Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет58/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Қазақстан 
Республикасы сыртқы 
саясатыоның көп 
багытты сипаты
149


құрамындағы  Қазақстанның  Сыртқы  істер  министрлігі  негізінен  хаттамалық 
қызметпен  шектеліп,  сыртқы  саясат  мәселелерін  ол  үшін  орталық  шешсе, 
бүгінде  Қазақстан  Республикасы  егеменді  ел  болып,  өзінің  тәуелсіздігін 
алғаннан  кейін  өзінің  сыртқы  саясатын  ұлттық-мемлекеттік  мүддесіне  сай 
жүргізе  бастады.  Ол  дүниежүзілік  қауымдастыққа  дербес  субъект  ретінде 
белсене  кірісті.  Бұған  дәлел  -   Қазақстан  Республикасының  Біріккен  Ұлттар 
Ұйымының  толық  құқылы  мүшесі  болуы,  Хельсинки  келісіміне  қосылуы, 
СШК-1  Шартына,  Лиссабон  хаттамасына  қол  қоюы  және  Ядролық  қаруды 
таратпау  туралы  шартқа  енуі  оның  халықаралық  беделін  нығайтып,  егемен- 
дігін,  қауіпсіздігін  және  шекараларының  мызғымастығын  баянды  етті.  Бұған 
АҚШ-пен  «Демократиялық  серіктестік  туралы  хартияға»  қол  қоюы,  НАТО- 
ның  «Бейбітшілік  мүддесіндегі  серіктестік»  бағдарламасына  қосылу,  АҚШ, 
Ресей,  Ұлыбритания,  Франция  және  Қытай  сияқты  ядролық  державалардың 
Қазақстанға берген қауіпсіздік кепілдіктері жәрдемдесті.
Республиканың  негізгі  әлемдік  валюта  қаржы  ұйымдарына  -Халықаралық 
валюта  қоры,  Бүкіл  дүниежүзілік  банкі,  Еуропалық  қайта  құру  және  даму 
банкісіне енуінің маңызы зор.  Сондай-ақ, Еуропалық одақпен серіктестік және 
ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Еліміз Азияның он елін біріктіре- 
тін Экономикалық ынтымақтастық ұйымында белсенді түрде жұмыс істеуде.
Республика тиісті халықаралық институттармен,  атап  айтқанда ЮНЕСКО -  
мен  қайырымдылық  және  мәдени  салаларда  тығыз  байланыс  жасап  отыр. 
Соның айқын дәлелі -  ұлы Абайдың  150 жылдық мерейтойы көптеген елдерде 
ЮНЕСКО-ның демеуімен аталып өтуі.
Елімізді қазір дүние жүзінің  120-дан астам мемлекеті таныды,  олардың  105- 
мен дипломатиялық қатынастар  орнатылды.  Шетелдерде  29  елшілік  ашылып, 
елде  40  елшілік  пен  миссия,  халықаралық  және  ұлттық  ұйымдардың  16 
өкілдігі жұмыс істейді.
Қазакстанның  сыртқы  саясатының  негізінде  өзінің  қауіпсіздігін,  егемендігі 
мен  аумақтық  тұтастығын  қамтамасыз  ететін,  мемлекетіміздің  дүниежүзілік 
қауымдастыққа  енуіне,  республика  ішіндегі  реформаларды  жүзеге  асыруға, 
оның  тиімді  және  қарқынды  экономика,  тұрақты  демократиялық институттар 
жасауға,  барлық республика халқының құқығы мен  бостандықтарын қорғауға 
қолайлы  жағдайлар  жасау  мүдделері  жатыр.  Ол  өзінің  қауіпсіздігін  қамтама- 
сыз  етуде  әскери құралдарды  емес, парасатты,  салмақты дипломатияға сүйене 
отырып,  саяси  құралдарды  пайдалануды  мақсат  етіп  отыр.  Ол  халықаралық 
байланыстарының негізінде, таяу және алыс шетелдердің бәрімен өзара тиімді, 
саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени қатынастарды орнатуда.
Республиканың  сыртқы  саясаты  экономикалық  байланыстарды  нығайтуды
150


да  қамтиды.  Бүгінде  республикада  200-ге  жуық  шет  елдік  фирмалардың, 
банкілердің,  өзге  ұйымдардың  өкілдері  бар.  Қазақстан  қазір  әлемнің  80-нен 
астам  еліне  өнімдер  шығарады.  Тауар  айналымының  Қытайға -   22%,  Герма- 
нияға -   13,6%,  Ұлыбританияға -   11,6%, Швейцарияға -   11%, Нидерландыға -  
4,7%,  Австрияға  -   2,5%  келеді.  Елімізде  2000-нан  астам  бірлескен 
кәсіпорындар тіркелген.  Біздің  серіктестеріміздің  ішінде  дүние жүзіне  белгілі 
«Шеврон»,  «Эльф  Акитан»,  «Бритиш  Газ»,  «Мобил»,  «Токсако»,  «Амоко», 
«Аджип» мұнай, газ өндіретін компаниялары және басқалары бар.
Сыртқы  саясат  экология  мен  айналадағы  ортаны  қорғау  мәселелерімен  де 
астасып  жатыр.  Бұл  орайда,  алдыңғы  қатарда Қазақстанның  екі  қасіреті  тұр. 
Біріншісі  -   тартылып  бара  жатқан  Арал  теңізі.  Екіншісі  -   экологиялық 
қасіретіміз -  Семейдегі ядролық полигон.  Осы аймақтарды сауықтыру, зардап 
шеккендерді  емдеу,  дүниеге  келер  сәбилерді  қауіпсіздендіру үшін  орасан  зор 
қаржы керек.  Оны жас мемлекетіміз жалғыз шеше  алмайды.  Сыртқы саясаты- 
мыз бұл мәселелерді де ескереді.
Сыртқы  саясатпен  тікелей  байланысты  саясат  түрі  -   әскери  саясат.  Бұл 
саладағы  негізгі  мақсат  -   Қазақстан  жерінің  тұтастығы  мен  тәуелсіздігін 
қорғай алатын шағын да мықты әскер ұстау. Республика стратегиялық шабуыл 
қаруын  қысқартуды  жақтайды,  жаппай  қырып-жоятын  қарудың  басқа 
түрлеріне тыйым  салуға бағытталған  бастамаларды  дұрыс  деп таниды.  Қазақ- 
станның  қазіргі  сыртқы  саясатының  негізгі  мақсаттары  мен  қағидаларына 
жататындар;
- мемлекеттік мүддені қорғау;
- елімізде экономикалық реформаларды жалғастыру,
-  демократиялық институттарды  күшейту үшін,  сыртқы жағдайды  барынша 
қамтамасыз ету;
-  әлемдегі  барлық  елдермен  тең  құқықты  және  серіктестік  қатынастарды 
дамыту;
- ғаламдық және аймақтық интеграциялық процесстерге белсене қатысу;
- халықаралық ұйымдармен ынтымактастықты тереңдету.
Қазақстан Республикасының халықаралық аренадагы жүргізетін саясаты- 
ның  ерекшелігіне  қатысты  мәселелерді  анықтаудың  маңызы  зор.  Оган 
мыналарды жатцызуга болады:
151


1.  Қазақстанның  Евразия  орталығында  тұруы,  екі  бірдей  экономикалық 
және мәдени орталықтардың арасында болуы.
2.  Қазақстан  гиппертерриториялдығымен  ерекшеленеді.  Аумағының үлкен- 
дігі,  басқа  мемлекеттермен  шектесуі,  шекарасының  кеңдігі  елдің  қауіпсіздік 
мәселесін қиындатады.
3.  Шетелдермен  байланыстыратын  су  жолының  болмауы  Қазақстанды 
қазіргі өркениетті коммуникациялармен байланысын қиындатуда.
4.  Қазақстанның  екі  үлкен  державалар  -   Ресей  мен  Қытайдың  арасында 
орналасуы.
1.  Қазақстанның  ерекше  этникалық  құрамы: 
көпұлттылық.
2.  Қазақстанда  сыртқы  тіректері  күшті  ұлттық 
топтардың болуы (Ресей, Г ермания).
3. Қазақ халқының едәуір бөлігінің диаспориялық жағдайда болуы.
1. 
Қазақстан 
экономикалық 
тұрғыдан 
алғанда 
дамыған  елдермен  қатар  дамушы  елдерге  тән 
белгілерге ие.
2. 
Экономикалық  құрылымда  ірі  өндірістің  басым  болуы  сыртқы 
экономикалық байланыстарды демонополизациялау процессін қиындатады.
Қазақстандағы ұлтаралық қатынастағы
оңды  тәжірибе  саяси  тұрақтылықты  қамтама- 
сыз етудің маңызды факторы болып отыр.
1.  Қазақстандықтар  арасындағы  ұлттық және  діни  сенімдеріне  байланысты 
төзбеушіліктің болмауы. Республиканың ақпараттық тәуелділігі.
2. Бұл көрсетілген мәселелер Қазақстанның халықаралық қатынас субъектісі 
ретіндегі ерекшелігін айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет