Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


) 1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы



бет6/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Байланысты:
Тарих

50) 1867-1868 жж. уақытша ереженің жүзеге асырылуы.
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды.
1. Аумақтық өзгерістер:
ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібіргенерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясынақарады.
2. Басқарудағы өзгерістер:
1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтарсияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланғанболыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеуәскери губернатордың қолында болды. Егер олсайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземіндеп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушыларқұқық тұрғысынан Ресейдегі селоның жәнеқаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ережеқазақ жеріне сырттан көшіп келгендердіңмәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлықартықшылықтарынан айырылды.
3. Сот жүйесіндегі өзгерістер:
Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенгенхалық соты қатаң түрде билік орындарыныңбақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрліміндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстарбилер сотының қарауынан алынып, жергіліктіотаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттыңүш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордыңрұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына иеболған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңдыболды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметінуездік начальник қатаң бақылап отырды.
4. Салық жүйесіндегі өзгерістер:
1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқыжылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтарүшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғысұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғыереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жермәселесі болды. Онда қазақ жері Ресейимпериясының мемлекеттік меншігі депжарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет