Абылай. Айтпадым ба, ерлерім, ерледіңдер! Біз жеңдік! Құдай бұйыртса, жеңіс тойын тойлаймыз! Жолбарыс


ЖОЛБАРЫС. Бұл ойыңызға толықтай қосыламын, хан ием! АБЫЛАЙ



бет4/8
Дата17.02.2022
өлшемі24,83 Kb.
#25738
1   2   3   4   5   6   7   8
ЖОЛБАРЫС. Бұл ойыңызға толықтай қосыламын, хан ием!
АБЫЛАЙ. Мына елшінің ниет-пиғылын көрдің ғой. Бірақ біз бәрібір ата-бабаларымыздан қалған жерімізді жат жерліктерге тап- татпауымыз керек! Ұлтарақтай жер өзге елдің еншісінде кетпесін! Бұнда қазақтың жаны тұр. Сондықтан ежелгі қазақ жерлерінің бәрін өзімізге қайтарып алудың жолын қарастырып, қам-қаракетін жасау керек. Босап қалған мекендерге халықты тез арада көшіріп, қоныстандыру керек!


ЖОЛБАРЫС.

 Иә, хан ием! Бұл игілікті іс басталып та кетті. Қабанбай мен Барақ батырлар өз қарауындағы елді алып Тарбағатай өлкесіне қарай жылжып барады. Бірақ шүршіттердің тосқауылына ұшырап жатқан көрінеді. Бір-екі мәрте қақтығысып та қалыпты. Сол жақта орнығып қалған торғауыттармен де шарпысып қалғанға ұқсайды. Оның үстіне осы өлкені түбегейлі игеріп, толық меншіктеу үшін  Шың империясы ішкі жақтан хань нәсілді жұртты өз еріктерінен тыс, мәжбүрлеп әкеліп қоныстандырып жатқан жайы бар.
АБЫЛАЙ.

 Міне, көрдің бе, олар да ол жерлерді оңайшылықпен бере салмайды. Ондағы торғауыттарды бағындырып, өз иеліктеріне қосып алсын. Ал бағынғысы келмейтіндерін тықсырып, ішкеріге қарай түре қусын. Керек болса қол жинап барып шапсын. Әйтеуір жерімізді жат жерліктерден тазартсын. Олардың өздерімен бірге арқалап келген жері жоқ. Жер біздікі, қазақтың ежелгі өрісі. Қабанбай мен Бараққа жеткіз, өте сақ қимылдасын. Ең бастысы, қарамағындағы қаймана халықты қанды қырғынға ұшыратып алмасын! Көп кешікпей қырғыздар мен қоқандықтарға да жаза жорығын жасап, олар басып қалған елді мекендерді де өз иелігімізге толықтай қайтарып аламыз!
ЖОЛБАРЫС. Ұқтым, хан ием! Тапсырмаңызды бұлжытпай жет- кізем! Ресейден де елші келіп жатыр. Қабылдайсыз ба?
АБЫЛАЙ. Олардың да көмекейлерінің бүлкілін сезіп тұрмын. Дегенмен, кірсін, көрейік!

 

Ырғала басып, ызбар шашып, Ресей елшісі кіреді.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет