Материалдық: мекемелер, жабдықтар, мазмұн тасушылар, инфрақұрылым.
Қоғамдық: қарым-қатынас стилі, әлеуметтік тапсырыс, басқару жүйесі, сыртқы ортамен қатынас.
Рухани: құндылықтар, дәстүрлер [156].
Е.Ю. Васильеваның ойы бойынша, оқу ортасы белгілі бір қасиеттерге ие: жоғарғы оқу орнының оқу ортасы компоненттердің толық жиынтығын ұсынады. Жоғары оқу орнының оқу ортасының педагогикалық мүмкіншіліктерін қарастыра отырып, Е.Ю. Васильева оның төмендегі жеке қасиеттерін анықтайды:
жоғары оқу орнының оқу ортасының сапасын жақсарту мақсатын шығару және дәлелдеу қабілеттілігі;
оқу ортасы және оның субъектілерінің сапа деңгейін дұрыс анықтау қабілеттілігі;
оқу қызметкерлері, студенттер және оқытушылардың жеке дамуын қадағалау үшін өте жақсы деңгейдегі шарттарды қамтамасыз ету қабілеттілігі;
оқу ортасының субъектілерінің тырысуларын біріктіруге, олардың байланысын тиімдірек етуге қабілетттілігі;
жоғарғы оқу орныны сапасының бағалау нәтижесі аясында ғылыми талдау жүргізе алуға қабілеттілігі;
өлшенетін сипаттамаларды өзгерту және басқару бағдарламасын қалыптастыру және т.б. қабілеттілігі. Автордың пайымдауынша, оқу ортасының бұл көрсетілген қасиеттерінің болуы оқуға деген көзқарастар консервациясынан ашуға мүмкіндік береді [157].
Келтірілген анықтамаларға сүйене отырып жоғары оқу орны ортасының заманауи зерттеушілер (Н.А. Морозова, М.Э. Жуковская) жеке тұлғаның яғни жеке тұлғаның әлеуметтену процессіне көп мөлшерлі және шешуші әсер әлеуметтік және мәдениет ортасын сипаттайды [158].
В.А. Ясвин адамның осы қоғамда қалыптасқан кейбір азды - көпті белгіленген идеал, үлгі немесе ең болмағанда, номиналды нормативтер ретінде қалыптасу шарттары мен әсер ету, сондай-ақ әлеуметтік және кеңістіктік- заттық қоршаған ортада болатын оның дамуы үшін мүмкіндіктер жүйесін қоршаған орта деп біледі [91,б. 86].
Біз ЖОО-ның білім беру ортасын зерттеу барысында білім беру ортасының келесідей компоненттерін педагогикалық жүйе ретінде ұсынған В.А. Ясвиннің көзқарасына сүйенеміз, болашақ педагог-психологтар диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру барысында университеттің білім беру ортасына енгізу мақсатында осы компоненттермен толықтырдық.
Осылайша, біз кеңістіктік-архитектуралық компонентті толықтырдық: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің университеттік қалашығының
архитектуралық-эстетикалық жағдайы - «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы, стандартты ғимараттардың болуы, оқу корпусының және ғимараттарының кеңістіктік құрылымы, психологиялық кеңес беру кабинеті, психодиагностикалық зерттеу жүргізуге арналған бөлмесі, оқу-материалдық базасы, жабдықтар және т.б.;
символикалық кеңістік - «Педагогика және психология» мамандығына шақыратын кәсіптік баннерлер, педагог-психологиялық қызмет түрлерін, қызметтік міндеттері және педогог- психологтың құқықтарын сипаттайтын қабырға газеттері.
Дидактикалық компонент:
оқу-тәрбиелеу үрдісінің мазмұны (оқыту және тәрбиелеу тұжырымдамалары, оқытудың тәжірибелік-бағдарланған әдістері, ақысыз электронды ресурстар, электрондық каталог, білім берудің оқу бағдарламалары дерек қорына ақысыз қолжетімділік, негізгі оқу жоспары, оқулықтар мен оқу құралдары, электронды ресурстар, ғылыми және көркем әдебиеттер және т.б.);
оқыту формалары мен әдістері (сабақ өткізу нысандары - интерактивті әдістер, тренинг сабақтары, пікірталастар, кейс-стади, конференц-вебинарлар, контекстік дәрістер және т.б.)
Әлеуметтік-ұйымдастыру компоненті:
білім беру ортасының субъектілерінің ерекшеліктері (ресми және бейресми мәртебелер мен рөлдерді бөлу, құндылық бағдарлар, мотивтер және т.б.);
коммуникативтік сала (қарым-қатынас тілі мен стилі, кафедраның, топтардың әлеуметтік - кеңістіктік тығыздығы); ұйымдастырушылық сала («Сұңқар» студенттік өзін-өзі басқару, еріктілер қозғалысы «Логос» ғылыми қоғамы және т.б.);
Біз қарастырып отырған компоненттердің ішінен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың білім беру ортасы - білім беру саласының субъектілерімен белгіленген материалдық - қаржылық факторлар жиынтығы, болашақ педагог - психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін негіз бола алатын арнайы ұйымдастырылған психологиялық-педагогикалық жағдайлардың жиынтығын құрайды деп санаймыз.
Болашақ педагог-психологтың кәсіби-жеке дамуы мен өзін-өзі дамытуы, университеттің білім беру ортасының практикалық бағыттылығын анықтайды [159].
Осылайша, ҚР жоғары білім беру жүйесіндегі құзыреттілік бағытын жүзеге асыруға байланысты дәстүрлі, білім-бағдарланған оқу үрдісінің құрылымы тұлғаның болашақ кәсіптік қызметтің міндеттерін шешу үшін, ішкі және сыртқы ресурстарды жұмылдыруға дайындығы ретінде талап етілетін студенттердің құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кестеге көшуді құрайды. Демек, оқу үрдісінің ауырлық орталығының оның нәтижелеріне ауысуы – ЖОО-ның түлектерінің кәсіби және жеке дайындығы, тиімді білім беру ортасын ұйымдастыру маңызды болып табылады.
Зерттелетін мәселенің аспектісінде біз оқу-тәрбиелік үрдісті ұйымдастырудың арнайы құрылған жағдайларының жиынтығы ретінде университеттің білім беру ортасын қабылдаймыз, өйткені бұл педагогикалық жүйе кеңістіктік-архитектуралық, дидактикалық және әлеуметтік-ұйымдастыру компоненттерін қамтиды. Университеттің білім беру ортасының құрылымы болашақ мұғалім-психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруда құзыреттілік тәсілін іске асыру факторы болып табылатынын растайды.
Осылайша, осы тармақтың мазмұны диагностикалық құзыреттілікті қалыптастыру факторы ретінде университеттің білім беру ортасының мәнін ашуға мүмкіндік берді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де құрылған білім беру ортасының жоғарыда аталған факторлары мен шарттары болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін жетілдіруге тиімді ықпал етуеді деп есептейміз.
Біздің ойымызша университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыруын үлгілеу университеттік ортада жүруі тиіс [160].
Болашақ педагог-психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру үшін құрылымдық-мазмұндық модельдің негіздемесі - біздің зерттеудің келесі міндеті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |