Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна



бет54/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89
ҚОРЫТЫНДЫ

Әлемдік жоғары білім беру кеңістігінде студенттерге академиялық қолдау көрсету кешенінің АҚШ-тың университеттерінде маман даярлаудың замануи талаптарымен сай жүргізілетін озық саласы ретінде анықталып, отандық университеттерде қолданудың басты мүмкіндіктері мен бағыттары теориялық жүйеленіп, зерттеу нәтижелері отандық білім беру жүйесінде болашақ мамандардың кредиттік оқыту технологиясының ерекшеліктеріне бейімдеу, олардың ақпараттық хабардарлығы мен академиялық сауаттылығын арттыру, жеке оқу траекториясын саналы түрде қалыптастыруға әсер ететін бағдарламалардың ұйымдастырылу деңгейінің төмендігін көрсетті. Студентке кредиттік оқыту технологиясында академиялық қолдау көрсетудің мазмұны, технологиялары, әсер ету құралдары, бағдарламалары, әдістері, формалары туралы шетел тәжірибесінен ғылыми негізделген ұсынылымдардың болмауы бұл жұмыстың практика жүзінде реподуктивті сипат алатынын және жоғары оқу орындарының міндеттерінен шет жүргізілетінін көрсетті.


Біздің зерттеуіміз жоғары білім беру теориясы мен практикасындағы осы кемшіліктердің орнын толтыруға арналды. Зерттеу барысындағы ғылыми қорытындылар мен нәтижелерді былай жинақтауға болады:

  • ҚР жоғары білім беру жүйесін реформалау мен жетілдірудегі кездесетін мәселелерді шешу үшін, АҚШ университеттеріндегі білім алушылардың жекетұлғаға бағытталған оқыту ортасын қалыптастырудағы бірнеше ғасырлық тарихы бар озық тәжірибелерін, атап айтқанда университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету бағытын (Student Academic Support Services) жан-жақты талдау, оны бейімдеп тәжірибеге ендірудің қажеттілігі расталды.

  • АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің тарихи тұрғыдан қалыптасуының төрт кезеңі (1. Ағылшын отаршылдық кезеңінде алғашқы университеттердің қалыптасуы (1636- 1840), 2. Диверсификация 1850- 1890 жж, 3. Жаңашыл даму бағыты. 1900-1950жж, 4. Жоғары білім беру жүйесінің жаһандануы. 1960- қазіргі кезеңге дейін) анықталып, бұл мәселелер оның қазіргі таңдағы университетте алатын рөлін жете түсінуге мүмкіндік берді.

  • АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесінде маман даярлау мақсаты бойынша тұжырымдамалары негізінде, американдық ғылыми әдебиеттердегі студенттерге академиялық қолдау көрсету ұғымына теориялық талдау жасалып, «білім алушыларға академиялық қолдау көрсету - университеттік оқу бағдарламасын меңгеру барысында студенттің оқу үлгеріміне институционалдық ұйымдасқан түрде әсер ету, олардың білімдегі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, арнайы мамандар тарапынан кеңес беру кешені» деген авторлық анықтама берілді.

  • АҚШ-тың педагогикалық ғылымында, «академиялық қолдау көрсету» орталықтарының негізгі мақсаттары, бағыттары, моделдері талданып, оның жоғары білім беру жүйесінде сұраныста болуының себептері (студент білімін бағалауға қойылатын жоғары талаптар, оқыту-тәрбие үдерісінің жекедаралануы) айқындалды.

- Студенттерге академиялық қолдау көрсетудің теориялық-концептуалдық тұжырымдамасымен, АҚШ университеттерінде қалыптасқан АҚК орталықтарының үздік тәжірибелерін қарастыру арқылы, студенттердің білім алу үдерісін ұйымдастыруғы ерекшеліктері анықталды.
- Академиялық қолдау көрсету орталықтарының бағдарламалары (академиялық эдвайзер, тьютор, ментор, бағыт-бағдар беруші курстары) оқыту-тәрбие үдерісінің сапасын арттырудың, оңтайландырудың, студенттің жеке оқу траекториясы мен білім алушы ретіндегі белсенділігін қалыптастырудың бірден бір механизмі ретінде теориялық тұрғыдан негізделді.
- Салыстырмалы- педагогика саласындағы әдіснамалық мәселелер мен жалпығылыми ережелерге сүйене отырып, Қазақстан және АҚШ университеттеріндегі академиялық эдвайзер, тьютор бағдарламаларының жүзеге асуына салыстырмалы талдау жасалып, АҚШ тәжірибесін негізге ала отырып, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастырудың құрылымдық-теориялық моделі әзірленді.
- Cтуденттерге академиялық қолдау көрсету моделінің, академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар курстары компоненттері, университет студенттерінің академиялық кедергілерін айқындау негізінде тәжірибеге ендіріліп, оның тиімділігі тәжірибелі-эксперименттік жұмыс барысында тексерілді.
- АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар жүйесі берілді.
Зерттеу нәтижелерін нақты пайдалануға төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:
- АҚШ–тың академиялық қолдау көрсету тәжірибесінен өңделіп, қазақстандық кредиттік оқыту жүйесіндегі студенттердің жеке оқу траекториясын қалыптастыруда кезіктіретін білім алушылардың академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен ұсынылған теориялық модель және оның негізінде жасалған модулдік, арнайы курс бағдарламалары университеттік ортада академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастыруда бағыт-бағдар береді;
- зерттеу нәтижелері университтеттік оқыту үдерісін оңтайландыруға, жетілдіруге, осы бағыттағы жаңа зерттеулер жүргізуге негіз бола алады;
- шетелдік және салыстырмалы педагогика курстарының мазмұнын кеңейтуге, қайта даярлау институттарында пайдалануға болады;
Зерттеу проблемасы күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын жеткілікті дәрежеде қамту мүмкін емес, сондықтан қарастырылып отырған проблема толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Келешекте, АҚШ-тың білім беру жүйесіндегі АҚК кешенінің үздіксіз білім беру жүйесіндегі ерекшеліктері, АҚК бағдарламаларын нақты, жаратылыстану, гуманитарлық пәндер аясында қолдану, АҚК орталықтарын ұйымдастыруда ақпараттық-технологиялық құралдарды пайдалану және т.б. мәселелері арнайы зерттеуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет