Абдуллаева перизат тураровна университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру



бет5/46
Дата14.10.2023
өлшемі0,69 Mb.
#114345
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46

КІРІСПЕ




Зерттеудің өзектілігі. Біздің қоғамымыздың өмірлік барлық салаларында, оның ішінде білім беру саласында жүзеге асырылатын жаңғырту қазіргі әлемнің жаһандық-тарихи үдерістеріне байланысты. Осыған сәйкес, әлемдік халықаралық стандарттарға сай келетін кәсіби білім беру сапасының жоғары деңгейіне жетуге жаңа әлеуметтік талаптар қойылып отыр. Базалық білім берудің негізгі құрамдас бөлігін, кәсіби іс-әрекетте нәтижелілік, икемділік, мақсатқа бағыттылық, жүйелілікті қамтамасыз ететін құралдарды еркін меңгерген, стандартты емес кәсіби міндеттерді шешуге, шығармашылық әлеуетін іске асыруға дайын және қабілетті, білікті маман даярлау қажет.
Адами капиталдың сапасы мен бітіруші түлектердің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ерекше маңыздылығын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» [1] ұлттың жоспарында атап өтті, сондай-ақ білім беру саласындағы: Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» [2], Қазақстан Республикасының үздіксіз кәсіби педагогикалық білім беруді дамыту тұжырымдамасыжәне т.б. сияқты негізгі құжаттарда да көрсетілген [3]. Сонымен қатар, 2016-2019 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беру және ғылымды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы жоғары білімді мамандарды даярлауды, оның ішінде психологиялық-педагогикалық білім беру сапасын арттыруды көздейді [4].
Білім беруді изгілендіру идеялары білім алушы тұлғаның интеллектуалдық, психологиялық және физикалық тұрғыда дамуын қамтамасыз ететін оқу - тәрбие моделін жасау мәселесін алға шығарады. Бұл жағдай болашақ педагог-психологтардың әр баланың жеке дара ерекшеліктерін, қарым- қабілеттерін, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін жете зерттеу, соның негізінде пәндерді табысты игерудің жолдарын кәсіби тұрғыда анықтау, олардың өзіндік даму траекториясын түзу, білімдену мен дамудың оңтайлы тәсілдерін, әдістерін таңдау жұмыстарын сауатты жүргізуге мүмкіндік береді. Осылайша жаңа педагогикалық жағдайда өзінің кәсіби қызметін табысты жүзеге асыруға ықпал етеді. Мұның өзі болашақ педагогтардың диагностикалық құзыреттілігі болу мәселесін көкейкесті етеді.
Педагогикалық диагностика - педагогикалық ғылымның бір саласы және сонымен қатар практикалық педагогиканың негізгі формасы болып табылады. Қазіргі жалпы ғылыми көзқарасқа сүйенсек, «диагностика» дегеніміз- белгілі бір объектінің ахуалын танып білу немесе оның тәртібінің болжанылуы мен оған әсер етудің мүмкіншіліктері туралы шешім қабылдау мақсатында сол обьектінің негізгі параметрлерін тез тіркеу жолымен, содан кейін оны белгілі бір диагностикалық категорияға жатқызу жүйелерін тану болып табылады.
Алайда көп уақыттар бойы қалыптасқан жағдайларға байланысты педагогтың диагностикалық дайындығына, бұл бағыттағы құзыреттілігін дамытуға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбегені белгілі. Ал тұлғаның
дамуының ғылыми тұрғыда дәлелденген диагностикасын жасау сапалы білім берудің, білім алушының тұлғалық, психикалық жетілуін қамтамасыз ететін ең маңызды мәселе екендігі даусыз. Болашақ мамандарды даярлауда диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың өзектілігі болашақ білім беру қызметінде психологиялық-педагогикалық міндеттерді кәсіби сауатты шешу қажеттілігіне байланысты оны жетілдірудің оңтайлы жолдарын іздеуді нәтижелі етеді.
Қазіргі жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары білім беру ортасын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық аспектілері дұрыс ойластырылып, оның жеке тұлғаның дамуына әсерінің маңызын түсінетін, сәйкесінше, осы ортада тиімді жұмыс істеуге даяр мамандар болғанда өз нәтижесін береді. Сондықтан да орта білімнің аталған жаңа бағдарламасында болашақ психологиялық-педагогикалық кадрлардың негізгі дағдысы ретіндегі диагностикалық құзыреттілігін білім беру үдерісінің тиімділігін қамтамасыз ететін әмбебап құрал ретінде ұсынылады [4, 52 с ].
Зерттеу мәселесінің ғылымды қарастырылу жайы кәсіби педагогикалық және психологиялық іс-әрекетте диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың түрлі аспектілері шетелдік зерттеушілердің жұмыстарында да көрініс тапқандығынкөрсетеді: J. Klug, S. Brude, А. Kelava, С. Spiel, B. Schmitz [5], W. Reulecke, В. Rollett [6], L. Mauermann [7] K. Klauer, S. Hand [8],
H. Rorschach [9], Alejandro Tiana, José Moya [10], K. Brown-Rice and Susan Furr [11].
Жақын шетелдік ғалымдар: Е.П. Ивутина [12], А.В. Фурлетова [13], О.И. Дорофеева [14], Г.А. Рязанова [15], О.В. Вечканова, Л.Н. Титова [16], Н.В. Кутовая [17], Л.Ю. Александрова [18], О.М. Красноярдцева [19], В.Н. Косырев [20], О.В. Еремкина [21], Е.А. Михайлычев [22], Л.Н. Волошина, Г.Е. Воробьева, Н.Д. Лащенко [23], А.Н. Марина [24], Л.В. Покушалова [25], В.И. Долгова, В.К. Шаяхметова [26], Т.В. Куприянчик [27], В.В. Беликова [28] т.б. да аталмыш мәселені зерттеудің теориялық негіздерін жасауға өз үлестерін қосты.
Жоғары педагогикалық оқу орындарында құзыретті мамандар даярлау мәселесі отандық ғалымдардың еңбектерінің де түйінді мәселесі болған: С.Ж. Пралиев, К.К. Жампеисова, Н.Н. Хан [29]; Х.Т. Шерьязданова [30], Э.Д. Абишева [31] Г.А. Касен, А.Б. Отарбаева [32], А.Ж. Сапаргалиева [33], К.С. Ахметкаримова [34], П.З. Ишанов, Г.Б. Бейсенбекова [35], С.С. Сейтенова, Ш.А. Мухангалиева [36], А.С. Магауова, Ж.Х. Салханова[37], біліктілікті арттыру және қайта даярлау жүйесі аясында: А.А. Жайтапова, Г.А. Рудик, Е.В. Белошниченко, А.С. Сатывалдиева [38], А.В. Сеничкина [39], Ш.Т. Таубаева [40].
Зерттеу барысындағы талдаулар болашақ педагог - психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастырудың әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық, әдістемелік астарлары, білімдік үрдісті психологиялық - педагогикалық қамтамасыз ету және осы іс-әрекетті жүзеге асыратын мамандардың кәсіби дағдыларын дамыту мәселелеріне: Г.Ж. Лекерова [41], Р.Ж. Аубакирова, Г.С. Тұрсынгожинова [42], У.Б. Төлешова

  1. , Н.С. Жұбаназарова [44], П.Ш. Маханова [45], К.Ж. Төребаева [46], Н.О. Перепелкина, Е.П. Мутавчи, Н.А. Ермакова [47], М.Р. Битянова [48], А.Г. Шмелева [49], Ю.3. Гильбух [50], Т.Е. Климова, [51], К.М. Гуревич, Е.М. Борисова [52], Н.И. Шевандрин [53], О.В. Алмазова [54], Г.В. Кухтерина, Е.А.Кукуев [55],И.Ю. Левченко, С.Д. Забрамная, Т.А. Добровольская [56], Л.Ф.Бурлачук [57], М.М. Дудина, Ф.Т. Хаматнуров [58], Н.М. Борытко [59], И.Ю. Гутник [60], Н.К. Голубев, П. Битинас [61], К. Ингенкамп [62], С.К. Овсянникова [63], Л.Н. Горохова [64], М.И. Шилова [65], М.К. Акимова [66], А.В. Хуторской [67], А.К. Мынбаева, З.М. Садвакасова, А.Б. Темирболат [68], Б.А. Тұрғынбаева [69], Б.Т. Кенжебеков [70] т.б. өз үлестерін қосқандығын көрсетті.


Талданған ғалымдар еңбектері білім беру саласындағы педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру мәселелерін зерттеудің теориялық негіздерін құрайды.


ЖОО жағдайында болашақ педагог-психологтарды даярлау саласындағы зерттеулерді зерделеу қазіргі маманның білім беру кеңістігінің субъектілерімен тиімді өзара әрекет жасауға, ұжымда қарым-қатынас жүйесін реттеуге, өз іс- әрекеттерін және білім беру ортасындағы оқушылардың іс-әрекетін түзету мен талдауға мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттердің қажет екенін көрсетті. Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру жалпы білім беретін мекемелерде психологиялық қызметтің ерекшелігін ескере отырып, жеке тұлғалардың мәселелерін әрі қарай шешуге, алынған диагностикалық деректердің негізінде отбасылар мен жеке тұлғаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми әдебиеттерді зерделеу барысында университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың әртүрлі кәсіби құзыреттіліктерін дамыту мәселесі жан-жақты зерттелгеніне қарамастан, диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру арнайы зерттеу пәні бола алмағандығына көз жеткіздік. Әсіресе қазақ тілінде жазылған еңбектер жоқтың қасы деуге болады. Бұл:
  • барлық деңгейдегі білімнің инновациялануы жағдайында педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігіне деген объективті қажеттілік пен осы үдерістің ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілуінің жеткіліксіздігі;


  • болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігіне қойылатын жоғары талаптар мен бұл бағыттағы теориялық-тәжірибелік білімнің университеттің білім беру ортасына экстраполяциялаудың төмен деңгейі арасындағы қарама –қайшылықтардың бар екендігі анықталды.


Бұл қарама – қайшылықтардың шешімін іздеу: университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттіліктерін қалыптастыру үдерісінің теориялық-әдіснамалық негіздемесін жасау, әдістемелік тетіктерін әзірлеп тәжірибеден өткізу мәселесін туындатып зерттеу тақырыбын «Университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог-


психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет