Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет23/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89
Оқыту үдерісі: Студенттерді білім алудың өтпелі кезеңдерінде, жауапкершілікпен шешім қабылдауға жағдай жасайтын, мамандармен, АҚК бағдарламаларымен қамтамасыз ету, белсенді қатыстыру.

  • Қызмет көрсету: АҚК орталықтарын, барлық студенттерге қолжетімді ету, олардың білім алудағы қарама- қайшылықтары мен кедергілерінің алдын-алу.

  • Ыңғайлылық: Университтің барлық АҚК бағдарламаларын орталықтандыру арқылы, студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін кампус территориясында, тиімді етіп ұйымдастыру.

  • Кеңес беру: студенттің білім алу қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне негізделген, қажетті ақпаратпен, бағыттармен, ұсыныстармен қамтамасыз ету.

  • Уақыт: АҚК орталықтарын біріктіру арқылы, студенттер мен университет мамандарының уақытын үнемдеу, тиімді қолдануға жағдай жасау.

    Сонымен қатар, бұл университетте студенттің академиялық жетістігіне әсер ететін негізгі факторы, тиімді білім беру ортасын қалыптастыру үшін, 3 стратегиялық бағыт жасалған. Біріншісі, «жетілдіру», яғни, орталықтарды ету, стратегиялық қайта құрастырулар жасау, сол арқылы АҚК орталықтарының функцияналдық міндеттерін кеңейту. Екіншісі, «үдерістерді жетілдіру», АҚК орталықтарының кәсіби іс-әрекеттеріне талдау жасау, барлық университеттің құрамдас бөліктеріне тиімді, ұтымды ететіндей өзгертулер енгізу. Соңғысы, «өнімділікті жетілдіру» жалпы оқу- тәрбие үдерісінің сапасын арттыруға әсер ету, АҚК мамандарының кәсіби іс-әрекетін жетілдіру, , педагогикалық жобалау, студенттердің оқу мотивациясы мен жауапкершілігін арттыруға педагогикалық тұрғыдан әсер ету. АҚК орталықтарының әкімшілігі, студенттің академиялық жетістігіне заман талаптарына сай әсер ету үшін, ұсынылған бағдарламалардың мүмкіндіктерін үнемі бағалап отырады, жаңашыл әдістерді ендіру бойынша дәріс, семинарлар жүргізіп, мамандардың біліктілігін арттырып отырады.
    2. Пурдю Калюмет университеті (Purdue Calumet University). Қазіргі жоғары білім беру жаһандану үдерісі жағдайында, АҚШ-тың көптеген үздік университеттерінің ортақ мақсаттарының бірі, АҚК орталықтарын модернизациялау, бірнеше функционалдық қызметтерді бір орталыққа біріктіру. Оған дәлел ретінде, Пурдю Калюмет (Purdue Calumet) университетінде АҚК орталықтарын қайта құрастыру және интеграциялау саясатын мысалға ала аламыз. АҚК орталықтарының басты мақсаты, студенттердің оқу-танымдық үдерісін жеңілдету, олардың білім алу мақсаттарын анықтау, студенттермен профессор–оқытушы құрамының позитивті қарым-қатынас жасауына әсер ету. Мәселен, Оқу пәнiне жазылу орталығына (Enrollment Services Center ) – білім алушылардың оқу пәніне белгілі бір тәртіппен алдын ала жазу рәсімі бойынша жан-жақты ақпарат беру, қаржылық көмек көрсету, психологиялық кеңес беру, академиялық қолдау көрсету орталықтары топтастырылып, студентке қажетті ақпараттардың, «бір терезеден» көрінуіне жағдай жасау (кесте 4). Сонымен қатар, орталықта жұмыс атқаратын мамандар, студенттердің әртүрлі сұрақтарына жауап беру үшін кросс- тренингтерден өтіп тұрады [110].

    Кесте 4 - Пурдю Калюмет (Purdue Calumet) университетінің АҚК орталықтарын біріктірудегі жетістіктері





    Орталықтандыру
    ерекшеліктері

    Енгізу нұсқасы

    Пікір, талдау жасау

    1

    2

    3

    Үдеріс/Саясат

    Топтастыру процедурасы

    Қарама-қайшылылықты пікірлердің алдын-алу, әртүрлі департаменттер мен орталықтардан алған ақпараттар, университет ұстанымдары, тәжірибелері, идеялары туралы бірізділік пен байланыстылықты қамтамасыз ету.

    Ұйымдастыру



    Ұйымдастыру процедуралары

    Студенттерге қолдау көрсететін департаменттер мен орталықтардың арасындағы үйлеспеушілік, олардың ұйымдастырушылық құрылымдары, ерекшеліктері мен шекараларына байланысты қандайда бір кедергілер келтіретіні ескеріледі .

    4-кестенің жалғасы



    1

    2

    3




    Мамандарды кросс-дайындықтан өткізу

    АҚК мамандары, функционалдық кәсіби іс-әрекеттерінен тыс, студенттермен қойылатын әртүрлі сұрақтарға жауап беруді қамтамасыз етеді.

    Құралдар

    Біріктірілген орталықтар (One-stop centers)

    Академиялық немесе әлеуметтік, қаржылық көмек көрсететін орталықтарын студенттердің уақыттын үнемдеу, бірігіп жұмыс істеу мақсатында орталықтандырылған жүйесі жасалған.

    Технология

    Біріктірілген ақпараттық жүйелер мен порталдар

    Университет сайтындағы әртүрлі бөлімдердегі, студентке қажетті ақпараттық мәліметтердің «бір терезеден» көрінуін қамтамасыз етілген.





    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   89




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет