УНИВЕРСИТЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГТАРДЫҢ ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Психологиялық-педагогикалық диагностика теориясы диагностикалық құзыреттілікті қалыптастырудың негізі ретінде
Диссертациялық жұмыстағы басты ұғым «диагностикалық құзыреттілік» болғандықтан, жұмысымызды «диагностика» түсінігінің мәні, педагог- психологтың қызметіндегі оның маңызы туралы анықтамаларды талдаудан бастағанымыз жөн. Сондықтан тарауда психологиялық-педагогикалық ғылымда университеттік білім беру жүйесінде болашақ педагог- психологтардың диагностикалық құзыреттілігін қалыптастыру негіздері ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика теориясының мәнін ашуға назар аударамыз.
Алдымен, «диагноз» сөзінің жалпы түсінігін қарастырайық. «Диагноз» сөзі грек тілінен аударғанда «тану» деген мағынаны береді (гр. diagnostikos – қабілетті тани білу) [122]. Диагностика зерттеу нысандарын түрлендірудің пайдалылығын анықтау мақсатында, оларды танып білу мен жіктеуге бағытталған айрықша қызмет түрін білдіреді [27].
Зерттеуші Л.М. Фрумкин бойынша «кез келген басқа танымдық үдеріс сияқты диагностиканың мәні адамның санасында шын мәнінде бар заңдылықтарды көрсету болып табылады» [12].
Диагностиканың ғылыми негіздерінің жасалуында Л.С. Выготскийдің еңбегі зор. Ғалым әсіресе, психикалық үдерістер ағымының сапалық ерекшеліктерін анықтау, тұлғаның даму перспективаларын айқындау туралы мәселеге аса мән берген. Л.С. Выготский балаларды педологиялық зерттеудің мынадай кезеңдерін ұсынды.
Ата-аналардың, баланың, тәрбие мекемелерінің мұқият жиналған шағымдары.
Баланың даму тарихы.
Даму симптоматологиясы (ғылыми констатциялау, сипаттамасы және белгілерін анықтау).
Педологиялық диагноз (осы симптомдар (белгілер) кешенін ашу себептері және пайда болу тетіктері).
Болжау (даму) сипатын болжау.
Педагогикалық (міндет).
Зерттеудің осы кезеңдерінің әрқайсысын аша отырып, Л.С. Выготский оның ең маңыздысын нұсқаған болатын. Сонымен қатар, анықталған нысандарды жай ғана жүйелеп қана қоймай, даму үдерісінің мәніне терең ену, оны ұғыну қажеттігін атап өтті [83].
Л.С. Выготскийдің анықтамасы бойынша: «диагностикалық зерттеу алдын ала анықталған, дайын ұғымдар жүйесін білдіреді, оның көмегімен диагноз анықталады, сол арқылы жеке құбылыс туралы жалпы ұғымды білдіреді,
диагноздар сипаты болғанымен, нақты және белгілі бір ұйғарымдар жеткіліксіз, бірақ олар ең бастысы, әдіснамалық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс қойылуы тиіс, яғни шын мәнінде, диагноз болуы шарт» [83]. Біздің ойымызша бұл анықтамада педагогтың диагностикалық құзыреттілігінің барлық компоненттері қарастырылып тұр.
Диагностикалық жұмыстың қорытындысы диагноз қою болып табылады. Ю.З. Гильбух «диагноз» терминінің кем дегенекі мағынасы бар деп санайды:
«Біріншіден, диагноз қандай да бір нақты сәтсіздікті жою мақсатында, оның мәнін, себептерін анықтауды білдіреді. Екіншіден, нысанның жалпы жай-күйін анықтау мақсатында, оны жан -жақты, тұтас зерттеуді диагноз деп айтуға болады. Мұндай тұжырымды тұтас диагноз және сонымен қатар оның алдын алу сипатын көрсететін диагноз ретінде қарастыруға болады деп санаймыз.
Диагностикада танымның айрықша түрі ретінде ғылыми зерттеудің әдістері мен мәліметтерін қолданып қана қоймайды, сондай-ақ ерекше әлеуметтік мақсатымен, гносеологиялық мазмұнымен, айрықша қисынды құрылымымен және арнайы таңбалық жүйесімен сипатталатын ақпаратты алу, қайта өңдеу, сақтау мен жеткізудің өзіндік тәсілдері мен әдістерін әзірлейді. Танып білу түрлері сан алуан, олар нысанның ерекшелігімен және танып білу әдістерімен анықталады [63]. Бұған қатысты өз пікірімізді тұжырымдасақ, тұлғаны тәрбиелеу, білім беру, дамыту оны жете танудан басталып, өзіндік әрекеттеріне психологиялық және педагогикалық тұрғыда үнемі қолдау көрсетіп отыру істі нәтижелі етеді. Сондықтан білім беру саласындағы тұрақты диагостикалық жұмыстарсыз білімнің сапалы болуы, көздеген мақсаттарға жету мүмкін емес деген болар едік.
Төменде «диагностика», «педагогикалық диагностика», «психологиялық диагностика», «психологиялық-педагогикалық диагностикасы» ұғымдарына қатысты зерттеушілер берген анықтамалардың талдаулары келтіріледі.
Кесте 4 - «Диагностика», «педагогикалық диагностика», «психологиялық диагностика», «психологиялық-педагогикалық диагностикасы" түсініктерінің мәні туралы пікірлер.
Автор
|
Ұғым
|
Ұғыммәні
|
1
|
2
|
3
|
Б.Т. Лихачев
|
Диагностика
|
Әдістер, тәсілдер, амалдаржиынтығыкөмегімен
бақыланатын немесе зерттелетін объектінің жағдайы туралы ақпарат алу үдерісі [124].
|
Н.Н. Никитина О.М.
Железнякова,
М.А. Петухов
|
Диагностика
|
Оның жай-күйін анықтау мақсатында объектіні жан-жақты тұтас қамтитын ерекше қызмет; оны жою мақсатында қандай да бір қатердің нақты себептерінің мәнін анықтау,
яғни объектіні ішінара тексеру [125].
|
К. Ингенкамп
|
Диагностика
|
Тар мағынасында – оқу үдерісі және таным үдерісін жоспарлау және бақылауды құрайтын пән. Кең мағынасында - білім беру мәселелері бойынша кеңес беру
шеңберінде барлық диагностикалық міндеттер [62].
|
4 - кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
|
Л.Н.
Горохова
|
Диагностика
|
Объектінің одан әрі жұмыс істеу және даму жолдарын анықтау мақсатында объектінің ішкі жағдайы мен бұл жай- күйдің себептерін анықтауға бағытталған танымның
ерекше әдісі [64].
|
И.А.Скоп ылатов, О.Ю.
Ефремов
|
Диагностика
|
Білім беру үдерісі оқушылардың жеке және топтық ерекшеліктерін тану және есепке алу, сондай-ақ, оның талаптары, мазмұны, нәтижелілігі [128].
|
В.С.
Аванесов а
|
Педагогикалық диагностика
|
Білім беру және оқыту, тәрбиелеу нәтижелерін өлшеу мақсатында қызықтыратын жеке қасиеттерді анықтауға бағытталған педагогтардың және педагогикалық ұжымдардың ерекше қызмет жүйесі. Диагностикалық қызмет жүйесі білім беру процесінде диагностика нәтижелерін міндетті түрде ізгілікпен қолданатын, диагностикамен айналысатын кадрлар мен мекемелерді, диагностика мақсаттары мен әдістерін қалыптастырады
[129].
|
В.В.
Беликова
|
Педагогикалық диагностика
|
Педагогикалық үдеріске қатысушылардың жеке және топтық ерекшеліктерін, заманауи тұлға, қоғам, мемлекет қажеттіліктерінің талаптарына сәйкес білімділік деңгейіне қол жеткізуге бағытталған олардың оқуын, тәрбиесін, дамуын, білімділігін тану және есепке алу бойынша
танымдық-түрлендіргіш қызмет [28].
|
Н.М.
Борытко
|
Педагогикалық диагностика
|
білім беру үдерісінің сапасын басқаруға бағытталған педагогикалық өзара іс-қимыл субъектілерінің жеке тұлғалық дамуының өзекті жай-күйін және үрдістерін
анықтау бойынша қызмет [59].
|
М.И.
Шилова
|
Педагогикалық диагностика
|
Олармен ынтымақтастық жасау және тәрбие үдерісін басқару мақсатында тәрбиелеу үдерісінің объектілерінің
(және субъектілерінің) жай-күйін зерттеуге және тануға бағытталған қызмет [65].
|
М.П.
Нечаев
|
Педагогикалық диагностика
|
Педагогикада диагностика «ынтымақтастық және бұл процесті басқару мақсатында тәрбиелеу объектілерінің (субъектілерінің) жай-күйін зерттеуге және тануға бағытталған педагогикалық қызмет» ретінде
қарастырылады [128].
|
Н.К.
Голубев
|
Педагогикалық диагностика
|
Педагогикалық диагностикада әлеуметтік-педагогикалық диагностика бар, себебі ол тек қана педагогикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік процестерді сипаттайды және
өлшейді [61].
|
Е.А.
Михайлы чев
|
Педагогикалық диагностика
|
Түрлерін, қағидаларын, талаптарын, кезеңдерін, диагностика түрлерін, диагнозшының диагностикалық операцияларына (іс-әрекеттері, қадамдары) кіретін рәсімдерін қамтитын педагогикалық диагностикалау процесінің функционалдық және өзара байланысты
құрылымдық элементтер (компоненттер) жиынтығы [22].
|
Т.Е.
Климова
|
Педагогикалық диагностика
|
Үдерістің емес құбылысты бірмезгілде жедел зерделеу және бағалау, реттеу және түзету [51].
|
4 - кестенің жалғасы
1
|
2
|
3
|
П.Н.
Пидкасистый
|
Педагогикал ық
диагностика
|
Педагогикалық диагностика оқу үдерісін, оның алғышарттарын, талаптарын және нәтижелерін зерттейді
[129].
|
М.К. Акимова
|
Психология лық диагностика
|
Адамдардың психологиялық және психофизиологиялық ерекшеліктерін бағалау, өлшеу, жіктеу әдістерін құрастыру туралы, сондай-ақ, тәжірибелік мақсатта осы әдістерді
пайдалану туралы ғылым [66].
|
К.М. Гуревич, Е.М. Борисова
|
Психология лық диагностика
|
Өзге де жеке-психикалық немесе жеке- психофизиологиялық ерекшеліктері бар немесе сол бейне бойынша жеке сынақтан өткізілгендер немесе адамдар тобы туралы тұжырымдалуы мүмкін қорытынды негізінде алынған мәліметтерді сәйкестендіру, міндетті түрде
салыстыру [52].
|
Н.И.
Шевандрин
|
Психология лық диагностика
|
Диагноз қоюға мүмкіндік беретін кейбір психологиялық феномендердің мәндерін айқындау мақсатында диагностикалық рәсімдерді қолдануды және принциптерді, әдістемелік тәсілдері мен құралдарын құруды зерттейтін
психологияның бөлімі [53].
|
Л.С.
Выготский
|
Психоло- гиялық- педагогика- лық
диагностика
|
Білім алушының өзара іс-қимылы мен жеке тұлғасын толық зерделеу [83].
|
Л.А. Байкова, О.В. Еремкина
|
Психология лық- педагогика- лық
диагностика
|
Білім алушылардың жеке ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған бағалау тәжірибесі [130].
|
О.В. Алмазова
|
Психология лық- педагогика- лық
диагностика
|
Қолданбалы сипаты бар жалпы психологиялық ғылым саласы [54].
|
Г.В. Кухтерина
|
Психология лық- педагогикал
ық диагностика
|
Білім алушылардың жеке тұлғалық даму үрдісі және өзекті жай-күйді анықтау мен зерттеуәдістерін туындататын ғылым саласы [55].
|
В.И.
Загвязинский
|
Психология лық- педагогикал ық
диагностика
|
Объектілердің сандық және сапалық зерттеу параметрлерін анықтау [131].
|
Осылайша, диагностика әрқашан ғылыми-практикалық әрекетті білдіреді, ал диагноз қою - жекелеген ғылыми білімді пайдалануға негізделген тәжірибелік әрекет.
«Педагогикалық диагностика» ұғымы ғылыми жоба шеңберінде 1968 жылы медициналық және психологиялық диагностика бойынша К. Ингенкамппен ұсынылды. Өзінің міндеттерімен, мақсаттарымен және қолдану саласында педагогикалық диагностика дербес болып табылады. Ол психологиялық диагностикадан көбінесе ой образы мен өз әдістерін иемденді.
«Мәні бойынша - бүкіл педагогикалық қызметтің жылы қанша болса, педагогикалық диагностика жылы да сонша», - деп атап өтті. Жоспарлы түрде үйреткен адам, әрқашан өзінің күш-жігерінің нәтижесін анықтауға тырысады. Бұл ғылымға дейінгі қазіргі түсінік болып табылатын әдістердің көмегімен педагогикалық қызметтің бірнеше мыңжылдықтарында жасалды. Жұмыста
«Педагогикалық диагностика» К. Ингенкамп педагогикалық диагностика мәнін анықтай отырып, «педагогикалық диагностика, біріншіден,жеке оқу процесін оңтайландыруға, екіншіден,оқыту нәтижелерін дұрыс анықтауда қоғам мүддесін қамтамасыз етуге және үшіншіден, өңделген өлшемдерді басшылыққа ала отырып, оқушыны бір оқу топтан басқа топқа ауыстыру кезінде, әр түрлі курстар мен оқыту мамандандыруын таңдауда оларды жіберу кезінде аз қателер жасауға бейімделетінін көрсетеді» [62].
К. Ингенкамппен ұсынылған «педагогикалық диагностика» ұғымының алғашқы анықтауынан бастап, осы мәселе бойынша ғалымдардың зерттеулеріндегі педагогикалық диагностика мәнін анықтауда үлкен айырмашылықтар бар екендігін айта кету керек.
Педагогикалық энциклопедиялық сөздікте «педагогикалық диагностика білім алушыларды саралауда оқу процесін оңтайландыру міндеттерін шешуге, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын және педагогикалық әрекет әдістерін жетілдіруге бағытталған бақылау және бағалау әдістерінің жиынтығы ретінде қаралады» [132].
А.И. Кочетов: «педагогикалық диагностика - бұл педагогикалық үдеріс барысының нормаларынан ауытқитын немесеқалыпты болып сипатталатын әдістер мен принциптерін тану мен белгілерін орнатуды зерттейтін педагогиканың кіші бөлімі. Бұл – диагноз қою рәсімі» деп санайды. Педагогикалық диагностика мәні мұғалімдердің педагогикалық шеберлігінің өсуі және білім алушылардың тәрбиелілігі мен білім деңгейіндегі өзгерістер негізінде мектепте оқу-тәрбие процесінің нәтижелілігін зерттеуде жасалады. Педагогикалық диагностика мәні тәрбиелеудің талап қойылған мақсатына сәйкес (тәрбиелеу объектісі, тәрбиелілік көрсеткіші) кімді тәрбиелеудің, қандай жағдайды (тәрбиелік жағдай), және бұл жағдайда не істеу керек (функцияларды анықтау), қандай құралдармен, жолдармен, әдістермен тәрбиелеу (тәрбиелеу субъектілерінің қызметі) мәнін айқындайды. Тұлғаның объективті тәрбиелік диагностикасы осы қызметті орындау кезіндегі оның қызметі мен нәтижелерін кешенді талдауға негізделеді.
А.И. Кочетов педагогикалық диагностика функцияларының бірінен келесі міндеттерді шығарады:
педагогикалық ұжымның тәрбиелік әлеуетін анықтау;
мектеп шағын ауданындағы оң және теріс әсерін анықтау және осының негізінде тәрбие жұмысынжақсарту үшін шаралар қабылдау;
түрлі санаттағы оқушыларды:қиын, дарынды, үлгермейтін, тәрбиелеу кезінде мектепте сынып ұжымын қалыптастырудың нақты талаптарын орнату;
бірыңғай педагогикалық ұстанымдарын жасау, сыныпта балалар туралы объективті ұсыныс негізінде тәрбиелік ықпалдар тиімділігін арттыру;
бірыңғай педагогикалық талаптарды жасау;
-тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің сана-сезіміне және жеке жауапкершілігіне ықпал ететін дамытуды туғызу [133].
Н.К. Голубев, Б.П. Битинас «Тәрбие диагностикасына кіріспе» атты жұмысында педагогикалық диагностиканың мәнін, функцияларын, объектілерін, сондай-ақ, диагностикалық зерттеулер құрылымын ашады. Олар, ең алдымен, «педагогикалық диагностика оқушының жеке тұлғасының қалыптасу нәтижелеріне, осы нәтижелердің себептерін іздеуге жәнепедагогикалық үдерістің тұтассипаттамасына бағытталған» деп атап өтеді. Авторлар диагностиканың педагогикалық білім құрылымында дербес мәні, тәжірибелік бағыты бар екендігін дұрыс байқай отырып, психологиялықжәне педагогикалықдиагностиканың ерекшеліктерін көрсетеді. Тәжірибе – диагноздың материалдық негізі және оның ақиқаттық өлшемі [61].
«Педагогикалық диагностика - бұл белгілі бір педагогикалық процес ағымының барлық мән-жайларын анықтау, оның алғышарттарын, ағымдағы талаптарын және алынған нәтижелерді дәлме-дәл анықтау» [ 134].
И.П. Подласый «диагностика (педагогикалық) - бұл ағымдағы дидактикалық процестің барлық мән-жайларын ашу, оның нақты нәтижелерін анықтау» деп анықтама береді [135].
Біздің ойымызша, «педагогикалық диагностикаға» ең дәл анықтаманы В.И. Зверевой берді. «Педагогикалық диагностика -түрлі педагогикалық құбылыстар үдерісін тану және белгілі бір сәтте параметрлер үшін қажеттіні қолдану негізінде олардың жай-күйлерін анықтау»- деп сипаттайды. Бұл анықтама педагогикалық диагностика ерекшелігін қызметтің жеке түрі ретінде бөліп қарауға мүмкіндік береді, мәнін, мақсаттары мен міндеттерін ашады [136]. Педагогикалық диагностика міндеттері Н.С. Сунцова зерттеуіндегі қарау нысанасы болып табылады, оларға жатқызылатындар:
оқу-тәрбие процесіне әсер ететін мұғалімдердің жеке қасиеттерін анықтау;
мұғалімдердің оң және теріс жақтарын анықтау;
мұғалімнің жұмысының тиімділік өлшемдерін әзірлеу;
мұғалімнің қажетті кәсіби білім деңгейі мен дағдыларын тиянақтау.
Біздің ойымызша, зерттеуші Н.С. Сунцованың педагогикалық диагностика қағидаттарын ашуыең маңыздылардың бірі болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |