Абдыкалыков Улан Кадырбекұлы Симтиков ж омарт Құдайбергенұлы а 14 Саясаттану. Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық



Pdf көрінісі
бет9/60
Дата15.04.2022
өлшемі3,44 Mb.
#31081
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60
Орта гасырдагы 
саяси ойлар
33


жануардан  айырмашылығы  сол  ол  билікті  қажет  етеді  деген  пікір  айтады. 
Онын осы пікірі екі түрлі саяси қағидаға негіз болды:
1. қоғамдық топтардың өзара дау-жанжалын шешудің қағидасы;
2. басшы топтар билігінің шеңберлі айналу түрінің қағидасы.
Ибн Халдун
Жалпы  исламдық  дүниетаным  мен  ғылым,  ең  алдымен  батыстың 
ортағасырлық  христиандық,  схоластикалық  философияға,  кейінірек  жаңа 
дәуір мәдениетіне зор ықпалын тигізді.
Қайта  өрлеу  батыс  еуропалық  ортағасыр- 
дағы тарихи және маңызды оқиғалардың бірі 
болып  табылады.  Оның  негізгі  мәні  -  
үстемдік  еткен,  бірақ  анархизмге  бет  бұрған 
феодалдық құрылыстан қол үзу.
Қайта өрлеу дәуірінің көрнекті  өкілі  буржуазиялық саяси ғылымның негізін 
салушы  -  Никколо  Макиавелли  (1469-1527  жж.).  Оның  атақты  шығармалары 
«Патша»,  «Тит Ливийдің  бірінші  он  күндігі  жөнінде  ойлар»,  «Флоренцияның 
тарихы».  Ол  өз  еңбектерінде  патшаның  табиғи-адами  құмарлық  қасиеттері 
арқылы  бүкіл  мемлекетке  тән  әлеуметтік-саяси  іс-әрекеттерді  анықтайды. 
Макиавелли көтерген өзекті мәселе -  өкіметтің өз қол астындағы азаматтарын 
игере  алу  қабілетінің  болуы.  Ол  мемлекеттің  негізгі  екі  түрі  монархия  мен 
республиканы ажыратты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет