Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру


Зерттеу барысында пайдаланылған әдістер



бет7/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
Диссертация Ғылыми жетекші Мадалиева Забира Бекешовна, психологи-emirsaba.org

Зерттеу барысында пайдаланылған әдістер:



  • теориялық әдістер (философиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік әдебиеттер, диссертациялар, мерзімдік ғылыми басылымдар, зерттеу мәселесі бойынша нормативті-құқықтық құжаттарды оқу және талдау; талдау, сараптау, салыстыру, модельдеу);


  • эмпирикалық әдістер (мақсатты бағдарланған бақылау, сауалнама, сұрақ- жауап, тестілеу, таңдаулы сынамалы диагностикалық зерттеулер, эксперименттің анықтаушы, қалыптастырушы, бақылаушы түрлері, психологиялық-педагогикалық диагностиканың әдістері,
  • алынған мәліметтерді математикалық - статистикалық әдістер арқылы өңдеу.




Зерттеу базасы: әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті. Зерттеуге «5В010300-Педагогика және психология» мамандығының студенттері қатысты.

Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу төмендегідей кезеңдерден тұрды:

Бірінші кезең (2015 жыл) – мәселені түсіну кезеңі. Бұл кезеңде зерттелетін мәселенің қарастырылу деңгейін зерттеу, мақсат қою және нақтылау, зерттеудің нысаны мен пәнін анықтау, болжам жасау және зерттеу логикасын құру, категориялық аппаратты талдау жасалды.

Екінші кезең (2016-2017 жылдар) – теориялық-әдіснамалық. универститеттің білім беру ортасының әлеуетін құзыреттілік тұрғысынан талдау жасау жүзеге асырылды, болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің моделі жасалды. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың қалыптастырушы бөлімі жүргізілді, онда болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың моделін тәжірибеде сынақтан өткізу мен түзету, зерттеу мақсаты мен болжамды нақтылау мен тексеру, диагностикалық құралдар мен диагностикалық құзыреттіліктерді қалыптастыру әдістемесі жасалып, зерттеу барысында алынған қорытындыларды тексеру мен нақтылау, тәжірибелік- эксперименттік зерттеу нәтижелері талданды.

Үшінші кезең (2017-2018 жылдар) – теориялық нәтижелерді қорытындылау және эмпирикалық мәліметтерді жүйелеу мен талдау кезеңі. Эксперимент мәліметтерін қорытынды өңдеу, қорытынды жасау, зерттеудің нәтижелерінің қолданылуы мен оны рәсімдеу жұмыстары жасалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет