Абылай. Айтпадым ба, ерлерім, ерледіңдер! Біз жеңдік! Құдай бұйыртса, жеңіс тойын тойлаймыз! Жолбарыс


АБЫЛАЙ (сұрланып). Ешқандай Барабы татарларын білмеймін, естіген де емеспін. Жер біздікі! Оған ешкімнің дауы болмаса керек. УРАКОВ



бет7/8
Дата17.02.2022
өлшемі24,83 Kb.
#25738
1   2   3   4   5   6   7   8
АБЫЛАЙ (сұрланып). Ешқандай Барабы татарларын білмеймін, естіген де емеспін. Жер біздікі! Оған ешкімнің дауы болмаса керек.
УРАКОВ.

Кімнің жерін кім даулайтынын әлі көре жатармыз. Бізді алаңдататын ол емес. Білейік дегеніміз, Қытай патшасының кіші Бұқарияның Жаркент, Қашқария, Ташкент және Түркістан қалаларын басып алмағы туралы, үлкен Бұқарияны, Хиуаны, содан кейін пар-  сы   жұртын   иемденгісі   келетіні   туралы   қауесет   бар.   Сондай-ақ,

«Түріктермен және Қырым хандығымен келісіп Ресейге қарсы соғыс ашпақ-мыс» дегенді де естідік. Егер Ресей мен Қытай соғыса қалса, кімді қолдар едіңіз?
АБЫЛАЙ.

Ешкімді де. Бізге бәрінен де тыныштық қымбат. Құдай қосқан көршілермен тату-тәтті ғұмыр кешіп, бейбіт өмір сүргіміз келеді.


УРАКОВ. Шынымен осындай ойда болсаңыз, тұтқындарыңыздағы адамдарымыз мен барымталап кеткен жылқыларды түгел қайтарып беріңіздер!
АБЫЛАЙ.

Ондай жағдай болуы мүлде мүмкін емес. Естімеген, жоқ нәрсені іздей алмаймын. Тек осыдан үш жыл бұрын және былтырғы қыста қытай мен жоңғар жерлеріндегі соғыста қолға түскен ұранқайлар мен торғауыттар ғана бар. Тұтқында олардан басқа ешкім жоқ. Егер шынымен солай болса, онда қандай одақтастық бо- лады. Өткен жылы сіздің әскерлер біздің 42 адамымызды тұтқындап алып кетті. 24 адам босатылды, ал 1300 жылқы мен 13 байдың үй- мүліктерінен 382 жылқы ғана қайтарылды.


УРАКОВ. Мен бұл жайында ештеңе білмейді екенмін! Бұл тала- быңызды жоғары басшылықтың назарына жеткізіп, мал-жанда- рыңызды түгелдей қайтарып беруге тырысамыз!
АБЫЛАЙ. Біз Ресейге иек артып, көп үміт күткен едік. Алайда бекіністегі кейбір командирлер қазақтарға әлі де тізесін батырып, шаш-етектен зиян шектіріп отыр. Сондықтан мен сіздердің құр сөздеріңіз бен құрғақ уәделеріңізге онша сене қоймаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет