Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет56/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Әдебиеттер:
1.  Юдин  Ю.  Политические  партии  и  право  в  современном  государстве. 
М.,1998
2. Жамбылов Д.  Саясаттану негіздері. А., 2000
3. Политология:  Учебник/Под ред Т.Т. Мустафина. А.,  1993
4. Қуандық Е.  Саясаттану Астана, 2001
15 -  Дәріс 
Дүниежүзілік саясат және халықаралық қатынастар.
Қазақстанның сыртқы саясаты
Сабақтың  мақсаты: 
Студенттерге 
әлемдік 
саясат 
және 
оның 
субъектілері, 
Қазақстан  Республикасы 
сыртқы 
саясатының 
басты 
багыттары туралы түсінік беру.
Сұрақтар:
1. Дүниежүзілік саясат ұгымы.
2. Қазақстан Республикасы сыртқы саясаты,  оның көп багытты сипаты.
3. Қазақстан Республикасының жаһандану үрдісіндегі орны.
146


Дүниежүзілік  саясат  мемлекеттердің  және 
басқа 
халықаралық 
субъектілердің 
әлемдік 
сахнадағы  іс-әрекетінің  жиынтығын  көрсетсе, 
халықаралық  қатынастар  дегеніміз  -   ол  әлемдік 
қауымдастықтың  негізгі  субъектілерінің  арасындағы  саяси,  экономикалық, 
әлеуметтік,  дипломатиялық,  құкықтық,  әскери  және  гуманитарлық  өзара 
байланыстары мен қатынаста-рының жүйелік жиынтығы.  Дүниежүзілік саясат 
әлемдік  қауымдастықтың  өміріне  қатысты  шешімдерді  шығару,  қабылдау 
және  оларды  жүзеге  асыруды,  мемлекеттердің  түбегейлі  мүдделеріне  сәйкес 
ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Х алы қаралы қ  қатынас  -   бұл  экономикалық,  саяси,  диполматиялық, 
әлеуметтік,  құқықтық,  әскери  және  гуманитарлық  байланыс  пен  әлемдік 
қауымдастықтың негізгі субъектілері арасындағы қатынастар жиынтығы.
Х алы қаралы қ 
қаты настарға 
ы қпал 
ететін 
факторлар: 
әлемдік 
экономикалық  жағдай;  әскери  стратегиялық  жағдай;  жеке  мемлекеттердің 
ықпалы, табиғи ортаның әсері; шикізат және табиғи ресурстар жағдайы.
Х алы қаралы қ  қатынастардың  негізгі  субъектілері:  халық;  мемлекет; 
мемлекетаралық  ұйым;  әлемдік,  регионалдық  саяси  үкіметтік  және  үкіметтік 
емес ұйымдар.
Қазіргі 
кезеңдегі  халы қаралы қ 
қаты насты ң 
дамуының 
негізгі 
тенденциялары: 
әлемнің  тұтастығы  мен  өзара  тәуелділіктің  артуы; 
халықаралық  қатынаста  көпұлтты  жүйенің  пайда  болуы;  әлемдегі  әлеуметтік 
әр  тектіліктің  сақталуы;  қарама-қайшылықтар  мен  шиеленістерді  шешуде 
саяси  құралдардың  ролінің  артуы;  проблемаларды  шешудің  дәстүрлі  жолда- 
рымен  әлемдік  дамудың  шынайылығы  арасындағы  қарама-қайшылықтардың 
шиеленісуі;  бірдіндеп  геосаяси  кеңістіктің  капитал,  тауар,  қызмет түрлері  бар 
біріккен аймақты құруы.
С ы ртқы  саясат -  бұл халықаралық аренада өз мүддесі мен қажеттіліктерін 
іске  асырудағы  мемлекет  пен  басқа  да  қоғамның  саяси  институттарының 
қызметі.
Сыртқы  саясаттың  мақсаты:  саяси  курстың  өткізілуі  мен  елдің  сыртқы 
экономикалық  дамуын  қолайлы  жағдаймен  қамтамасыз  ету;  сыртқы  саяси 
міндеттерді жүзеге асырып, халықаралық байланыс жүйесін қамтамасыз ету.
С ы ртқы   саясатты жүзеге  асырудың  формалары:  мемлекеттер  арасында 
дипломатиялық  қатынастар  орнату;  халықаралық  ұйымдар  негізінде  немесе 
соған  мүше  ретінде  мемлекеттік  өкілдіктердің  ашылуы;  мемлекет,  партия 
өкілдерімен әр түрлі дәрежеде жиі және үнемі байланысты жүзеге асыру.
Мемлекеттің  сы ртқы   саясатындағы  әдіс-тәсілдер:  үнемі  информация 
алмасуды  іске  асыру;  әртүрлі  дәрежеде  ресми  түрде  қарым  қатынас  пен
147


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет