УРАКОВ. Сіз ұлы мәртебелі патшамыздың Орта жүзге хан сайлаған жарлығын алмай заң жүзінде хан болып, билік жүргізе алмайсыз!
АБЫЛАЙ(сұстанып).Мені халқым хан сайлады, ендеше бұған қо- са айрықша бір куәлік алудың қажеті қанша?
УРАКОВ. Аааа... Солай ма?! Ендеше мынаны есіңізде сақтаңыз, Зоңғардан Тарбағатайға дейінгі жерлер – Барабы татарларының жері, ұранхайлардың қонысы. Сізден сұрайтынымыз, арамыздағы көршілік татулықты бұзбас үшін қарауыңыздағы халыққа Ертістің ішкі және шығыс жағына малымен өтпеуді қатты тапсырыңыз! Өзді-өзіміздің жер шегімізге ие болайық. Өз тұрмыс қамдарыңызды жақсырақ ойлаңыздар! Адамдарыңызға шекараны бұзып, сұғанақ- тық жасауға ерік беруші болмаңыз!