Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет4/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ...................................

109





ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................

120



НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Бұл диссертацияда келесідей стандарттарға сілтемелер қолданылған:
ҚР МЖМБС 3.08.003-2004 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Кәсіби жоғары білім. «050103– Педагогика және психология» мамандығы. Астана, 2001
ҚР МЖМБС3.08.253-2006 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты.Кәсіби жоғары білім. Бакалавриат.
«050103 - Педагогика және психология» мамандығы. Астана, 2006
«050103 – Педагогика және психология» мамандығының тәжірибелік білім бағдарламасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми кеңесі (28.01.2010 ж. №3 хаттамасы). Алматы, 2010
«050103 – Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (22.06.2008 жыл №289) ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Республикалық оқу-әдістемелік Кеңесі.
«050103 – Педагогика және психология» мамандығының типтік оқу бағдарламасы. ҚР БҒМ РУМС отырысының №2 хаттамасымен бекітілген типтік оқу жоспары, 30.06.2016 ж – Абай атын. ҚазҰПУ- 2016.-30 б.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жыл 3 қыркүйектегі №1304 Қаулысы. Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы (ҚР Үкіметінің Қаулыларымен өзгерістер енгізілген 17.02.01 ж. №252; 25.01.05 ж.
№60) //http://www.edu.gov.kz
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы https://online.zakon.kz/Document/.doc_id=30118747(27.07.2007)

АНЫҚТАМА
Бұл диссертацияда келесідей терминдер сәйкес анықтамаларымен қолданылды:
Типтік оқу бағдарламасы – типтік оқу жоспарындағы пәннің мазмұнын, көлемін және оқыту реттілігін анықтайтын құжат, негізгі білімнің ауқымдылығын, шеберлігін, дағдылығын, құзырлылығын, қолданылатын әдебиетті көрсетеді және білім беру саласының өкілетті органымен бекітіледі.
Негізгі оқу бағдарламасы – мамандықтың оқу негізгі пәндік міндетті компонентінің оқу құжаты, негізгі білімнің мазмұнын, көлемін, ұсынылған әдебиеттерді көрсетеді және университеттің ғылыми кеңесімен бекітіледі.
Жүйе – бір-бірімен қатынаста және байланыста болатын, белгілі бір бүтіндік, бірлік құрайтын көптеген элементтер.
Құзыреттілік – бұл теориялық білімдер негізінде өмірдің түрлі салаларында кездесетін міндеттерді шешу қабілетін сипаттайтын білімділік деңгейі. Шартты түрде құзыреттіліктің үш деңгейін бөледі: жалпы мәдени, медологиялық, кәсібиге дейінгі құзыреттілік.
Диагностика педагогикалық және психологиялық қызметтің ерекше түрінің бірі ретінде, мақсатты бағыттылығын және қайта жасалуын анықтау мақсатында объектіні тану мен жіктеуге бағытталған.
Педагогикалық диагностика – педагогикалық үдеріс қатысушыларының жеке және топтық ерекшеліктерін, олардың білім алуын, тәрбиесін, дамуын, білімділігін тану және есепке алу бойынша танымдық-өзгертуші қызмет түрі, ол заманауи талаптарға, тұлғаның, қоғамның, мемелкеттің қажеттіліктеріне сәйкес келетінбілімділік деңгейіне жетуге бағытталған.
Психологиялық диагностика – диагноз қоюға мүмкіндік беретін, кейбір психологиялық феномендердің мәнін анықтау мақсатында, диагностикалық үрдістерді құру мен қолданудың әдістемелік тәсілдер мен құралдарын, принциптерін зерттейтін психология бөлімі.
Психологиялық-педагогикалық диагностика – білім алушылардың жеке- тұлғалық даму тенденциясын және өзекті жағдайын анықтау мен зерттеу әдістерін жасайтын ғылым саласы.
Диагностикалық құзыреттілік - ЖОО оқу-білім беру үдерісінде диагностикалық іс-әрекетті орындауға жоғары ынтаны, диагностикалық әдістермен жұмыс істеу қабілеті мен ұмтылысын, міндеттер қойып, оларды шешу жолдары мен нәтижелерін талдауды өзіндік, іс-әрекетте мақсатты түрдегі түзетулерді үнемі ендіруді қарастыратын тұлғаның арнайы дайындықты талап ететін кіріктірілген сапасы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет