Қорытынды
Абай дін насихатшысы емес, Алланы танытушы, хикметін зерттеуші хакім. Бұл ретте академик Ғарифолла Есімнің: «Қазақ топырағында Абайға дейін Алланы тану, яғни теология мәселесімен арнайы шұғылданған ойшыл болмаған. Өзін сопылармыз деп атаған тақуалар (әулиелер) де «Алла бір, пайғамбар хақ» дегеннен аспаған» деп мәлімдеуі орынды.
Қорыта келгенде, Абайдың діні деген таусылмайтын терең тақырып. Біздің көзіміз жеткен екі анық бар: біріншісі – Абайдың діни көзқарастары бүгінгі жаһандану дәуірінде адастырмас бағдаршам есепті. Олар зайырлы қоғамға ауадай қажетті сенушілік пен жаңаша діндарлықтың іргетасы. Екіншісі – Мұхаң паш еткен: «Абайдың діні – сыншыл ақылдың, адамгершіліктің діні» деген тұғырлы тұжырым ешқашанда ескірмек емес.
Пайдаланылған интернет ресурстары:
Есім Ғ. Дін философиясы, оқу құралы, Алматы «Қазақ университеті» 2018 ж
Есім Ғ. Абай туралы философиялық трактат.Алматы. Қазақ университеті, 2004 ж
Абай. Өлеңдер мен аудармалар. Поэмалар. Қара сөздер. –«Жазушы» баспа үйі, 1995 ж.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. 2 том. Алматы, «Ғылым» - 1977.
Абай (Ибраһим) Құнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Бірінші том. Алматы, «Жазушы» - 1986. https://abai.kz/index.php/post/40531
https://kazislam.kz/abajdy-namazy/
https://muzbalaq.kz/92161/
Достарыңызбен бөлісу: |