Б.Момышұлы шығармаларындағы қазақ жауынгерлерінің бейнесі
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы Жамбыл облысы, Жуалы ауданында қарапайым отбасында дүниеге келген. Әкесі- Момыш, шешесі- Рәзия. Әкесі жаны жомарт, көзі ашық, көкірегі ояу кісі. Отбасыларында 4 қыздан кейін әкесі Момыш елуді еңсерген шағында Бауыржан дүниеге келіпті. Тәуіржан деген інісі бір жасында қайтыс болған. Әкесінен аздап хат таныған Бауыржан көрші Евгеньевка ауылындығы орыс мектебінде бір жыл оқып, келесі жылы Жамбыл қаласына келіп, бастауыш мектепті бітіреді.
1921 жылы Шымкенттегі жетіжылдық мектепке түсіп, 1928 жылы бітіреді. Жиырма жастан сәл асқан кезде ол міндетті әскери қызметке шақырылып, өзінің бүкіл болашағын Қызыл Армиямен мәңгілікке байланыстырды.
Жауынгерлік тәрбие беретін-Тырнақтап жина әр жерден, Ескертпе
Алдым, құрбым, сізден жылы хат бүгін, Әскер аты , Қайран сегіз
Жауынгердің тұлғасы әңгімесі мазмұны мен сипаты, қозғалған мәселелерінің ауқымы жағынан қомақты шығарма «Қанмен жазылған кітап» жинағынан алынған үзінді. Автор мұнда жауынгерлердің психологиясына терең бойлап, ойлы тұжырым жасап, жауынгерлерге, майдандас достарына сипаттама беріп, жас буынды тарихи тұлғаларды құрметтеуге, батылдыққа, ерлікке, Отансүйгіштікке, елжандылыққа, парасаттылыққа, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке үндейді.
Москва үшін шайқас — Бауыржан Момышұлының жазған кітабы. Шығармада Бауыржан Момышұлының соғыс кезінде бастан кешкен оқиғалары баяндалады. Кітаптың 368 беті бар. ISBN 5605017942 [1]. Бұл кітаптың сюжеті желісімен Қазақфильм Ел басына күн тусафильмін шығарған.
«Қанмен жазылған кітап» («Соғыс психологиясы») — Бауыржан Момышұлыныңсоғыс кезінде Қазақ ССР Ғылым академиясынакеліп, таңдаулы ғалым, жазушы, өнер адамдарына оқыған лекциялары.
Қанатты сөздері:
Опасызда Отан жоқ,
Отанда опасызға орын жоқ.
Тәртіпке бас иген құл болмайды!
Отаның үшін отқа түс — күймейсің
Ептілік пен ерлік —
Ерге тән қасиет.
Елім деп езіліп, жұртым деп жұмылып,
елге қызмет ет.
|