Абайдың аудармалары



бет46/55
Дата19.12.2022
өлшемі0,61 Mb.
#58267
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55
111. С.Сейфуллин лирикасы.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы бұрынғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының І-ші ауылында (қазіргі Қарғанды облысының Жаңаарқа ауданы) туған. Сәкеннің әкесі Сейфолла орта шарулы өз еңбегімен күн көрген дам болған. Сәкен өзі: «Әкем саятшы, аң аулағыш, домбырашы, ақ жарқын адам, шешем әңгімеші еді», - дейді. Сәкен жасынан ел ішінде ақын-жыршылардың, әншілердің өлең-жырларын қызыға тыңдап, соған құмартып өскен.
Сәкен әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. 1905 жылы ол Нілді мыс қорыту зауытына келіп, кісі қолында жұмыс істеп жүріп, орысша үйренеді. Келесі жылы (1906) осындағы орыс-қазақ мектебіне түсіп, екі жылдай оқиды. 1905 жылы желтоқсанда болған Нілді мыс қорыту зауытындағы жұмысшылардың патша өкіметіне қарсы ереуілін көреді. Жұмысшылар ереуіл кезінде жалақыны арттыруды, еңбек пен жұмыс жағдайларын жақсартуды талап етеді. Жұмысшылар ереуілі болашақ жазушының ой дүниесінде із қалдырады.
1908 жылы С.Сейфуллин Ақмола (қазіргі Астана) қаласына барып, Приходская школаға түсіп оқиды. Онда екі жыл оқып, кейін үш сыныптық училищеге түседі. Мұны ол 1913 жылы бітіреді. Бұл жылдары Сәкен орысша білімін жетілдіре түсіп, орыс әдебиеті кітаптарымен танысады. Алыс аудандардан келіп оқып жатқан қазақ балаларына біраз уақыт орыс тілінен сабақ та береді.
1913-1916 жылдары С.Сейфуллин Омбы қаласындағы оқытушылар семинариясында оқиды. Бұл кезде болашақ ақынның саяси-қоғамдық көзқарасы қалыптаса бастайды. Ол қараңғы халық ішіне мәдениет тарату мақсатын көздейтін «Бірлік» атты үйірмесінің жұмысына белсене қатысады. Үйірме мүшелері саясат мәселелеріне де араласып отырған.
1916 жылы жазда Ақмола маңында халықтың патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісін қарсы алады. Көтерілісті қуаттап өлең жазады. Сол жылы күзден 1917 жылдың ақпанына дейін ол Ақмола уезіндегі Сілеті-Бұғылы деген жерде ауылдық мектепте мұғалім болып қызмет істейді.
С.Сейфуллин қазақ әдебиеті нұсқаларын жинаушы және зерттеуші есебінде де елеулі қызмет атқарады. Орта және жоғары мектепке арнап әдебиеттен оқулықтар жазуға қатысты.
ХХ ғасырдың І жартысындағы қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, С.Сейфуллин кеңес әдебиетінің іргетасын қаласқан көшбасшы қаламгер. Алғашқы жинағы «Өткен күндер» 1914 жылы жарық көрді.Алғашқы өлеңдерінің демократтық, ағартушылық сарындар және оның Абай дәстүрімен жалғастығы айқын көрінеді. С.Сейфуллиннің «Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағында жаңа заман, зымыран уақыт тынысы асау тұпар образы арқылы бейнеленеді. Оның өзіне тән ақындық стилі де осы кезде қалыптаса бастады.
С.Сейфуллин төңкеріске белсене араласты. Сол кезеңдегі көңіл-күйі, сезім құбылыстары «Асығып тез аттандық», «Кел, жігіттер», Жас қазақ марсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», Біз» және т.б. өлеңдерінде кең көрініс тапты. Уақыт өте келе Сәкен поэзиясы тақырып, жанр жағынан байи түсіп, ол өз туындыларында еңбек адамының сүйкімді бейнесін қоғамның тыныс-тіршілігімен байланыстыра суреттеді. «Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», Бұлшық ет», Маржан», «Біздің Сәуле» өлеңдерінде еңбек адамдары дәріптеледі. Ақын поэзиясында махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикасы айрықша орын алады. Осы тақырып «Күз», Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шейіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталған. Сәкен «Қаралы күн», «Қайғылы хабар», «Қызыл жұлдыз» өлеңдерінде сол заманның идеологиясына орай Ленин образын бейнеледі. «Альбатрос» поэмасы да кеңестік идеологияның ықпалымен жазылды. Ақын поэмаларының ішінде өршіл романтикалық махаббат сарынымен жазылған «Аққудың айырылуы», «Лашын әңгімесі» туындыларының орны бөлек. «Советстан» поэмасында ақын өмір құбылыстарына таптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаң үгіт-насихатқа ұрынған. «Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіреді. Поэмадағы Қызыл ат еңбекші шаруаның образы. Дастанда ақын бейнесі де сәтті сомдалған. Атты сипаттауда Сәкеннің өзіндік жаңалығы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет