Абдрахманова Жаннур Сериковна Мекеме



бет2/4
Дата06.10.2023
өлшемі67,32 Kb.
#112992
1   2   3   4
Байланысты:
Экономика

2 Материалдар мен әдістері
Әлеуметтік саланың экономикасын зерттеуде батыс ғалымдарының ішінен С.Бриттан, Л.Грег, Дж.Кендрик, Дж.Кейнс, А.Маршалл, Э. Моссиалос, В.Наварро, Д.Ди Нитто, Р.Салтман, Аб.Смит, Ф.Хайек, И.Шумпетер, ал ТМД мемлекеттерінің ғалымдарының ішінен Н.В.Васильева, Ю.П.Лисицын, Б.Г.Преображенский сынды ғалымдардың еңбектерін атауға болады.
Ал тікелей денсаулық сақтау саласының экономикасына, оның ішінде саланы қаржыландыру проблемаларына М.М.Веренцов, В.В.Гришин, С.В.Киселев, В.П.Корчагин, В.Г.Корюкин, Г.В.Попова, В.И.Стародубов, А.В.Телюков, И.А.Тогунов, И.М.Шейман, О.П.Щепин сияқты ғалымдардың жүргізген ғылыми зерттеулері арналған.
Қазақстандық ғалымдардың ішінен әлеуметтік саланың экономикасын зерттеуге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру және қаржыландыру мәселелерін теориялық жағынан зерттеуге және ол зерттеулердің іс жүзінде қолданылуына белгілі ғалымдар Е.М.Арын, А.А.Әлімбаев, О.Ж.Әлиев, О.Б.Баймұратов, М.С.Ержанов, А.Б.Зейнелғабдин, Қ.Қ.Ильясов, Н.А.Искаков, П.Б.Исахова, В.Д.Мельников, А.А.Нурымов, К.Окаев, Т.П.Притворова, Х.Н.Сансызбаева, Т.С.Сәтпаев, Г.С.Сейітқасымов, М.Х.Тусеева және тағы басқа да ғалымдар өздерінің зор үлестерін қосты.
Қазақстан экономикасының және оның салаларының бәсекеге қабілеттілігі мәселелерін теориялық жағынан негіздеуге белгілі отандық ғалымдар Р.А.Алшанов, С.С.Арыстанбаева, А.Т.Әшімбаева, Ә.Н.Дәуренбекова, Р.Қ.Жоламан, Н.К.Кучукова, С.Ы.Өмірзақов, К.А.Сағадиев, А.Н.Саханова, М.У.Спанов және басқа да ғалымдар өздерінің ғылыми еңбектерін арнады.
2.1 Зерттеу әдістері. (Абдрахманова Ж.С.)
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі ретінде әлеуметтік саланың экономикасын, денсаулық сақтау саласын ұйымдастыру мен қаржыландыру мәселелерін зерттеудегі отандық және шетелдік ғалымдардың іргелі және қолданбалы ғылыми еңбектері пайдаланылды.
Зерттеудің ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі Агенттігінің статистикалық деректері, Денсаулық сақтау Министрлігінің, Қаржы Министрлігінің ресми сайттарындағы деректер, мемлекеттік басқару органдарының заңдық және нормативтік актілері, отандық және шетелдік басылымдарда жарияланған статистикалық және басқа да мағлұматтар, интернеттің Web-сайтында орналасқан отандық және шетелдік денсаулық сақтау мекемелерінің, медициналық сақтандыру компанияларының қаржы-шаруашылық көрсеткіштері мен басқа да ақпараттық және инструктивтік материалдар құрады.
Зерттеу жұмысында әртүрлі экономикалық, қаржылық, статистикалық талдау, бағалау, салыстыру, топтау, негіздеу, болжау әдістері қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет