірім, көкөрім,
Бейне қолдың саласы.
Балам закон білді деп,
Қуанар ата-анасы,
Ойында жоқ олардың
Шариғатқа шаласы.
Орыс тілі, жазуы –
Білсем деген таласы.
Прошение жазуға
Тырысар, келсе шамасы.
Ынсапсызға не керек
Істің ақ пен қарасы?
Нан таппаймыз демейді,
Бүлінсе елдің арасы.
Иждиһатсыз, михнатсыз
Табылмас ғылым сарасы.
Аз білгенін көпсінсе,
Көп қазаққа епсінсе,
Кімге тиер панасы?
Орыс теріс айтпайды,
Жаман бол деп оларды.
Қаны бұзық өзі ойлар
Қу менен сұм боларды,
Орыста қалар жаласы.
Бұл іске кім виноват:
Я Семейдің қаласы,
Я қазақтың аласы?
Ойында жоқ бірінің
Салтыков пен Толстой,
Я тілмаш, я адвокат
Болсам деген бәрінде ой,
Көңілінде жоқ санасы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет