Абдрахманова Жаннур Сериковна Мекеме



бет3/4
Дата06.10.2023
өлшемі67,32 Kb.
#112992
1   2   3   4
Байланысты:
Экономика

2.2 Материалға сипаттама. (Абдрахманова Ж.С.)
Нарық жағдайында медициналық қызметтердегі қаржылық реттеу және саладағы сақтандыру нарығының дамуының мәселелері Е.А. Ананьева, Н.А. Гревцева, С.А. Ахмедов, Е.А. Мидлер, М.В. Жаров, Л.В.Тарасова, О.П.Щепин, Л.Н. Сундеева, Ю.М. Лысицин, В.И. Стародубов, В.В. Петухов, т.с.с. көптеген шетелдік зерттеушілердің еңбектерінде зерттелген.
Нарық жағдайында денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруды жетілдіру мен басқару, саланы тиімді реформалау және медициналық қызметтерді сақтандыру үлгісінің даму мәселелері жөнінде, М.А. Алиев, Т.К. Рахыпбеков, А.А. Аканов, С.У. Мустапаев, Ю.К. Шокаманов, В.Н. Девятко, М.К.Күлжанов, О.Т. Жүзжанов, Н. Жүзжанов, М.К. Томпиев, М.К. Егизбаев, М.А. Момынов, Г.Ж. Доскеева, А.Т. Шөжеева, т.с.с. көптеген отандық денсаулық сақтау саласын ұйымдастырушылар мен ғалым-экономистер зерттеулер жүргізген.
3 Талқылануы. (Абдрахманова Ж.С.)
Адамның табиғи қажеттілігі материалдық өндіріс саласының өнімдерін тұтынумен ғана қанағаттанбайды, қажеттіліктердің басым бөлігі тұтынушылардың жеке мүдделері мен сұраныстарын есепке ала отырып, әр түрлі дәрежедегі қызмет ауқымдары арқылы қанағаттандырылады. Қазіргі таңда ғылыми-техникалық дамудың мәні артып, нарықты экономика қатынастарының тереңдей дамып отырған уақытында еліміздің экономикасында материалдық өндіріс салаларының дамуымен қатар, қызмет көрсету салаларының да аса зор мәнге ие болғаны және келешекте де оның маңызы артып отыратындығы барлығымызға белгілі.
Қызмет көрсету саласы ол барынша әртекті, күрделі тармақталған және өзіне жергілікті шаруашылықтың әр түрлі бөлімдерін қамтитын ашық әлеуметтік-экономикалық жүйе [1, б.26]. Ол елімізде нарық қатынастарының тереңдеуі мен еңбектің қоғамдық бөлінісінде аса маңызды міндеттерді атқаруда. Қызмет көрсету саласының адамдар мен мемлекет өміріндегі маңыздылығы көптеген ғалымдардың осы мәселемен нақты шұғылдануына әсер етті. Нарықтық қатынастарға өту жағдайында қызмет көрсету саласының іс-әрекетін зерттеген Д.Р. Гвелесианидің [2, б.8] пікірінше, тұрғындарға көрсетілетін қызметтерді топтастыру оны келесі негізгі түрлерге бөліп қарастыруға мүмкіндік береді: тұрмыстық қызметтер, тұрғын үй-коммуналдық қызметтері, жолаушылар тасымалдау қызметі, мәдени-ағарту, дене шынықтыру және спорт мекемелерінің қызметтері, денсаулық сақтау және банк мекемелері көрсететін қызметтер, білім беру және құқық қорғау саласындағы қызметтер.
Тұрғындарға көрсетілген қызмет көрсету саласын талдау оның бірнеше маңызды ерекшеліктерін ашып көрсетуге мүмкіндік береді:
Біріншіден, қызмет көрсету саласының табиғи жаратылысының әр түрлілігі, қызмет көрсету түрлері санының тұрақты артып отыратындығы қызмет көрсету түрлерінің әралуандылығы және қызмет көрсететін кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдардың іс-әрекеттерінің жергілікті сипаты, қызмет көрсету салаларының бөлімдерінің аумақтық шашыраңқылығы және т.с.с, елеулі дәрежеде салаішілік шашыраңқылықты қалыптастырады [1, б.27]. Ресей ғалымдары Видяпин В.И. және Г.П. Журавлев қызмет көрсетуді адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын, пайдалы нәтижесі бар, адамның мақсатты бағытталған іс-әрекеті деп санайды [3, б.73].
Демек қызмет көрсетулер, адамның нақты қажеттілігін қанағаттандыру көзі ретіндегі, кәсіпорынның, ұйымның немесе жекелеген өндірушінің қызметінің құны.
Ал отандық зерттеушілердің пікіріне сай, неғұрлым маңызды әлеуметтік қызметтердің қатарына төмендегілерді жатқызуға болады:
- тұрғындар денсаулығын қорғау;
- ағарту;
- қоғамдық тәртіпті күзету;
- тұтыну қызметтері;
- өзге де қызметтер [4, б.11].
Сонымен, қызмет көрсету түрлерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардық барлығының қоғамға, мемлекет пен оның экономикасына тигізетін әсерлері зор. Алайда, осы барлық қызмет көрсету нәтижелерінің қоғамда айтарлықтай жақсы дәрежеге жетіп, нәтижелі әрекет етуі ең бірінші кезекте, адам денсаулығына тәуелді. Ал қызмет көрсетулердің көптеген түрлері (жоғары, орта, арнайы оқу орындары, мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері) қоғамдағы өресі биік, дені сау, жоғары дәрежелі жұмыс күшінің қалыптасуына ерекше ықпал етеді.
Қазақстан Республикасының мединицалық қызметтер нарығы мынандай бөлімдерден тұрады:

  1. Мемлекеттік;

  2. Муниципиалды;

  3. Жеке.

Сонымен қатар, қоғамдағы негізгі өндіргіш күштердің іс-әрекеті тек жұмыс күшіне ғана тәуелді емес. Ол сонымен қатар биологиялық факторлармен анықталатын осы жұмыс күштерінің еңбек қабілеттіліктерінің деңгейімен де тығыз байланысты. Экономиканың өзге салаларымен тығыз байланыстағы денсаулық сақтау саласы жұмыс күшінің ұдайы өндірісіне, адам организмінің жан-жақты дамуы мен қалыптасуына, қоғамның барлық мүшелерінің үйлесімді дамуына әсер ете отырып, өндіріс субъектілеріне және экономикалық өсуге аса зор ықпалын тигізеді. Сол себепті, кешегі әміршілдік-әкімшілдік сипаттағы жоспарлы экономика тұсында, ал бүгінгі нарықтық экономика жағдайында да еңбекке қабілеттіліктің жалпы деңгейі денсаулық сақтау саласының қызметтеріне толық тәуелді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың басына дейінгі қоғамдағы экономикалық және қоғамдық саяси жағдайларға да өз әсерін тигізетін түрлі эпидемиялардың өршуі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін үзбей бақылап, дамытып және нығайтып отыруды қажет етеді.
Өзге қызмет көрсетулер түрлерінен маңызды бір ерекшелігі, медициналық қызмет нәтижесі – адамзаттың тиімді әрі нәтижелі еңбек етуі арқылы олардың қоғамдық өндіріске қатысуына жағдай жасай отырып, адам денсаулығы мен еңбек қабілеттілігін жақсартудың басты кепілі бола алады. Қоғамдағы жеке тұлғалардың денсаулықтарының жақсы болуы-қоғамның жан-жақты дамуының алғы шарты. Бұл, аймақтағы денсаулық сақтау саласының қызметтерінің қалыптасуы мен дамуы, адамның қарапайым органикалық қажеттіліктерін терең, әрі ғылыми негізде қалыптастыруға және дамытуға көмектеседі. Бұл физиологиялық қажеттіліктер еліміздің санитарлы-медициналық ережелеріне сай болуы және ғылыми ережелердің құралдары арқылы өлшенуі және реттелінуі тиіс. Нарықтық экономика жағдайында осындай ғылыми дәлелденген көрсеткіштерді пайдалана отырып, қоғамның барлық мүшелерінің түрлі қажеттіліктерінің қанағаттандырылу бағытын дұрыс анықтауға болады.
Нарықтық экономика ұғымдарының сөздігі экономикалық қатынастар жүйесін аясында сұраныс, ұсыныс және оларға баға қалыптасатын нарық деп атаған [6, б.120].
Қазіргі экономикалық құбылыстардың нақтылығы, саланың экономикасына нарықтық қатынастарды енгізуге, медициналық қызмет саласындағы қаржы- экономикалық қатынастар жүйесінің анықталуына дәстүрлі тәсілдерінің өзгеруіне объективті негіз береді. Денсаулық сақтаудағы нарықтық қатынастардың ерекшеліктері бір жағынан қоғамдық игілік ретінде, ал екінші жағынан тауар ретінде көрінетін медициналық қызметтің ерекше табиғатына негізделген.
Медициналық қызмет нарығының өзге нарықтардан маңызды ерекшеліктерінің бірі де, оны тұтынушылардың сатып алу кезеңінде таңдап, салыстыру, сатып алуды кейінге қалдыра тұру сияқты шешімдерді қабылдауының қиын екендігінен көрінеді.
Яғни, саланың экономикалық үлгісін жасауда дамудың баламалы бағыттарын таңдау жолымен жүйелі тәсілді қолдану медициналық қызмет өндірісіне инвестициялаудың әлеуметтік-экономикалық қайтарымын барынша арттыруға мүмкіндік береді. Медициналық қызметтерге сұраныс денсаулық жағдайына бағынады, алайда осы қызметтерге қойылған баға мен табысқа, қажеттілігі дәлелденген тұтынушылыққа байланысты анықталады [7, б.3].
Медициналық қызметті өндірушілер, тұтынушылар, ресурс иелері арасындағы бәсекелестік ресурстарды орналастырудың және осы медициналық қызметі қалай өндіріп, қалай алу керектігінің үйлестіруші механизмін құрайды. Бәсекелестік механизімнің болуы денсаулық сақтаудың нарықтық экономикасының үздіксіз қызмет атқаруының негізін қалайды. Медициналық қызметті тұтынатын және өндіретін әртүрлі меншік түрлерінің жеткілікті болуы ресурстарды тиімді пайдалануға және үнемдеуге ынталандырады. Медициналық және сақтандыру қызметтеріне деген сұраныс пен ұсыныстың өзара байланысы оларға деген бағаны қалыптастырады.
Медициналық қызмет нарығын жетілген немесе жетілген бәсекелестікке жатқызу немесе жатқызбау бойынша бірнеше ғылыми көзқарас бар. Экономистер біршама уақыт бойы медициналық қызмет нарығының бәсекелестік сипаты туралы пікір таластыруда. Бір жағынан, тиімді тарифтік саясатта медициналық қызмет пен инновацияның ірі көлемдегі өндірісі арқылы ұзақ мерзімді экономикалық өсуге әкеледі. Алайда саланың нақты монополиясы қазіргі қоғамның қажеттілігіне сай емес. Сондықтан да көптеген көрнекті отандық және шетелдік зерттеушілер Қазақстанда медициналық қызметтің көп қырлы нарығын құру қажеттілігін ұсынуда.
Медициналық қызмет нарығының тағы да бір басты ерекшелігі – саладағы баға құрылымының қалыптасу кезеңі. Медициналық қызмет ерекшелігіне, сонымен қатар медициналық қызметті өндірушілер мен тұтынушылардың арасындағы тәуекелді бөлу әдісі бойынша, қызметтерге баға алдын-ала немесе қызмет көрсету барысында тікелей қойылатындығы жатады, нәтижесінде, медициналық қызметтерді алып-сату кезінде, келісім нысаны ол жасалып біткен соң ғана қалыптасады. Осы фактор медициналық қызметтерді бөлшектеп төлеу немесе жанама төлеуге жағдай жасай отырып, тұрақты сипатта болады. Осы негізде медициналық қызметтер нарығын келісім-шарт нарығы деп анықтауға да болады. Сондықтан, денсаулық сақтау саласының нарықтық механизмі мен әлеуметтік мәні тұжырымдамалардың қарама-қайшылығы нәтижесінде медициналық қызмет нарығының өзінің ішінде өзара қарама- қайшылық туады.
Кесте 1 – Медициналық қызмет көрсетудің 2018-2022 жылдардағы қаржылай нарық ресурстары



Көрсеткіштер

2018

2019

2020

2021

2022

Қаржыландыру көлемі – барлығы, млрд. теңге.

131,2

187,1

231,1

309,5

403,5

бір адам басына шаққанда (барлығы), теңге

8740

12298

15184

20105

25932

бір адам басына шаққанда (жергілікті деңгейде), теңге

7097

9946

12304

17344

22542

МКТМК-ті қаржыландыру көлемі, млрд. теңге

90,5

118,5

139,6

195,1

225,6

бір адам басына шаққанда (барлығы), теңге

6025

7785

9172

12673

14949

бір адам басына шаққанда (жергілікті деңгейде), теңге

5433

7405

8728

11969

13636

Ескертпе - Денсаулық сақтау Министрлігінің ресми сайтындағы және ҚР Статистика Агенттігінің деректерінің негізінде құрастырған автор.

Жоғарыдағы кестенің статистикалық деректеріне сәйкес, 2022 жылы медициналық қызметтер нарығына жұмсалған жалпы қаржы ресурстарының көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 74,6 %-ға, 2005 жылмен салыстырғанда 115,7 %-ға және 2018 жылға қарағанда 3 есеге артқан.
Қаржы ресурстарының көп бөлігі мемлекет кепілдендіретін тегін медициналық қызметтерге жұмсалған. Бұл бағытта жұмсалған мемлекеттік шығындардың жалпы көлемі 2022 жылы 225,6 млрд.тенгені құрады. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 61,6 %-ға және 2018 жылғы қаржы көлемімен салыстырғанда 149,3 %-ға жоғары. Мемлекет кепілдендірген тегін медициналық көмектің 1 адам басына шаққандағы көлемі 2022 жылы 14949 тенгені құрады, яғни мемлекеттің адам басына бөлген тегін медициналық көмегінің қаржылық көлемі 2020 жылмен салыстырғанда 63 %-ға және 2018 жылға қарағанда 2,5 есеге артқан. Ал жергілікті деңгейде бұл көрсеткіш (2022 жылғы көрсеткіш) 2020 жылмен салыстырғанда 56,2 %-ға және 2018 жылмен салыстырғанда 151 %-ға немесе 2,5 есеге көбейген.
Медициналық сақтандыруды енгізу жолымен денсаулық сақтау экономикасын құрастыру жағдайында жаңа қатынастарды қалыптастырумен саланың қаржы-экономикалық қатынастарын басқарудың дәстүрлі әдістерін түбегейлі өзгертті. Алғаш рет, салаішілік өзара қарым-қатынастарда экономикалық мазмұны «тауар» анықтамасына сай келетін және нарықтық бағасы сұраныс пен ұсыныстардың өзара қатысуы арқылы анықталатын «медициналық қызмет көрсету» ұғымы енгізіле бастады.
Денсаулық сақтау экономикасын медициналық сақтандыру арқылы қарастыру мынадай негізгі ерекшеліктерді бөліп көрсетуге мәжбүрлейді:
1) денсаулық сақтаудың мемлекеттік, жеке меншік секторларының және сақтандыру қызметтерінің қатарласа дамуы көпқұрылымдықты көрсеетеді. Көпқұрылымды экономикалық қалыптасу қоғамды демократияландыру стратегиясына сай келеді;
2) медициналық қызмет көрсету нарығының тұтынушылары, сақтандырушылары мен өндірушілердің арасындағы бәсекелестік ортаны қалыптастыратын медициналық қызметтің қаржылық нарығын құру;
3) саланың өз ішкі жағдайын реттеп отыратын және қаржы ағымдарын қатаң бақылауға алатын икемді қаржы-экономикалық механизм ретінде көрсету.
2020-2022 жылдар аралығындағы ММС қорларының ұйымдастырушылық-экономикалық қызметтерін талдаудан айқайтынымыз, сақтандыру жүйесі ҚР тұрғындарының 84,1 пайызын (жұмыс істейтіндер 23 пайызын, жұмыссыздар 62 пайызын) қамтыған. Сақтандыру жүйесінің тұсында 2020 жылы стационарда 1 емделіп шыққан жағдайдың орташа құны 53 мың теңгені құраса, 2022 жылы 62 мың теңгені құраған.
Кесте 2 – 2020-2022 жж. аралығындағы ММС қорларының іс-әрекетінің орындалуын экономикалық талдау





Жылдар

Сақтандырылған барлық тұрғындардың саны, мың адам

Соның ішінде жұмыс істейтіндер

Соның ішінде жұмыс сыздар

Жан басына шаққанда мөлшер (жоспар, теңге)

Стационарларда емделіп шыққан 1 жағдайдың орташа құны (мын тенге)

Емханаларға бір рет келуге кеткен шығынның орташа құны (теңге)

жұмыс істейтін дер

жұмысс ыздар

1

2020

1847

502

1345

922

473

53

23,7

2

2021

1660

433

1222

1093

1468

61

41,2

3

2022

1663,3

449,9

1208,4

1298

885

62

49,3

4

ҚР бойынша

16641

5443,5

9411,7

1964

1984,5

79

56,8

5

Республикал ық деңгейге пайыз түрінде

100

83

12,8

66,41

44,6

78,5

86,8

Ескерту; ММС қорының есеп беру мәліметтерінің негізінде жасалды.

Қазақстанның денсаулық сақтау ұйымдары үшін инновациялық белсенділік көрсеткішін есептеу тәжірибесі жоқ. Сонымен қатар, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету шеңберінде жаңа медициналық технологияларды енгізетін аурухана ұйымдарының үлесі оның жанама көрінісі бола алады. Соңғы жылдары осындай инновациялық-белсенді ұйымдардың үлесінің белгілі бір өсуіне қарамастан (2020 жылы 2,3% - дан 2022 жылы 8,7% - ға дейін), салада енгізілетін инновациялардың көлемі және саланың инновациялық дамуына белсенді қатысушы ұйымдардың саны төмен болып қалуда.
Мұндай төмен көрсеткіштердің себептері нашар дамыған ғылыми және инновациялық инфрақұрылым, зерттеушілердің әлеуетінің жеткіліксіздігі, ғылыми ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандырудың әлсіздігі, ғылым мен инновацияларды қаржыландыру көлемінің жеткіліксіздігі, оның ішінде ұлттық ғылымды дамытуға бизнес-құрылымдардың қатысу деңгейінің төмендігі болып табылады.
Денсаулық сақтау саласындағы медициналық қызметтерді әлеуметтік- экономикалық жағынан қайта ұйымдастырудың қажеттілігі, бағыттары мен мақсаттары елдегі экономикалық жағдайына және саланың қызметтерін барлық тұрғындардың тұтыну қажеттіліктеріне байланысты.
Осылайша қазіргі денсаулық сақтау жүйесінде дамудың әлеуметтік- экономикалық механизмін жетілдіруді қажетсінетін бірқатар мәселелер бар, олар, аймақтардағы денсаулық сақтау нысандарының толық емес нашар материалды-техникалық базасы мен саланың мамандармен толық қамсыздандырылмауы, денсаулық сақтау жүйесіндегі біртұтас ақпараттық кеңістіктің болмауы. Аймақта халық денсаулығын жақсарту және аурулардың алдын-алуға бағытталған кешенді іс-шаралардың жүргізіліп отырғандығына қарамастан, денсаулық сақтау саласындағы қаржылық мәселелердің өз шешімін толық таппауы, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен бас тарту құбылыстарының нәтижелері, халықтың барлық бөліктерінің ақылы медициналық қызметтерді пайдалана алмауы, т.с.с. мәселелер шетелдік және отандық дамуды талап етеді.
Денсаулық сақтауға арналған ағымдағы шығындар серпінін талдау мемлекеттік шығындардың 2,8 есе, сондай – ақ жеке меншік шығындардың 4,1 есе өсуін көрсетеді. 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейінгі кезеңде жеке секторда көрсетілетін қызметтерді тұтынудың орташа есеппен 23,6%-ға өсуі, сондай-ақ жеке сектордың алғашқы медициналық-санитариялық көмекке интеграциялануының жоғары қарқыны байқалады.
Бұл денсаулық сақтаудың жеке секторын Қазақстан Республикасындағы медициналық қызметтер нарығының толық құқықты қатысушысы деп санауға болады, бұл денсаулық сақтау жүйесіне жеке инвестицияларды тартуға мүмкіндік береді.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жағдайында мемлекеттік тапсырысты орындауға және кедергісіз ортаны қамтамасыз ету саясаты сақталған жағдайда жеке сектордың одан әрі өсу қабілеті жоғары болады.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу және МӘМС шеңберінде барлық медициналық қызмет көрсетушілердің сапасын бағалауға біріздендірілген тәсілді қамтамасыз ету бәсекелестік үшін тең жағдайларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Саладағы медициналық қызметтерді әлеуметтік-экономикалық жағынан жетілдірудің қажеттілігі, бағыттары мен мақсаттары




Қажеттіліктері Бағыттары Мақсаттары



Тұрғындардың, санитарлық- гигиеналық сауаттылығын арттыру

Ауруларды қаржыландырудың жаңа көздерін табу, ЕМС және ММС қорлары қаржыларын тарту, мемлекет кепіл берген ауруларды қаржыландыру көлемін жылдан- жылға ұлғайту беру

Мемлекеттік бюджет қаражаттарының жеткіліксіздігінен, қосымша қаржы көздерін іздестіру қажеттілігі



Медициналық емдеу - алдын алу мекемелерінің іс- әрекеттерінің экономикалық нәтижелілігін арттыру

Нарық қатынастарының тереңдеуі және тұрғындардың өз денсаулықтарына деген тұтынушылық көзқарастарын өзгерту

Халықтың санитарлы-гигиеналық сауаттылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру іс- шараларын қамтамасыз ету мақсатында - алдын алу, анықтау, егу жұмыстарын ұйымдастыратын орындардың, бөлімдердің қызметтеріне қатаң бақылау орнату


Кесте 3 – Қазақстан Республикасындағы медициналық қызметтер нарығының дамуына әсер етуші факторлар

Диаграмма 1 – Мемлекеттік қызмет көрсетуге бөлінген қаражаттардың көрсеткіші.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге бөлінген қаражаттардың ауқымы жылдан жылға өсіп келеді. 2019 жылмен салыстырғанда 2022 жылда 120 млрд теңге көлеміндегі өсімді байқай аламыз.
Қорытынды. (Абдрахманова Ж.С.)
Қазіргі нарықтық-экономикалық заманда медициналық қызметтердің ресурстық көрсеткіштері артып келеді. Жылдан жылға медициналық қызметтер саласына бөлінетін қаражат есебі өсуде. Бұл әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына әкелетіне сенімдіміз.
Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер нарығын зерттеу әлі де өз жалғасын таба бермек. Келер жылдары шетелдік тәжірибелердің отандық өндірісте көрініс табуына зор үлесін қоспақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет