Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет49/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60
Қазақстан
қогамындағы
саяси
жаңгыру
мәселелері


депутаттан тұрады.
Конституциялық  реформа  нәтижесінде  Үкіметтің  Парламент  алдындағы 
есеп беру жауапкершілігі күшейтілді. Мәжілістің қарамағына берілетін ерекше 
құқығы -  Президентке Премьер-Министрді тағайындауда келісім  беруі  болып 
табылады.  Бұдан  басқа,  төменгі  палата  өзінің  жалпы  мүшелерінің  көпшілік 
дауысымен,  жалпы  депутаттарының  бестен  бірінен  төмен  емес  санының 
ұсынысы  бойынша  Үкіметке  сенімсіздік  білдіре  алу  құқығына  ие  болды. 
Парламент 
депутаттарының 
өкілеттілігінің 
кеңейтілуімен 
қатар 
әрі 
жауапкершіліктер  де  күшейе  түсті.  Бұл  -   дауыс  беру  сәтінде  бірыңғай 
партиялық  ұстанымды  сақтап  қалу  қажеттілігімен  байланысты.  Депутат  өзі 
сайланған  саяси  партиядан  шыққан  немесе  шығарылған  сәтте  немесе  оның 
таратылуы 
жағдайында 
өз 
мандатынан 
айырылуы 
мүмкін. 
Осыған 
байланысты,  конституциялық  реформа  Парламенттің  билік  пен  саяси 
партиялардың  сайланған  органы  ретінде  мемлекет  пен  азаматтық  қоғам 
арасындағы 
делдалдық 
етуші 
рөлінің 
артуы 
саяси 
алаңның 
жаңа 
архитектоникасын жасады.
2017  жылы  25  қаңтарда  Назарбаев  халыққа  үндеу  жолдап,  онда  қазір 
заманның  дидары  өзгергенін  және  соған  орай  біз  де  өзгеруге  тиіс  екенін 
айтты.  Сол  себепті  мемлекеттің  басқару  жүйесін  де  жаңғыртатын  кез  келді. 
Елдің  мүддесі  мен  заманның  талабын,  ұрпақтың  болашағын  ойлай  отырып 
реформа  екі  негізгі  бағыт  бойынша  іске  асатынын  айтты.  Біріншіден, 
Президенттің  әлеуметтік-экономикалық  процестерді  реттеудегі  біршама 
өкілеттерін  Үкіметке  және  басқа  да  атқарушы  органдарға  беру  керектігін, 
екіншіден,  одан  да  күрделі  міндет  билік  тармақтары  арасындағы  қарым- 
қатынастарды  Конституциялық  деңгейде  теңгерімді  ету.  Осы  реформаның 
аясында  Үкіметті  жасақтаудағы  Парламенттің  рөлін  күшейтуді  және 
Парламент  сайлауында  жеңген  партия  үкімет  құрамын  анықтауда  түбегейлі 
ықпал  ететін  болатынын  ескертті.  Осылайша  Министрлер  кабинетінің 
өкілетті  билік  алдындағы  жауапкершілігін  артады.  Тиісінше  биліктің  заң 
шығарушы  тармағының  атқарушы  билікке  бақылауын  күшейтетін  болады. 
Айтылған осы  екі бағыттың қай-қайсысына да жауапкершілік пен кәсібилікті 
арттыру арқылы  мемлекеттік басқарудың тиімділігін күшейтеді.
31  қаңтардағы  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 
қабілеттілік» 
атты  Жолдауы  және  ондағы  рухани  дүниенің  жаңғыруына 
ерекше  көңіл  бөлген 
саяси  құжат  деңгейіндегі  12  сәуірдегі  Елбасының 
«Болашаққа бағдар:  рухани жаңғыру» мақаласын баса айтуымыз керек.
132


П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1.  Демократия түсінігіне анықтама беріңіз.
2.  Демократияның, түрлерін көрсетіңіз.
3.  Демократияның тарихи түрлерінің ерекшеліктерін анықтаңыз.
4. Қазақстанда демократиялық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері неде?
5.  Саяси жаңғыру түсінігін беріңіз.
6. Қазақстандағы рухани  жаңғыру мәселесі туралы пікіріңіз.
Әдебиеттер:
1. Кенжебаев С.Саясатану негіздері. А.,  1999
2. Жамбылов Д.  Саясаттану негіздері. А., 2000
3. Политология:  Учебник/Под ред Т.Т. Мустафина. А.,  1993
4. Мальцев В.А. Политология. М.,  1998
5.  Назарбаев  Н.  Ә.  «Қазақстанның  үшінші  жаңғыруы:  жаһандық  бәсекеге 
қабілеттілік»  Астана, 2017
13 - Дәріс  Саяси процесс
Сабақтың мақсаты:  Студенттерге саяси процесс және оның типологиясы 
туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1.  Саяси процесс ұгымы,  оның мәні,  құрылымы.
2.  Саяси процесс кезеңдері және типологиясы.
3.  Саяси процеске қатысу нысандары.
133


Саяси  процесс  дегеніміз  -   саяси  оқиғалардың 
бірізді ішкі байланыс, әр түрлі саяси жеке адамдардың 
саяси  өкіметті  қоғамда ұстап  қалу үшін өзіндік  бірізді 
әрекеті.  Саяси  процесс  ұғымы  кең  және  тар  мағына- 
сында  қолданылады.  Кең  мағынасында  ол  қоғамның  саяси  жүйесінің  уақыт 
пен  кеңістікте  дамып,  жұмыс  істеуін  білдіреді.  Тар  мағынасында  түпкілікті 
нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.
Саяси процестің өмірге келуі белгілі бір ойдан, идеядан туындайды да оның 
теорияға  айналуына  процестің  субъектісі  (үкімет,  жетекші  және  т.с.с.)  оны 
теория  дәрежесіне  жеткізеді.  Процесс  элементтерінің  өзара  сәйкестілігі 
анықталады.  Олардың  билік  субъектісі  мен  мақсат-міндеттері,  әдіс-тәсілдері 
арасындағы  үйлесімділік  болуы  керек.  Орындаушылардың  алға  қойған 
талаптарына жауап бере алуымен қатар, олардың жеткілікті қаржылары болуы 
керек.  Саяси  процестің  әрбір  кезеңі  мұқият  ойластырылғанда  ғана  табысты 
болады.
Қоғамдық  өмірдің  бір  саласы  -   саяси  өмір.  Саяси  өмір  саяси  байланыстың 
қарапайым  нысаны  саяси  қатынастардан  көрінеді.  Онда  өмір  сүріп  жатқан 
топтардың,  жіктердің,  ұйымдардың  мақсат-мүдделері  кейде  үйлесіп,  кейде 
келіспей  жатады.  Осындай  саяси  жүйенің  бір  қалыпты  жағдайдан  екінші 
жағдайға  келіп,  ауысуын,  өзгеруін,  қозғалысын  саяси  процесс  дейді.  Бұл 
процесс  саяси  деп  аталғандықтан  ондағы  өзгерістер  ең  алдымен  билікке,  оны 
бөлу  және  қайта  бөлуге,  азаматтарды  шешім  қабылдауға,  басқарушылардың 
қызметін  бақылауға және т.  с.  с.  жұмылдыруға,  халықтың  саяси  белсенділігін 
арттыруға  байланысты  болады.  Сондықтан  саяси  процестің  басты  мәселесі  -  
азаматтардың  әртүрлі  мүдделерін  біріктіріп,  жинақтайтын  саяси  шешім 
қабылдауда және оны іске асыру.
Саяси  жүйені  тұтас  алсақ,  оның  даму  процесін 
бірнеше кезеңге бөлуге болады:
1.  Саяси жүйені конституциялық тұрғыдан айқындау.
2. Саяси жүйенің өзін-өзі жаңартуы.
Саяси  жүйенің  жағдайы  мен  іс-әрекетің  бақылау-екі  жолмен  жүргізіледі: 
134


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет