Абдыхалыкова жазира есенкелдиевна


Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру модулінде студенттер у



бет50/89
Дата27.11.2023
өлшемі0,54 Mb.
#129504
түріДиссертация
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   89
Университеттің оқыту үдерісінде өзін-өзі ұйымдастыру модулінде студенттер уақыт менеджменті, дәріске, практикалық сабақтарға дайындалу, оқу барысындағы проблемалық жағдаяттарды шешудің алгоритмдері ұсынылды. Студенттер, бір апталық жоспар жасау, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді мақсаттарды айқындауға үйренді. Студенттер белгілі бір академиялық мәселелерді қарастырып, оны бес кезеңді IDEAL технологиясын қолдана отырып шешуге тырысты.
ЖОО-да студенттің өздік жұмысы модулінде өздік жұмыстың формалары мен түрлері, плагиат айқындады, соңында білім алушылар оларды орындаудың ерекшеліктерімен танысты.
Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау модулінде студенттің жеке оқу траекториясы, студенттің жеке оқу жоспары ұғымдары талданып, студенттер өмірлік және кәсіби мақсаттары айқындауға тырысты. Студенттің оқу үдерісін құру мәселесінің анықталған ғылыми бағыттары: көлденең және тік жеке оқу траекториялары қарастырылды. Студенттің жеке оқу траекториясы тақырыбына арналған белсенді үлестірме материалдарды меңгеріп, кейіннен пікірталас ұйымдастырылды. Бұл модульдің соңында студенттер «мен неге оқып жүрмін?», «кім үшін оқып жүрмін?», «менің университетте білім алуым, өмірлік және кәсіби мақсаттарыма жетуге қалай әсер етеді?» сұрақтарына жауап іздестіре отырып студенттер рефлексивті эссе жазды.
Әрбір оқу элементінің мақсаты алдын-ала анықталып, нақтыланады. Кейін, студенттермен талқыланатын міндеттер жүйеленіп, берілген ақпараттар бағаланды, шешім қабылданды, рефлексия жүргізілді. «Университетте білім алу стратегиясы» оқу курсының әрбір модулі «не үйренгім келді?», «үйренуге қалай тырыстым?», «осы уақытта менде қандай сезімдер болды?», «сабақ барысында қандай кедергілер болды?», «Мен үшін не маңызды болды? (жаңалық, күтпеген жағдай)» сияқты рефлексия сұрақтарына жауап беруден тұрды. Студенттер өздерінің ойларын ортаға салып, пікірталас жүргізді. Мұндай сұрақтар, студенттерге де, оқу курсын жүргізіп отырған эдвайзерлерге де пайдалы болды. Студенттер, материалды тек қана пассивті түрде меңгеріп қоймай, өзіндік ой қортындыларын, тұжырымдарын жасап, топ алдында өз пікірлерін негіздеуге үйренсе, эдвайзерлер, модульдің қандай тұстары студенттер тарапынан аса қызығушылық танытқанын, студенттердің қалыптасқан көзқарастарын анықтауға, жалпы әрбір студенттің жеке тұлғалық ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік берді. Әрине, мұндай жағдайлар, эдвайзердің білім алушының қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке - дара жұмыс істеуге жол ашады.
Эдвайзер мен студенттердің әрекеттесуі академиялық қолдау көрсету субъектілерінің ынтымақтастығы негізінде жүзеге асты. Бұл жағдайда, объекті ретінде «Университетте білім алу стратегиясы» арнайы курсы болды. Субъективті әрекеттесу адамгершілік құндылықтардың басымдылығы, еріктілік, икемділік, бірлесіп жұмыс атқару (кооперация), жекедараландыру, студенттің субъектік позициясын белсендіру, тең құқықтық сияқты академиялық қолдау көрсетудің негізгі принциптеріне сүйенді. Академиялық эдвайзер студенттің субъективті, іс-әрекетті жасаушы позициясын (мақсат қою, оған жетудің техникалары мен әдіс- тәсілдерін айқындау, олардың ішінде ең тиімдісін таңдау) ұстануына жағдай жасады, соның нәтижесінде олар іс-әрекетін жоспарын дербес әзірледі, өзіндік оқу траекториясын ұйымдастыруда дербес іс-әрекетін білім беру процесінің басқа да қатысушыларымен әрекеттесе отырып (студенттер, эдвайзер, тьютор, лектор, деканат т.б.) құрастыруға, қажетті ақпараттарды табуға, өзіндік кәсіби білім беру қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін айқындауға үйренді. Сонымен қатар, студенттер IDEAL технологиясының негізінде (академиялық қиыншылықтарын ажырата білу, шешімін табудың шарттары мен жағдайларын айқындау) академиялық қиыншылықтарын шешуге, университеттегі өзіндік іс-әрекетін басқаруға, жетістіктеріне сыни тұрғыдан баға беруге, рефлексия жүргізуге, оқу бағдарламасын орындау нәтижелерін жобалау, жүзеге асыру жолдарын меңгерді. Академиялық эдвайзер студенттердің оқу үдерісінде таңдау жасауға дайын жауаптар бермей, олардың өзіндік іс-әрекет жасауын ынталандырды.
Қорыта келе, «Университетте білім алу стратетегиясы» атты академиялық қолдау көрсету жұмыстарын қажет ететін ең әлсіз топ ретінде анықтаушы эксперимент кезінде анықталған бірінші курс студенттерімен жүргізілген модульдік білім беру бағдарламасының соңында, білім алушылар, университет саясаты, кредиттік оқу технологиясының ерекшеліктері, басым жақтары, студенттер үшін мүмкіндіктері, университеттік қызметтер, олардың функциялары, университетте академиялық қолдау көрсетуді жүзеге асыратын қызметтердің (эдвайзер, тьютор) міндеттері, университеттік оқу үдерісінің ерекшеліктері, өздік жұмыс түрлері, оларды орындаудың өзіндік ерекшеліктері, дәріс, семинар сабақтарына дайындалудың тиімді жолдары, сонымен қатар адресаттар, жеке оқу траекториясын саналы қалыптастырудың, оқу үдерісінде белсенділік позициясын ұстанудың маңыздылығы туралы түсініктер қалыптастырып, эдвайзердің көмегімен немесе дербес шешетін мәселелер жүйесін анықтады. Оған қоса, студенттер, университет студенттерінің құқықтары мен міндеттері, оларға бейтаныс студенттің жеке оқу траекториясы, таңдау жасау, академиялық еркінділік, мобильділік ұғымдарын жете түсінді. Өз уақытын жоспарлауды, үнемдеуді, өзіндік психологиялық және кәсіби жағдайын, талдауды, ұзақ, орта, қысқа мерзімді мақсаттарын айқындауға, алынған тәжірибелерге рефлексия жасауға үйренді.
Кейіннен, академиялық эдвайзер мен студенттің кездесуі, студенттің жеке оқу траекториясын жобалау, жүзеге асыру барысында кезіккен академиялық қиындықтарының орын алған жағдайларында, сонымен қатар белгілі бір оқу кезеңдерінің соңында кері байланысты орнату үшін өткізіледі. Мұндай жағдайда, академиялық эдвайзердің басты мақсаты, жеке оқу траекториясын жобалау және жүзеге асыру барысында орын алған академиялық қиындықтарын дер кезінде көре білуін, іс-әрекет жасауға үйрету.
Әрбір семестрдің басында эдвайзер студенттің кәсіби траекториясын жобалауға мақсатымен олардың қажеттіліктері мен мақсаттарын, мотивтерін ескере отырып қолдау көрсету жағдайын жасады.
Осыған байланысты, академиялық мәселелерді шешу мақсатымен студенттер эдвайзермен электронды пошта, телефон, форум арқылы хаттар жіберу, немесе жеке кездесулерде байланыс жасады. Бірнеше студенттерде ортақ қиындықтар кездескен жағдайында, IDEAL технологиясына сәйкес эдвайзерлер топтық кездесулер жүргізді. Бірігіп жұмыс жасауды аяқтауда, студенттің проблемалық мәселелерді шешу дағдыларына диагностика жүргізілді. Экперт ретінде, олар басқа студенттердің академиялық жағдайларын қарастырды, шешуге атсалысты.
Сонымен қатар, эдвайзердің академиялық қолдау көрсету формаларын таңдауы ( кеңес беру, модерация, тренинг, коучинг, практикалық сабақтар) жеке оқу траекториясын жоспарлауда кезіккен студенттің проблемаларына, студенттің жекетұлғалық ерекшеліктеріне байланысты таңдалды. Эдвайзерлер, студенттің мақсатқа жетудегі әрбір жетістігін белгілеп, мадақтау, талдау жүргізіп отырды. Мұндай жағдайда жүргізілген академиялық қолдау көрсету студенттерден жеке оқу траекториясын саналы қалыптастыруға әсер ететін дербестік, белсенділік, бастамашылық, жауапкершілік қасиеттерін көрінуін талап етті. Академиялық эдвайзерлер, электронды пошталарды белсене қолдана отырып студентке қажетті күнделікті университет ортасындағы, қаладағы әртүрлі іс-шаралар, оқиғалар ақпараттық таратулар (рассылка) жіберіп отырды, кездесулер уақыты белгіленіп, нақтыланып отырды. Оған қоса, білім алушылар академиялық эдвайзерлермен әртүрлі ішкі қолданыс үшін мақсатымен құрылған форумдар, фейсбук (Facebook), майл-агент (m-agent) арқылы үнемі диалогта болды.
Осындай жан-жақты ақпараттық, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етілген эдвайзердің академиялық қолдау көрсету үдерісі, адамгершілік құндылықтардың басымдылығы, еріктілік, икемділік, бірлесіп жұмыс атқару (кооперация), жекедараландыру, студенттің субъектік позициясын белсендіру, тең құқықтық қағидаларына сай жүргізілді деп тұжырым жасауға мүмкіндік берді.
Қорыта келе, тәжірибелік эксперименттің қалыптастырушы кезеңінде университет студенттеріне академиялық қолдау көрсетудің құрылымдық-теориялық моделі апробациядан өтті. АҚШ тәжірибесінен бейімделіп енгізілген академиялық қолдау көрсетудің қосымша моделі жүзеге асты. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Даму және академиялық саясат жөніндегі департаментінің Болон процесі бөлімінің қызметкерлері әлеуметтік ғылымдар, журналистика және саясаттану факультетінің профессор-оқытушы құрамын эдвайзер қызметі ретінде дайындау үшін, АҚШ-тың Кентукки университетінің эдвайзерлердің біліктілігін арттыру тәжірибесіне талдау жасау арқылы енгізілген «Университет эдвайзерлерінің кеңес беру қызметі» модульдік бағдарламасын құрастыруға, жүзеге асыруға, ұйымдастыруға атсалысты. Біліктілікті арттыру бағдарламасының соңында эдвайзерлер, жеке оқу траекториясын қалыптастыруда білім алушылардың кезіктіретін мәселелері, оны шешу жолдарын, академиялық эдвайзер іс-әрекетінің негізгі ережелерін айқындалды. Сонымен қатар, әрбір қатысушы студенттің жеке оқу траекториясын жобалау және жүзеге асыру үдерісінде кезіктіретін академиялық мәселелеріне негізделген тәжірибелік тапсырмаларды шешуге мүмкіндік алды.
Ұсынылған модель негізінде студенттерге академиялық қолдау көрсету үдерісін шартты түрде үш бөлімшеге бөліп көрсетуге болады: 1) университет ортасына бейімдеу (Университетте білім алу стратегиясы бағдарламасы), 2) студенттің жеке оқу траекториясын жобалау мен жүзеге асыруда кезіктіретін академиялық қиыншылықтарын шешуде қолдау көрсету (Университетте білім алу стратегиясы бағдарламасы, эдвайзердің студентпен жеке-дара, топта кездесуі, электронды пошта, форумдар арқылы хабарлар жіберу, диалогта болу); 3) студенттің жеке оқу траекториясын жобалау мен жүзеге асыруда кезіктіретін мәселелерін шешу (Университетте білім алу стратегиясы бағдарламасы, электронды пошта, форумдар арқылы хабарлар жіберу, диалогта болу ). Академиялық эдвайзер мен студенттің әрекеттесуінің әр кезеңі IDEAL технологиясының бес қадамы (диагностикалық, ізденушілік, шарттық, іс әрекеттік, рефлексивтік) арқылы жүзеге асты.
Берілген модель негізінде жүзеге асқан академиялық қолдау көрсету студенттердің субъектік позициясын белсендіруге, жеке оқу траекториясын саналы жобалауға, кәсіби маңызды қасиеттерінің қалыптасуына, университет ортасына бейімделуіне, дербес оқу іс әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.
Тәжірибелік эксперименттің қорытынды - аналитикалық кезеңінде, студенттің кредиттік оқыту технологиясында академиялық кедергілерінің алдын – алу, жеке оқу траекториясын саналы жобалауға әсер ету мақсатымен енгізілген моделдің нәтижелілігін тексеру жұмыстары жүргізілді. Студенттер, академиялық қолдау көрсету үдерісінің қаншалықты тиімді, нәтижелі болғанын анықтайтын сауалнама сұрақтарына жауап беріп, жауаптардың сапалылығы сұхбаттасу әдісі арқылы бекітілді.
Яғни біздің мақсатымыз, «Университетте білім алу» курсына қатысқан студенттерге, академиялық қолдау көрсету мақсатымен жүргізілген бағдарламалар кешенінің тиімділігін бақылаушы, эксперименталды топтар арқылы тексеру емес, курсты аяқтағаннан кейін белгінеліп алынған фокус топтармен пилоттық зерттеу жүргізу екенін басып айтып кеткен жөн.
«Университетте білім алу» бағдарламасының соңында академиялық эдвайзерлер, студенттермен «Академиялық қолдау көрсету кешенінің әсері» атты сауалнама жүргізілді (қосымша И), оған барлығы 115 респондент қатысты. №1, «Университетте білім алу стратегиясы» курсының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеттің оқу ортасына дер кезінде бейімделуге әсер етті ме?» сұрағына 95% білім алушылар - «иә», 3%- «жоқ», 2% - «білмеймін» деп жауап берді (сурет 13).
Студенттердің жағымды жауаптарының басымдығы, эксперимент ретінде эдвайзерлердің көмегімен анықтаушы бөлімде айқындалған, студенттердің жеке оқу траекториясын жобалауда кезіктіретін академиялық кедергілерінің алдын-алу мақсатымен жүргізген, академиялық қолдау көрсету іс-әрекетінің, білім алушылардың университетке дер кезінде бейімделуіне жағымды әсер еткенін дәлелдейді.
№ 2, «Университетте білім алу стратегиясы» бағдарламасының қатысушы болғанына қанағаттанасыз ба? сұрағына 100% студенттер «қанағаттанамын» деп жауап берді. Осы сұрақты бекіту мақсатымен жүргізілген сұхбаттасу барысында, студенттер, академиялық эдвайзерлердің көмегімен, университеттік білім алу үдерісін, дербес оқу іс-әрекетін аса жауапкершілікпен жоспарлай бастағанын мәлімдеді.
№ 3, «Эдвайзердің академиялық кеңес беру үдерісінен, білім алушының жеке оқу траекториясын саналы жобалауға қажетті ақпарат алдыңыз ба?» сұрағына 90%-респонденттер - «иә», 6% - «жоқ», 4% - «жауап беруге қиналамын» деп жауап берді. № 14 суретте, студенттердің «Университетте білім алу стратегиясы» курсынан алған жағымды тәжірибесі туралы мәліметтер берілді.

Сурет 13 - «Университетте білім алу стратегиясы» курсының Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетіне дер кезінде бейімделуге жағымды әсері болды ма?




Сурет 14 - Эдвайзердің академиялық кеңес беру үдерісінен, білім алушының жеке оқу траекториясын саналы жобалауға қажетті ақпарат алуы


№ 4 «Университетте білім алу стратегиясы» курсының қандай тақырыптары академиялық кедергілерді шешуде немесе олардың алдын-алуда маңызды болды? сұрағына студенттер рангілеу бойынша өз пікірлерін білдірді. Бірінші курс студенттері, кредиттік оқыту технологиясының талаптары мен философиясы, университет құрылымы, қызметтері, олардың функциялары, уақыт менеджменті. дәріске және т.б. атап көрсетті, осы тақырыптар бойынша білім деңгейлерінің артқанын растады. Бұдан, анықтаушы эксперимент барысында анықталған студенттердің академиялық қиыншылықтар тудыратын, тақырыптар мазмұнының дұрыс таңдалғанын айқындаймыз. № 15 суретте ең көп таралған студенттердің жауаптары саналып, ортақ пайыздары анықталып, диаграмма түрінде ресімделді.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет