ЭЛЕМЕНТ 4 Университеттің білім беру үдерісінде таңдау жасау. Студенттің жеке оқу траекторияы. Студенттің жеке оқу жоспары. Студенттің өмірлік және кәсіби мақсаттары
Мақсаты: Студент студенттің жеке оқу траекториясының мүмкіндіктері туралы түсінік қалыптасады;
Студент жеке оқу жоспары, таңдау жасау, өмірлік және кәсіби мақсаттарын анықтай алады
Студент өзінің психологиялық, кәсіби жағдайын талдап, қысқа, орта, ұзақ мерзімді мақсаттарды қоя біледі.
Тапсырма № 1
Сіздің ойыңызша, жеке оқу траекториясы дегеніміз не? Төмендегі мәтінмен танысып, бұл ұғымның мәнін анықтаңыз, оның студенттерге беретін мүмкіндіктерін талдаңыз. Әрбір білім алушы үшін оқу үдерісі жекедара, өзіндік ерекшеліктерімен сипатталады. Білім алуда таңдау жасау, қазіргі демократиялық қоғамның жекетұлғаға бағытталған оқыту үрдісін бейнелейді. Білім алуда таңдау жасау студенттің кәсіби білімді меңгеру барысында білім беру бағдарламасына сай университеттің ұсынып отырған пәнді меңгеру мазмұны, сабақты ұйымдастыру технологиялары мен формалары, білім жетістіктерін аутентивті бағалау әдістері бойынша студенттің өзін-өзі, кәсіби анықтауына негізделген жеке дара оқу траекториясын құруға мүмкіндік береді. Студенттің жеке оқу траекториясын құру мәселесіне, екі ғылыми бағыт анықталған: көлденең және тік жеке оқу траекториялары. (Машкова, Т.В. Выбор студентами индивидуального образовательного маршрута в системе непрерывного многоуровнего образования.-дисс. к.п.н. Кемерова, 2006, 209 с.)
Көлденең жеке оқу траекториясы оқу студенттің іс-әрекетінде оқу пәнін, мазмұнын, өздік жұмыс формалары мен түрлерін, оқу нәтижелерін бақылау түрлерін таңдау арқылы белгілі бір білім алу деңгейінде өзінің қызығушылықтарына сай тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Тік бағыты студенттің күрделі білім беру бағдарламасына ауысу, немесе белгілі бір деңгейде тәмамдауды (бакалавриат, магистратура) қарастырады.
Көлденең бағытқа ғалымдар келесі мәселелерді таңдау құқығын жатқызады:
- сабақтардың формасы (интерактивті технологиялар, диалогты дәрістер, пікірталас элементімен дәрістер, семинар, экскурсия, жобалау, ғылыми конференция т.б.)
- оқыту технологиясының әдістері (жоба, жеке дара, топтық, шығармашылық тапсырмалары, микротоптағы жұмыстар, Интернет құралдарын қолдану арқылы өздік жұмыстар, эссе, реферат жазу, компьютерді белсенді қолдану);
- аралық және қорытынды бақылау формалары (рейтинг, портфолио, емтихан, жоба қорғау).
Ал, тік бағытқа, студент білім беру бағдарламасын меңгеру үшін базалық пәндер ретінде бакалавриат немесе күрделі деңгей саналатын магистратураны; оқу бағдарламасының сатылы, алмаспайтын сызбасын таңдай құқығы жатады.
Қорыта келе, студенттің жеке оқу траекториясы оның өмірлік стратегиясының бір бөлігі. Осыған байланысты, студент университеттегі оқу үдерісін өмірлік жоспарын (project de vie (фран.), өзінің бағыттары мен мақсаттарын анықтаудан бастау керек. А.Г. Гогобиредзе бойынша, кредиттік оқыту технологиясы студенттің кәсіби дамуының пирамидасын құрастыруды талап етіп, оның шыңына кәсіби жетістігінің деңгейін орналастырып, кейін жоспарлы таңдау жасау арқылы (пән, модуль күрделілігі, мамандану жоспары) студент «пирамида» шыңына жетеді (Гогоберидзе А.Г. Теоретические основы развития субъектной позиции студента в условиях высшего профессионального образования. дисс. д.п.н..- СПб., 2002).
С.И. Змеевтің пікірінше, білім, жеке тұлғаның өмірлік тапсырмалар мен байланыстылықты ескере отырып, өмірлік мақсаттарға жету құралы, олай болса,білім берудің миссиясы білім алушылардың осы құралдарды меңгеруге жағдай жасауы (Змеев С.И. Основы андрогогики.- М.: Флинта, 1999.- 123с. ).
Оқытуды барынша дараландыру мен білім алушылардың өзіндік жұмыстарының рөлі мен тиімділігін күшейту жағдайында студенттің дербес оқу дағдыларын дамытуға, жеке оқу траекториясын жоспарлау мен жүзеге асыруға әсер ететін академиялық қолдау көрсету кешенімен (эдвайзер, тьютор, ментор, дамытушы курстар және т.б.) қамтамасыз етілуі керек. ЮНЕСКО-ның негізгі құжаттарында, білім берудің мақсаты «студенттің оқуға деген мотивациясын, дербес білім алу дағдыларын қалыптастыру». «Адам ең жоғарғы құндылық, оның дамуы, өркендеуі мен әл ауқаты маңызды, сондықтан білім берудің мақсаты осы мәселелердің орын алуына барынша әсер ету» деп анықталған.
Студенттің жеке оқу траекториясының шыңына шығу арнайы академиялық қолдау жағдайында ғана жүзеге асады. Себебі, студент өзінің қызығушылықтары, мүмкіндіктерін анықтап, мақсатқа жету маршрутын жоспарлап, оқу барысында кездесіп, кәсіби жетістікке жетуге кері әсерін тигізетін академиялық кедергілер мен қиындықтарды жоя білуге дайын болуы қажет.