Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар



бет52/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89
АҚШ–тың жоғары оқу орындарындағы студенттерге академиялық қолдау көрсету тәжірибесін ҚР университеттеріне ендіруге басшылыққа алатын теориялық – әдістемелік нұсқаулар

Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде студенттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктеріне бағытталған академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу (академиялық эдвайзер, тьютор, офис-регистратор), оларды тиімді қолдану, Болон үдерісінің міндеттері мен қағидаларын орындаудағы негізгі талаптардың бірі. Қазақстан Республикасы, Болон үдерісінің толыққанды қатысушысы болып 2010 жылдың наурызында «Болон декларациясына» қол қойды. Болон үдерісі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Қазақстанның Болон процесіне қатысуының негізгі мақсаты - европа біліміне қолжеткізуді кеңейту және оның сапасын көтеру. Болон процесіне қосылу Қазақстанның жоғары мектебінің дамуының негізгі бағыттары мен артықшылығын анықтады. Әлемдік білім кеңістігіне ену, ұлттың зияткерлік потенциалы мен бәсеке қабілеттілігі қарқынды түрде өсуіне себепкер болды.
Болон декларациясына қол қою арқылы, кредиттік оқыту технологиясына толықтай көшу үдерісінде, Қазақстанның жоғары оқу орындарының алдында бірнеше өзекті басымдықтар мен міндеттер орын алуда:
- қоғамның, әлеуметтің, ғылым мен білімнің дамуындағы өзіндік рөлін нақтылау;
- әлемдік қауымдастықтың талаптарын қанағаттандыратын сапалы білім беру;
- жетістіктері мен кемшіліктерін ашық бағалау, үнемі жетілдіру жұмысын жүргізу;
- даму моделін анықтау (мақсат, стратегия, саясат, тиімділік көрсеткіштері, нәтижелілік);
- нарық қоғамында бәсекелестіктен табылатын түлектерді дайындау;
- студенттің жеке оқу траекториясын құруға жағдай жасау.
Болон декларациясының 10 негізгі қағидаларына студенттің өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру, студентке бағытталған оқыту әдістерін қолдану, студент қауымдастығының белсенділігінің рөлін арттыру жатады. Олай болса, еліміздің жоғары оқу орындары студенттің университетте сапалы білім алуына мүмкіндік жасайтын, студенттің ішкі потенциалын дамыту үшін енгізілген арнайы академиялық қолдау қызметтерінің жұмысын (академиялық эдвайзер, тьютор, арнайы бағыт-бағдар беруші курстарды) белсендіруді қажет етеді.
Бұл жағдайда, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесі, Болон үдерісіне қатысушы мемлекеттердің назарын өзінің бәселекестігімен аудартады. Мысалы, АҚШ-тың жоғары білім беру жүйесін әлемдік деңгейге дейін жеткізуге әсер еткен АҚШ университеттерінде «студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыру» (student- sentred- learning ), «өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру» (lifelong learning - LLL) идеялары алғаш рет 20 ғасырдың екінші жартысында жарияланып, қарқынды тәжірибеге қолдана бастады. Ал Болон декларациясына қол қойған мемлекеттердің, бұл мәселелерге ерекше назар аударуы 2009 жылы Левенде (Лувен-ла-Неве) жоғары білім беру жүйесіне жауапты шетел министрлерінің бас қосуымен өткен халықаралық конференцияда, 2020 жылға дейінгі жоғары білім беру жүйесінің дамуының басым бағыттарын анықтауда аңғарамыз:
- барлық азаматтарға жоғары білім алуға тең мүмкіндік беру;
- өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру;
- түлектерді жұмысқа орналастыру;
- студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыру;
- жоғары білімнің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен, инновациямен байланысы
- еуропалық жоғары білім берудің халықаралық ашықтығы;
- студенттер мен ғалымдардың академиялық ұтқырлығын кеңейту;
- мемлекеттік қаржыландыруды ұлғайту, қаржыландырудың басқа көздерін іздестіру;
- болон үдерісін басқарудың құрылымын жетілдіру [170].
Бұл мәселелер, «өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыру», «студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыру», сияқты педагогикалық қағидалардың, академиялық қолдау көрсетудің маңызды бағыттарының АҚШ тәжірибесінен енгенін аңғартады. Сонымен қатар, АҚШ-тың жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету мәселесін жан-жақты зерттеу, ҚР университеттерінің Болон үдерісінің тараптарын қанағаттандырудағы қажетті де құнды, ғылыми-практикалық тәжірибе екенін аңғартады. Қазіргі таңда, АҚШ университеттері мен колледждерінде, академиялық қолдау көрсету бағдарламалары білім сапасын арттыруға, жетілдіруге, студенттерді университетте сақтап қалуға өзіндік үлесін қосатын, оқыту-тәрбие үдерісінің маңызды компонентіне айналған. Бұл бағыттың жоғары білім беру үдерісінің интеграциялану, жаһандану, көпұлттану жағдайында рөлінің арттуы, жоғары мектеп мәселесіне арналған көптеген американдық ғылыми әдебиеттерде мазмұндалуда.
АҚШ университеттеріндегі студенттерге академиялық қолдау көрсету қызметтерінің даму тарихын, орталықтарының ұйымдастырылу ерекшеліктерін, ондағы студенттер тарапынан сұраныс туындататын озық бағдарламаларын жан-жақты зерделеу нәтижесі, еліміздің жоғары оқу орындарында студентке бағытталған оқытуды ұйымдастыруда американдық тәжірибеден басшылыққа алатын келесідей ғылыми-теориялық тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- АҚШ университеттері тек қана кәсіби білікті мамандарды ғана емес, азаматтық қоғамның талаптарына төтеп беретін, бәсекеге қабілетті, жан- жақты тұлғаны қалыптастыруды мақсат етеді;
- АҚШ университеттері, әрбір білім алушының - университеттік ортаның маңызды тұлғасы ретінде қарастырып, оның академиялық, әлеуметтік қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларымен қамтамасыз етеді;
- университеттік ортада, студенттің қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің барынша ескерілуі, білім беру үдерісінің субъектісі позициясын ұстанатын, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыратын, өзінің болашақ кәсіби іс-әрекетіне жауапты маман тәрбиелеуге мүмкіндік береді;
- Америка университеттерінде, студенттер ісімен айналысатын кадрларға студенттің оқу үлгерімін арттыру, университеттік ортаға бейімдеу, студенттік өмірін мазмұнды ету сияқты маңызды міндеттердің жүктелуі, академиялық эдвайзер, ментор, тьютор, инструктор және т.б. сияқты мамандарды жоғары оқу орындарында дайындауға мүмкіндік беріп, олардың кәсіби іс-әрекетінің сапасын арттыруға жол ашты;
- университеттік студенттерге академиялық қолдау көрсету саласының білім алушының кәсіби қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін айқындау, болашақ кәсіби қалыптасуына әсер ету, пән бойынша артта қалушылармен жеке-дара жұмыс жасау, білімдегі ақаулықтарды, кемшіліктерді түзету, оқу дағдыларын дамыту, білім алу мотивациясын арттыру, студент уақытын сауатты қолдануға үйрету, эссе және т.б. ғылыми іс-әрекеттің өнімдерін жасауды жетілдіретін кешенді бағдарламалардан тұруы, университеттік білім сапасын арттыруға өзіндік әсерін тигізеді.
- АҚШ университеттерінде, академиялық қолдау көрсету орталықтарының кәсіби педагог-мамандары арқылы ұйымдастырылуы, професор-оқытушылардың студенттермен жеке-дара жұмыс жасау уақытын үнемдеуге үлкен септігін тигізетін, студент-оқытушы қарым-қатынасынан дербес ұйымдастырылған жеке университеттің қосымша білім беру құрылымын қалыптастыруға ықпал етеді;
- академиялық қолдау көрсету бағдарламаларының (біздің жағдайымызда академиялық эдвайзер, тьютор, ментор, бағыт-бағдар курстары) белгілі бір факультетпен немесе университеттік АҚК орталықтары арқылы ұйымдастырылуы, студенттің оқу пәндері бойынша артта қалуын алдын алуға, студенттердің оқу үлгерімін жетілдіруге, семестрден семестрге көшкен студенттер санын арттыруға жағдай жасайды;
- студенттерге академиялық қолдау көрсету бағдарламаларының тиімді ұйымдастырылуы жоғары білім беру жүйесінің жекедаралануы (индивидуализация) қағидаларын сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
- студенттерге сапалы академиялық қолдау көрсету, университеттерді бәсекеге қабілетті етудің, университет пен білім алушылардың қарым-қатынасын дамытудың маңызды инструменті болуға әсер етеді;
- пән оқытушысы мен академиялық қолдау орталықтары арасындағы ынтымақтастық (Collaboration Between Classroom Instructors and Academic Support Center) студенттің комбинаторлық, синергетикалық білімді меңгеру нәтижесіне әсер етіп, жеке оқу траекториясының сапалы ұйымдастыруға жағдай жасайды;

  • оқытушылар мен академиялық қолдау көрсету орталықтарының кәсіби қызметкерлерінің байланыстылығы, студенттің нақты пән бойынша артта қалу жағдайларын, периферийлық, маргиналдық құбылыстан, барлық академиялық қауымдастыққа ортақ мәселеге айналдырады;

- студент-студент әрекеттестігіндегі коллегиалдық бағдарламалар (пэр-тьютор, пэр-ментор), студентті университетте сақтап қалу (retention) мен академиялық жетістігіне жетелейтін дамыта оқыту ортасын қалыптастыруға мүмкіндік береді;
ҚР жоғары білім беру жүйесінің Болон үрдісінің принциптерін жүзеге асыруда білім берудің әдістері мен мазмұнын түбегейлі қайта қарастырылуда. Академиялық еркіндік, білім көлемін біріздендіру, оқытуды барынша дараландыру үшін жағдай туғызу, білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту, білім алушылардың оқытушыларды таңдаудағы еркіндігі, білім беру бағдарламаларын меңгеруде білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жандандыру сияқты мәселелер, студентке бағытталған гуманистік принциптерге негізделген оқыту ортасын қалыптастыруда ғана өзіндік шешімін табады деп тұжырымдаймыз Оған қоса, кредиттік оқыту технологиясының талаптары, студенттен жоғары ұйымдасқан деңгейде дербестік, өз уақытын ұйымдастыру, дербес білім алу дағдыларының қажеттілігіне жоғары сұраныс туындатады. Ол үшін, студенттің білім алудағы субъектік позициясын , жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін жаңа педагогикалық технологияларды қолдануымыз қажет. Бұл жағдайда, АҚШ-тың академиялық қолдау көрсету бағытындағы тәжірибелері аса құнды тәжірибеге екенін теориялық талдау, педагогикалық эксперимент жұмыстарының нәтижелері аңғартады. Сонымен қатар, оның АҚШ университеттерінде орын алуын, диссертация міндеттері бойынша жан-жақты зерттеу, академиялық қолдау көрсету орталықтарының, студентке бағытталған ортаны қалыптастыруға әсер ететін, білім алушылардың білім алу мақсатын анықтау, оқу пәндерінің мазмұнын нақтылау, мәнін түсінуге көмектесу, студенттің өздік жұмыстары мен ғылыми-зерттеу жобаларын орындауға жетекшілік жасау; оқу шарттары мен келісімдерін орнату; арнайы оқу пәндері немесе тақырыптары бойынша қосымша жеке-дара сабақтар өткізу; студенттік өмірге бейімдеу, жеке оқу траекториясын жүзеге асыруда бағыт бағдар беру, студенттерді әлеуметтік біліктермен қаруландыру сияқты мәселелермен айналысатыны анықталды. Кешенді түрде жүргізілетін эдвайзер, тьютор, ментор, бағыт –бағдар беру курстары сияқты академиялық қолдау көрсету бағдарламалары арқылы АҚШ университеттері, студентің қажеттілігі мен жекетұлғалық, кәсіби дамуына бағытталған оқыту-тәрбие үдерісін қалыптастыруды мақсат етеді.
ҚР және АҚШ жоғары оқу орындарындағы академиялық қолдау көрсету бағдарламаларына салыстырмалы талдаудың, АҚШ ғалымдарының академиялық қолдау көрсету бағытындағы нұсқаулары мен тұжырымдамаларын ескере отырып, университет студенттеріне академиялық қолдау көрсету кешенін ұйымдастырудың құрылымдық-теориялық моделін негіздедік. Оның академиялық эдвайзер, бағыт-бағдар беруші курстары сияқты компоненттерін тәжірибеде апробациялау үшін, эдвайзер қызметіндегі оқытушылардың біліктілігін арттыру, университет студенттеріне сапалы академиялық кеңес беру бағдарламасын жасау жұмыстары жүргізіліп, академиялық кеңес беру мақсатымен дайындықтан өткен эдвайзер-оқытушылар, 1-ші курс студенттерімен «Университетте білім алу стратегиясы» атты модулдік арнайы курсын жүргізді. Педагогикалық эксперименттің қорытындысында, студенттердің жеке оқу траекториясын жобалауда кезіктіретін академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жүргізілген, академиялық қолдау көрсету іс-әрекетінің, білім алушылардың университетке дер кезінде бейімделуіне жағымды әсер еткенін дәлелдеді. Бірінші курс студенттері, кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары, уақыт менеджменті. дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттар шешу техникалары мен әдістері, өздік жұмыстың формалары мен түрлері, студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары жобалау өмірлік және кәсіби мақсаттарын айқындау тақырыптарының өзектілігін атап көрсетті, осы тақырыптар бойынша білім деңгейлерінің артқанын растады, студенттер, академиялық эдвайзерлердің көмегімен, университеттік білім алу үдерісін, дербес оқу іс-әрекетін аса жауапкершілікпен жоспарлай бастағанын мәлімдеді. Бұдан, эдвайзерлердің бағыт бағдар беруші курс көмегімен білім алушылардың жеке оқу траекториясын саналы жобалауға әсер ететін, академиялық қолдау бағытындағы сапалы университеттік білім беру ортасының ұйымдастырылғанын аңғарамыз. Педагогикалық эксперимент жұмысының нәтижелері, академиялық қолдау көрсету бағдарламаларын қолдануда келесі басты талаптардың ескерілуі қажет екенін дәлелдеді:

  • студентті оқыту үдерісінің басты тұлғасы ретінде қарастыру;

  • студент пен АҚК кадрларымен белсенді әрекеттестік ұйымдастыру, онда адамгершілік құндылықтардың басымдылығы, еріктілік, икемділік, бірлесіп жұмыс атқару (кооперация), жекедараландыру, студенттің субъектік позициясын белсендіру, тең құқықтық қағидаларын ескеру;

  • оқытудың индуктивті, оқу проблемасына негізделген әдістерін қолдану;

  • әрбір білім алушының жекетұлғалық ерекшеліктері мен әлеуетін ескеру;

  • студенттің жеке мақсаттарына жетуде дербес оқу іс-әрекетін оңтайландыру;

  • студенттің университетте академиялық жетістікке жетуіне, оның білім алу тәжірибесі мен көрсеткіштерінің әсерінің маңызының зор екенін түсіну;

  • студенттердің қателіктері, жөнсіз қылықтары мен қарама-қайшылықтарын мойындату, одан тиісті қорытындылар жасауға жетекші болу.

Диссертациялық жұмыстың теориялық талдау, педагогикалық экспериментінің қорытындыларынан, шетел тәжірибесінен бейімдеп енгізілген, отандық университеттердегі академиялық эдвайзер, тьютор сияқты студенттердің жеке оқу траекториясын жүзеге асыруға қолдау көрсету бағдарламаларын жетілдіру мақсатымен келесідей ғылыми-әдістемелік тұжырымдар мен нұсқаулар береміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет