Ғасырлар бойы Ресей империясы, одан кейін кеңестік тоталитарлық режим
саясат пен билік сырын бүгіп келді. Қазірдің өзінде де халқымыздың саясат
пен саяси жетекшілердің іс-әрекеттері жөнінде хабарлары аз. Көбіміз саяси
қайраткерлердің сөздерінің, ұрандарының, бағдарламаларының сырында не
жатқанын байқамаймыз. Саясат астарын білмей демократиялық жолмен алға
басу қиын.
Сондай-ақ, ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін жан-жақты
түсіндіріп беретін, оның өзіндік ерекшелігін екшейтін саяси білім керек.
Ондай саяси білімді тек саясаттану ғана бере алады.
Саясаттану қандай қызмет атқарады? Бұл ғылым саяси құрылысқа,
институттарға іс-әрекеттерге саяси баға береді. Демократиялық мемлекеттерде
саясаттану саяси әлеуметтану міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың
демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады. Саясаттану реттеуші-
лік басқару қызметін атқарады. Ол қоғамның саяси өмірімен тығыз байланыс
ты. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне
тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясат
тану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар
береді. Саяси білімдер, хаттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті тәжіри-
белік іс-әрекеттері басшылыққа алынады.
Саясаттану саяси өмірді жетілдіру міндетін атқарады. Бұл ғылым саяси
институттар мен қатынастарда, басқаруда реформалар жасап, оларды қайта
қарауда теориялық негіз болады. Оның көмегімен заң шығарушы және
атқарушы
органдар
қабылдайтын
құқықтық
жарғылар
мен
саяси-
басқарушылық шешімдер алдын-ала сарапқа салынып, зерттеледі, қоғамда
немесе оның жеке аймақтарында қалыптасып жатқан нақтылы жағдайлар
саяси
тұрғыдан
талданады.
Солардың
негізінде
ол
кейбір
саяси
институттардың жойылып, оның орнына бүгінгі талапқа сай басқалары келу
керектігін негіздейді, мемлекетті басқарудың қолайлы үлгілерін іздестіреді,
әлеуметтік-саяси шиеленістерді ауыртпалықсыз шешу жолдары мен әдістерін
көрсетеді.
Ең соңында, саясаттанудың болжау қызметін атаған жөн.
Саяси
зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен
ғана тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси
өзгерістер
жасауға бағытталған, ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс.
Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да осыда.
Саясаттану басқа қоғамдық ғылымдармен тығыз байланыста дамиды.
Себебі олардың бәрінің зерттеу объектісі - ортақ қоғамдық өмір. Олар
25
түседі.
Тарих болса жүйелі, дәйекті түрде оқиғаның болған уақытына байланысты
саяси институттар мен идеялардың дамуы туралы деректерді жинап,
суреттейді.
Жоғарыда аталған ғылымдармен қатар, саясаттану басқа да гуманитарлық
ғылымдармен байланысты. Солай бола тұра, саясаттанудың өзіне тән зерттеу
объектісі бар. Оған қоғамның саяси саласы, ондағы болып жатқан барлық
саяси құбылыстар мен үрдістер жатады.
П ысы қтауға арналған сұрақтар:
1. Саясат дегеніміз не, саясат жөніндегі алғашқы тұжырымдар?
2. Саясаттанудың қызметі қандай?
3. Саясаттанудың басқа ғылымдармен байланысы қандай?
Әдебиеттер:
1. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері А.2000.
2. Мухаев С.К. Политология М. 2000.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы А. 2007.
4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында.-А.1999.
5. Саясаттану негіздері: оқу құралы А. 1997.
2 - Дәріс
Саяси ғы лы мдары ны ң негізгі қалыптасу кезеңдері
Достарыңызбен бөлісу: