Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


Бөлшектенуші модель (Split Model)



бет22/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89
Байланысты:
disser abdykhal

3.Бөлшектенуші модель (Split Model) – студенттерге АҚК міндеттері, факультет оқытушылары мен орталықтың мамандары арасында бөлінеді. Яғни, АҚК орталығы тек университетте академиялық дайындығы төмен, оқу дағдылары жеткілікті қалыптаспаған, немесе университетке бейімделе алмай жүрген «қауіп-қатер» тобындағы студенттермен жұмыс жүргізеді. Ал, басқа студенттермен факультет кеңесшілері жұмыс атқарады.


Сурет 3- Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың бөлшектенуші моделі




4. Дуалдық модель (Dual Model) – білім алушылардың АҚК орталығы және факульт тарапынан да эдвайзерлері, тьюторлары болады. Біріншісі, университеттің жалпы талаптары, саясаты, жүріс-тұрыс ережелері бойынша кеңес берсе, екіншісі, элективті пәндерді таңдау, академиялық мәселелер бойынша нақты проблемаларды шешуге әсер етеді. Сонымен қатар, орталықта және факультетте, қызметкерлер студенттерге байланысты күрделі жағдаяттарды шешуге атсалысатын, қолдау көрсететін супервизорлармен (жетекші) қамтамасыз етіледі.

Сурет № 4 Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың дуалдық моделі





  1. Барлық студенттерді қамтуға мақсатталған модель (Total IntakeModel) – бұл модельге сәйкес АҚК орталығы белгілі бір уақытқа дейін (мысалы: негізгі мамандануын таңдау, оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру,) барлық студенттерге кеңес береді. Кейін, студенттер факультеттің академиялық кеңесшілеріне бекітіледі.

Сурет 5 - Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың барлық студенттерді қамтуға мақсатталған моделі





  1. Қосымша элементтерді қажет етпейтін модель (Self-Contained Model) – бұл модельге сай студенттерге АҚК жұмыстары, институционалды ұйымдасқан орталықтар арқылы жүзеге асады. Факультеттің профессор-оқытушылары, тек қана дәріс, семинар сабақтарын жүргізеді.



Сурет № 6 Студенттерге академиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыруда қосымша элементтерді қажет етпейтін модел түрі.


СтуденттергеАкадемиялық Қолдау көрсетудің жаһандық одағы (The Global Community of Academic Support of student), Студенттердің ісі жөніндегі Европа кеңесі (European Council for Student Affairs), Европадағы студенттерге арналған ұйымдарды салыстыру (Comparison of the Student Service Organizations in Europe) сияқты беделді білім беру ұйымдарының есебіне сәйкес, университеттің АҚК моделін таңдауы, оның қаржылық мүмкіндіктері, студенттердің контингенттері мен университеттік құрылымдарына байланысты.


Зерттеуде біз АҚК-дің қосымша (Supplementary Model) моделін ұстанамыз. Оған сәйкес факультеттің кеңесшілері, эдвайзерлері, тьюторлары студенттің оқу барысындағы қиындықтары мен кемшіліктерін шешуге атсалысады, сонымен қатар, әрекеттесу субъектілері қосымша ақпарат немесе кеңес алу үшін университеттің барлық факультеттеріне ортақ, АҚК орталығына жүгіне алады. Студенттермен жұмыс факультеттің кеңесшілері арқылы өткізіліп, орталық қызметкерлері қажетті материалдар, оқу-әдістемелік кешен, біліктілікті арттыру семинарлары мен дәрістерін жүргізеді, олардың жұмысының нәтижелілігін бағалайды. D.S. Crockett [104, 59-70б.] зерттеулеріне сүйене отырып, студенттің кәсіби дамуына, кредиттік оқыту технологиясының студентке қоятын басты талаптарының бірі - өзіндік білім алу дағдыларына, дербес білім алу траекториясын жасауға жағдай жасайтын академиялық қолдау көрсетудің қосымша моделі болады деп нақтылаймыз. Факультет қызметкерлері оқу үдерісінде, студенттің оқу нәтижесіне, кәсіби қалыптасуына тікелей жауапты болады. Факультет кеңесшілері оқу үдерісінің ерекшеліктері, оқу пәндерінің мүмкіндіктері, университет саясаты, оқу кестесі және т.б. сияқты маңызды ақпаратттарға ие болады. Ғалым, D.S. Crockett АҚШ университеттерінің басым көпшілігі осы моделді ұстанатынын анықтады. Мысалы, АҚШ-тың Ганнон университетінде (Gannon University) барлық студентке академиялық қолдау көрсетудің компоненттерін (эдвайзер, тьютор, ментор, дамыту курстары, кәсіби бағыт бағдар беру курстары) біріктіретін, барлық университеттің факультеттеріне ортақ «Студенттің жетістігі» (Student Success Center) орталығы жұмыс атқарады. Сонымен қатар, әрбір факультеттің қызметкерлері студентке эдвайзер, тьютор, немесе ментор болып тағайындалады, студент, екі жақты академиялық қолдау қызметкерлерімен қамтамасыз етіледі.
Біз зерттеу барысында, АҚШ-тың Университет пен колледждерді жоспарлау қауымдастығының (Society for College and University Planning) әртүрлі АҚК орталықтарының негізгі ерекшеліктеріне жан-жақты зерттеу жүргізу барысында, жазылған еңбектеріне сүйене отырып, осы бағыттағы ең үздік тәжірибені анықтайтын критерийлерді айқындадық:
- қайта құрастыру, жетілдіру үдерісімен айналысады;
- барлық бағдарламаларды бір орталыққа біріктіретін консолидациялық қызметі бар;
- ұйымдастыру моделінің сәйкестігіне бағалау жүргізеді;
- орталық қызметкерлерінің біліктілін арттырады;
- ақпараттар мен үдерістерді біріктіруге мүмкіндік беретін веб-жүйелерін қолданады [55, 147-156 б.; 109].
Студентке АҚК орталықтарының жоғарыдағы критерийлерінің негізінде, үздік тәжірибелері университеттер төмендегі кестеде көрсетілген.


Кесте 3 - АҚК орталықтарын ұйымдастырудағы үздік тәжірибелері жоғары оқу орындар



Моделі

Жоғары оқу орындары

Басшылыққа алған тұжырымдамалары

1

2

3

Бірнеше қызметтер мен бағдарламаларды бір орталыққа біріктіру

Boston college
Carnegie Mellon Fordham University
James Madison University
Johnson County CC


Purdue University Calumel


Seton Hall University

Tufts University


University of Delaware
University of Minnesota
Twin Cities University of North Carolina at Greensboro



Студентке қызмет көрсету орталығы
Студентке қызмет көрсету орталығы


Студенттің академиялық жетістігі орталығы


Бейімдеу және жетілдіру орталығы


Қоңырау шалу (Сall center) орталығы
Студенттік қызметтер орт.
Студентке бір орталықтан қызмет көрсету (One- Stop Student Center)

3- кестенің жалғасы



1

2

3

Веб жүйесіне негіздеу
(интеграциялану)

Boston College
Brigham Young University
Indiana University
Kansas State University
Kent State University
Louisiana State University
Regis University
University of British
Columbia
University of Buffalo
University of California

Онлайн курстары
Веб жүйесіне негізделген студенттік қызметттер
Академиялық ақпараттарды басқару порталдары
Онлайн-Эдвайзер
Веб-Эдвайзер
Студенттің электронды портфолиосы



Ендігі кезекте, жоғарыда көрсетілген университеттердің академиялық қолдау көрсету орталықтарының модельдері мен басшылыққа алған тұжырымдамаларына, олардың жаңашыл іс-әрекетіне талдау жасалады.


1. Д.Мэдисон университеті (James Madison University) студенттердің оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруды жетілдіру үшін, АҚК орталықтарының әртүрлі озық тәжірибелеріне сүйене отырып, қайта құру реформаларын жүзеге асырды. Университеттік қалашықтағы АҚК орталықтары мен қызметтерінің іс-әрекеті, білім беру мақсатын орындауға, студенттің маман, жекетұлға ретінде қалыптасуына, бірігіп әсер етуге бағытталған. Дж.Мэдисон университетіндегі «Студенттің академиялық жетістігі» (student academic success) моделі тиімді жүзеге асу үшін, студентпен жұмыс жасайтын қызмекерлер өз жұмыстарында келесі ұстанымдарды ескереді:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет