105
9.2 ЖОО оқытушыларының тағылымдамадан өтуі.
Жоғары оқу орындарының оқытушыларын, бірінші кезекте бейінді
пәндерді практикалық даярлауды жақсарту
мақсатында оқытушылардың
алдыңғы қатарлы кәсіпорындарда, ұйымдар мен ғылыми мекемелерде бір
жылға дейінгі мерзімге жұмыстан босатылып, бірақ орташа жалақысы сақтала
отырып,
тағылымдамадан
өтуі
жүзеге
асырылады.Ереже
ғылыми-
педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау саласындағы қызметті
реттейді және Қазақстанның барлық жоғары
оқу орындары мен ғылыми
мекемелері үшін олардың бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан
міндетті болып табылады. Магистратура және докторантура жоғары білікті
ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды даярлау бөлімдері болып
табылады.
Квалификацияны (біліктілікті) өсіру - ғылыми-техникалық
төңкерістің
жаңа заманғы жағдайларында өте маңызды міндет соңғы ғылыми, техника мен
мәдениет жетістіктері нәтижелері бойынша мамандар білімін жүйелі
толықтыру болып табылады. Осы мақсатпен біздің елде негізінен
министірліктерге бағынышты, жоғары оку орындарында, квалификацины өсіру
институттарында жоғары квалификациялы халық шаруашылығы мамандары,
профессорлар мен ЖОО-ның оқытушылары сабақ береді.
Кей жағдайларда әлі сәйкес мамандықтар орныға қоймаған ғылым мен
техниканың жаңа бағыттары бойынша тез арада мамандар дайындауды жүзеге
асыру қажет болады. Осы мақсатта негізінен басты оқу орындарында ғылыми
мектеп базасында күндізгі және кешкі оқу түрімен он айдан екі жылға дейінгі
мерзімде арнайы факультеттер ұйымдастырылады.
Мұндай факультеттерге
дәріс тыңдаушыларды аталған бағыт бойынша мамандар алуға қызығушылық
танытқан ұйымдар жіберіп отырады.
Достарыңызбен бөлісу: