Абайдың аудармалары


Н.Хикмет шығармашылығы



бет21/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55
81

Н.Хикмет шығармашылығы
Назым Хикмет Ран (20. 1.1902, Салоники – 3.6. 1963, Мәскеу) – түрік жазушысы, қоғам қайраткері.

Мәскеудегі Шығыс университетінде оқыған (1921 – 24). [1]


Алғашқы жинағы [2] "Күн жұтқандар жыры]]” Бакуде жарық көрді (1928). Ол бұл кезеңдердегі өлеңдерінде көбіне ерлік пен батырлықты дәріптеді.“835 жол өлең” (1929), “Варан – 3” [3](1930), "1+1=1" (1930), “Дауысын жоғалтқан қала” (1931) атты өлеңдер жинағында түрік халқының ауыр тұрмысын суреттеді. Ал “Джиоконда және Си-Я-у” (1929) поэмасы мен “Бенерджи өзін-өзі неге өлтірді?” (1932) атты өлеңмен жазылған романында Азия мен Африкадағы [4]отаршылдықты сынады. “Қу бас” (1932), “Өліктің үйі” (1932), “Ұмытылған адам” (1935) пьесаларында адамдардың қоғамдағы рөлі туралы жазды. “Түнде келген телеграмма” (1932) өлеңдер жинағында түрік халқын демократияжолындағы күресте табандылыққа шақырды. “Портреттер” (1935) жинағы мен “Таранта Бабуға хаттар” (1935) поэмасында, “Неміс фашизмі және нәсілшілдік” (1936) атты еңбегінде фашизмді және оны қолдаушы түрік ұлтшылдарын сынға алды. 1938 жылы ол 28 жылға сотталып, 17 жыл түрмеде отырды. Абақтыда “Адам панорамасы” тарихи дастанын, “Түрмеден жазылған хаттар” атты өлеңдер топтамасын, “Махаббат туралы аңыз”, “Жүсіп – Зылиха]” пьесаларын жазды. 

Оның сценарийі бойынша “Бір кварталдан шыққан екеу” (1957), “Іңкәр бұлттар” (1959), “Шаңырағың шайқалмасын” (1963) атты кинофильмдер түсірілді. “Махаббат туралы аңыз” [5] атты балет қойылды. Назым Хикмет Ран өлеңдері көптеген тілдерге аударылды. Оның пьесалары Еуропа, Америка, Азия елдерінің театрларында сахналанды. Қазақ тілінде “Өлеңдер” (1952), “Өлеңдер мен дастандар” (1958), “Махаббат туралы аңыз” (1974) атты кітаптары жарық көрді. “Фархад – Шырын” [6] пьесасы қазақ театрлары сахнасында қойылды. 


Назым Хикмет Ран Халықар. Бейбітшілік сыйл-ның иегері (1950).



82



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет