Абдигалиева т. Б



Pdf көрінісі
бет55/71
Дата12.12.2022
өлшемі1,65 Mb.
#56730
түріБағдарламасы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71
Микробиология және вирусология институты (сурет 7.1) – ҚР Білім және 
ғылым министрлігі қарамағында 1956 жылы құрылған. Институт 
микробиология және вирусологияның мәселелерін, микроорганизмдер мен 
вирустар тіршілігінің заңдылықтарын зерттеп, оның қорытындыларын халық 
шаруашылығы мен денсаулық сақтау саласында кеңінен қолданумен 
шұғылданады. Институтта ғылыми -зерттеу жұмыстары төрт бағытта 


101 
жүргізіледі: микроорганизмдер физиологиясы – микроорганизмдердегі зат 
алмасуды, микроб тектес заттардың физиологиялық белсенділігіндегі 
биосинтетиктер заңдылықтарды зерттеу және микробиологиясының жаңа 
технологиясын жасау; микроорганизмдер мен вирустар генетикасы мен 
селекциясы – микроорганизмдердің табиғи және қолдан жасалған өзгерістерін 
зерттеп, 
эксперименттік 
мутагенез 
және 
халық 
шаруашылығында 
қолданылатын 
микроорганизмдердің 
пайдалы 
қасиеттерін 
күшейту; 
микроорганизмдер экологиясы – табиғатта (топырақ, су, тау жыныстарында, 
т.б.) кездесетін микроорганизмдер тіршілігінің заңдылықтарын зерттеп, 
алынған нәтижелерді өндіріс пен өнеркәсіпте қолдану; вирусология бойынша – 
вирустар мен клеткалардың өзара әрекетін, вирустардың генетикасы мен 
биохимиясын, 
өсімдіктердің 
вирустық 
ауруларын 
зерттеу, 
алынған 
жетістіктерді денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларында 
қолдану.
Сурет 8.1 -Микробиология және вирусология институты 
Институт ғалымдары ашытқылардың тіршілігін зерттеп, олардың 
көмірсулар мен спиртте төзімділерін іріктеп алды. Сүт қышқылының 
бактериялары бөлініп алынып, олар мал азығының сапасын арттыруға 
қолданылуда. Әр түрлі өсімдіктерден шырынды азық сүрлемді даярлауда тиімді 
бактериялық препараттар (АМС, Силоплант-34, НАК-1, лактокалларин, т.б.); 
сүрленуі қиын немесе тіпті сүрленбейтін өсімдік түрлерінен биоконсерванттар 
көмегімен мал азығын дайындау өндірісінде пайдаланатын мутанттар алынды. 
Антибиотиктің жаңа түрлері: целикомицин, розеофунгин, 1321 препараты, А 
23/791 антибиотиктері алынып, олар түрлі өсімдік ауруларына қарсы күресте 
қолданылады. Триходерма саңырауқұлағы зерттелініп, одан картоп ауруына 
қарсы қолданатын триходерма препараты жасалды. Қан сорғыш жәндіктерді 
жоятын патогендік бактериялар табылды.


102 
Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу 
институты (сурет 7.2). Институт агроөнеркәсіп кешенін қайта өңдеу және 
тағам өнімдерін өндіру мәселелерін шешуде Қазақстанның жетекші ғылыми 
мекемесі болып табылады. 
«ҚҚӨжТӨҒЗИ» құрамына Алматы қаласында орналасқан Бас институт, 
Астаналық және Семейлік филиалдары кіреді.Бас институттың және оның 
бөлімшелерінің құрамында ғылыми және жобалық зертханалар, тәжірибелік 
өндірістер бар. 
Институттың ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі өте мол және 
қызметкерлердің біліктілік деңгейі жоғары, институтта 138 қызметкерлер 
жұмыс істейді: олардың ішінде: ғылыми қызметкерлер - 91, ғылым докторлары 
- 10, оның ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, ғылым кандидаттары-15, PhD-2, ғылым 
магистрлері - 34, докторанттар - 11, магистранттар – 1. 
 
Сурет 8.2 - Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу 
институты 
Ғылыми зерттеулердің бағыттары: 
- Қайта өңдеу және тағам өнеркәсібінде жаңа технологиялар мен 
жабдықтарды пайдаланудың тиімділігін бағалау, жануарлар мен өсімдік 
шикізатынан, соның ішінде наубайханалық, кондитерлік, жеміс-көкөніс, ет-сүт, 
ашыту, сыра-алкогольсіз сусындар, шарап жасау, құрамажем және басқа да 
салаларға 
арналған 
жаңа 
жабдық 
пен 
азық-түлік 
өндірістерінің 
технологияларын жетілдіру және дамыту бойынша жұмыстарды орындау; 
- Функционалдық мақсаттарда жаңа азық-түліктерді алу үшін өсімдік пен 
жануарлар шикізатын терең және кешенді қайта өңдеу үшін оңтайлы 
технологиялық режимдерді және жабдықтарды жобалауды қалыптастыру
соның ішінде шикізат пен азық-түліктің сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз 


103 
ету үшін ұлттық өнімдерді, сондай-ақ тағамдық және биологиялық белсенді 
қоспаларды өңдеу технологиясын жасау; 
- Тағам өнеркәсібі үшін микроағзалардың тектік қорын (генофонд) 
қалыптастыру, сақтау және дамыту; 
- «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының» КеАҚ («ҰАҒБбО» 
КеАҚ) институттарымен бірге құрамажем мен жаңа азық-түлікті өндіру және 
өсімдік пен жануарлар шикізатын терең қайта өңдеудің технологияларын 
әзірлеу және бастапқы талаптарын негіздеу; 
- Агроөнеркәсіп кешенін нормативтік-әдістемелік қамтамасыз ету
- Тағам өнімдерін өндірудің заманауи әдістері мен технологияларының 
трансферті және бейімделуі.
Бақылау сұрақтары: 
1. Жоғары оқу орындарында ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру қалай 
жүзеге асырылады? 
2. Ғылыми-зерттеу институттарын басқару құрылымы қандай? 
3. Ғылыми-зерттеу мекемесінің директорының міндеті қандай? 
4. «Ғылыми хатшының» міндеті қандай? 
5. Ғылыми-зерттеу мекемесінің Ғылыми Кеңесі қалай құрылады және ол 
қандай мәселелерді қарастырады? 
6. Жоғары оқу орындарында ғылыми зерттеу жұмыстары қандай 
мақсаттарға байланысты жүргізіледі? 
7. «Микробиология және вирусология институты» жайлы не білесіз? 
8. «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу 
институты» туралы қысқаша мәлімет беріңіз. 


104 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет