НА-ВАНГ
(жымысқылана). Тағы не айтпақсыз? Айтып қалыңыз!
АБЫЛАЙ.
Айтсақ мынау: біз қытай елімен сауда-саттық жасағанды жөн көріп отырмыз! Тұрпаннан жәрмеңке ашсақ, екі жаққа да тиімді болар еді.
НА-ВАНГ.
Әлбетте, тақсыр, айырбас сауда жасауға біз де мүдделіміз! Бұл талабыңыздың көп кешікпей іске асатынына сенімдімін! Тек жәрмеңкені Тұрпаннан гөрі Үрімжіден ашу қолайлырақ болар еді.
АБЫЛАЙ.
Үрімжі алыстау ғой, сондықтан Тұрпаннан ашқан тиімдірек болар еді. Қалай болғанда да, біз, қазақтар бейбітшілік сүйгіш елміз, бейбіт келісімдер жасауға әр кез дайынбыз!
НА-ВАНГ.
Ұлы мәртебелі патшамыздың көздегені де осы. «Бір әке- нің баласындай болайық, ұлымдай болсын!» деп сәлем жолдағаны да осының айқын айғағы емес пе?! Біз, әрине, бұндай тиімді ұсыныс- тарды қолдап-қуаттауға әр кез әзірміз! Ал әзірге аман-сау болыңыз!
АБЫЛАЙ.
Елдеріңізбен есен көрісіңіздер! НА-ВАНГ. Айтқаныңыз келсін!
Шың елінің елшісі шығып кетеді. Абылай хан мен Жолбарыс сұлтан екеуі оңаша қалады.
Достарыңызбен бөлісу: |