Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет48/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60
Демократияның қазақстандық 
моделін қалыптастыру
130


етіп,  өңірлік көшбасшыға айналған  елімізде  бірқатар шаралар жүзеге асырыл- 
ды:  үкімет  мүшелерінің  кандидатураларын  талқылау;  әкімдердің,  халық 
алдында есеп беруі; сайлау заңнамасын жетілдіру; судьялар мәртебесін көтеру.
Саяси жаңғыру -  бұл  саяси жүйенің  әлеуметтік мақсатта- 
рының жаңа түрлеріне тұрақты және сәтті бейімделудің арта 
түсуі  әрі қорларды  бақылау ғана емес,  сондай-ақ үкімет пен 
халық  арасында  тиімді  сұхбат  жүргізу  үшін  арналарды 
қамтамасыз 
ететін 
жаңа  түрдегі 
институттар 
құру. 
Жаңғырудың 
жолдары 
мен 
тәсілдерін 
талдауда 
зерттеушілер  алдында  мынадай  сұраулар  тұрды:  мемлекеттік  билік,  саяси 
партиялар,  басқа  да  саяси  институттардың  экономикалық,  әлеуметтік  және 
мәдени  ілгерілеуге  неғұрлым  тиімді  мүмкіндік  туғызуы  үшін  қандай  саяси 
жүйені  құру  керек?  Қоғамды  басқарудың  демократиялық  тәсілдерін  енгізу 
үшін  саяси  құрылыста  қандай  өзгерістерді  жүзеге  асыру  қажет?  Бұл 
сұрауларға жауап  іздеудің  негізгі  мәселесі  «қазіргі  заманға дейінгі»  қоғамнан 
«казіргі  заманғыға»  өтпелі  кезеңнің  саяси  жүйесіне  талдау  жасау  болып 
табылатын саяси жаңартудың тұжырымдамасы пайда болғаны заңды да.
Ауқымды  әлемдік  қоғамдастыққа  кіру  қажеттілігіне  тап  бола  отырып, 
посткеңестік  мемлекеттер  жаңарту  жолына,  яғни,  негізінен,  батыстық 
дамудың 
қарқындары 
мен 
стандаттарына 
бейімделген 
әлеуметтік- 
экономикалық және саяси өзгерістер жолына түсті.
2007  жылы  Қазақстанда  елдің  саяси  жұйесін  мұнан  әрі  қарай  жаңарту 
тұжырымдамасына негізінен  сәйкес  келетін  бірқатар  айтулы  оқиғалар  болды. 
Біріншіден,  2007  жылдың 28  ақпанында Президент Н.Назарбаев  өзінің  «Жаңа 
әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  -   атты  Қазақстан  халқына  жолдауында  елдің  әрі 
қарай  дамуының  жалғыз  дұрыс  бағыты  деп  жан-жақты  жедел  жаңғырта 
жаңарту  жолын  атады.  Екіншіден,  2007  жылдың  мамырында  Қазақстан 
Республикасының  Конститутциясына  саяси  алаң  мен  саяси  ойын  ережесінің 
пішін үйлесімін өзгерткен өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.  Үшіншіден, 
2007  жылдың  18  тамызындағы  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 
Мәжілісіне  өткізілген  сайлау  елдің  саяси жүйесінің дамуының жаңа кезеңінің 
басталғандығын  белгілеп  берді.  Парламенттің  төменгі  палатасының  құрамы 
пропорционалдық  сайлау  жүйесі 
арқылы 
«Нұр 
Отан» 
партиясымен 
жасақталды,  бұдан  өзге,  Мәжілістің  тоғыз  депутаты  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясынан сайланады.  Соған сәйкес,  бүгінде төменгі палата құрамы  107
131


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет