Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет54/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71
8.3 Жоғарғы оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу 
Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстары төмендегі 
көрсетілген мақсатта жүргізіледі: 
- теориялық мәселелерді әзірлеу; 
- ең өзекті әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу; 
- оқулықтар мен оқу құралдарын жасау; 
- магистратура мен докторантура бойынша ғылыми және ғылыми-
педагогикалық кадрларды даярлау; 
- ғылыми-әдістемелік сипаттағы зерттеу жұмыстарын орындау. 
ЖОО-да ғылыми зерттеулерді әр түрлі бөлімшелер жүзеге асырады: 
- ғылыми-зерттеу институттары (ҒЗИ); 
- ғылыми орталықтар; 
- ғылыми-зерттеу бөлімшелері; 
- конструкторлық бюро (КБ); 
- зертханалар; 
- тәжірибелі станциялар және т.б. 
Зерттеу жұмыстарын әзірлеуге ғылыми студенттік қоғамдар, факультеттер 
мен институттардың қоғамдық бөлімі, сонымен қатар оқытушылар
докторанттар, студенттер қатысады. Жоғары оқу орнының (факультеттің) бір 
немесе бірнеше ұқсас пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын тікелей жүзеге асыратын негізгі бөлімшесі - кафедра болып 
табылады. Оның құзыреті мен кафедралардың профессор-оқытушылар 
құрамының мәртебесі нақты анықталған және құқықтық актілерде бекітілген 
түрдеболады.


100 
ЖОО-да оқу-әдістемелік және тәрбие мәселелерімен қатар академиялық 
институттардың кеңестеріне ұқсас ғылыми-зерттеу сипатындағы барлық 
мәселелерді қарастырып, талқылайтын факультеттің Ғылыми Кеңесі де 
маңызды рөл атқарады. Жоғары оқу орнындағы ғылыми-зерттеу жұмысына 
жалпы басшылықты Ректор жүзеге асырады, ол кеңейтілген Ғылыми Кеңесте 
бес жылдық мерзімге сайланады. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарындағы 
зерттеу бөлімшелерінің жұмысын ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, 
факультет декандары, кафедра меңгерушілері, ҒЗИ және КБ, тәжірибелік-
эксперимент 
зауыттарының, 
қорықтардың, 
ботаникалық 
бақтардың 
директорлары, проблемалық және салалық зертханалардың меңгерушілері және 
т.б. басқарады. 
Еліміздегі ғылыми зерттеулердің көп бөлігі жоғары оқу орындарында 
орындалады. Осы мақсатта ғылыми зерттеулерді орындауға жоғарғы мектептің 
негізгі ғылыми негізін құрайтын профессорлық – оқытушылар құрамы кең 
көлемде тартылады. Ғылыми зерттеулерді орындау әрбір оқытушының жеке 
жоспарына енгізіледі және мемлекеттік бюджет арқылы қаражатпен және 
зертханалық құралдарымен қамтамасыз етіледі.
Ғылыми бағыттың дамуы үшін үлкен әсерін тигізетін жоғары 
оқуорындарында ғылыми мекемелер - проблемалық ғылыми-зерттеу 
лабораториялары ұйымдастырылады, ал кей жағдайларда жекелеген ғылыми-
зерттеу институттары құрылады. Проблемалық лабораториялар мен ғылыми-
зерттеу 
институттары 
үшін 
ғылыми-техникалық 
қызметкерлердің 
арнайы құрамы бөлінеді.Кафедраларда, ғылыми зертханаларда және ғылыми-
зерттеу институттарында негізінен бастапқы және ізденушілік тақырыптар 
жасалады. Қолданбалы зерттеулерді ережеге сәйкес қосымша жұмыс 
уақытында (алты сағаттық жұмыс күнінің сыртында) қосымша ақы төлеу 
негізінде профессорлар мен оқытушылар орындайды.
Кафедраларзерттеулерді орындау үшін шаруашылық келісім-шарт 
негізінде белгіленген шектен тыс қосымша штат қызметкерлерін тартуға 
құқылы, яғни оқу-көмекші тұлғалар, магистранттар мен студенттер. 
Кафедралардағы, 
ғылыми 
мекемелердегі, 
жоғары 
білікті 
ғалымдар 
жетекшілігіндегі барынша дарынды студенттерді ЖОО-да қалдыру – халық 
шаруашылығы саласында жоғарғы ғылыми беделі бар ғылыми мектеп 
қалыптастыруға жақсы жағдай туғызады. «Тағамдық биотехнология» 
кафедрасы студенттерді тәжірибелік тағылымдамадан өткізу мақсатында 
бірнеше кәсіпорындар мен ғылыми зерттеу институттарымен келісім шарт 
жасаған. Оларға мысал ретінде кейбіреулері жайлы мәліметтер төменде 
берілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет