УРАКОВ. Неге? АБЫЛАЙ. Сіздердің билеушілеріңіз уәдені үйіп-төгіп береді, бірақ еш орындамайды. Басымызға күн туғанда да көмек қолын созған жоқ. Қолдаған да, қорғаған да емес. Керісінше біздің хандық билігімізге қауіп төндіріп, қос өкпемізден қысып келеді.
УРАКОВ. Айтқаныңыздың бәрін генерал-губернатор Неплюевке айна-қатесіз жеткіземін, сұлтан!
АБЫЛАЙ. Сізді жіберген Неплюев пе?
УРАКОВ. Иә, Иван Ивановичтің нақ өзі. Сондықтан әлі де ойла- нып, ұлы мәртебелі патшамыздың шақыртуын қабыл алып, орайы келсе Орынборға келіп кетерсіз!
АБЫЛАЙ (түсі бұзылып). Жоқ, таяу арада бара алмаймын! Елші мырза, сіз боссыз! Бұдан әрі сөйлесуге уақытым жоқ.
УРАКОВ.Ойланыңыз, сұлтан. Біз сізден асыға хабар күтеміз.