Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістері



бет7/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
51. 1868-1869 жылдардағы Торғай, Орал облыстарындағы және 1870 ж. Маңғыстау қазақтары көтерілістері.
Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс (1869) - 19 ғасырдың І-жартысында Торғай және Орал облыстарындабұқара халықты қанау жылдан-жылға күшейе түсті. Патша үкіметі қазақ жерін өлшеусіз кесіп ала бастады. 1810 ж. Елек, Қурайлы өзендерінің бойынан 700 мың десятина жер, 1830 ж. Ор өзенінен Березовкаға дейін 7,5 млн десятина жер, Ор мен Құмақ өзендері бойындағы шабындықтарды және 1865 ж. Орал өкілдерінің оң жағалауынан қырға қарай 25 шақырым жер алынып, Орал, Орынбор казак-орыс әскерлеріне берілді. Аманқарағай, Наурызым ормандарын Орынбор әкімшілігі пайдаланды. Жер үшін күрес шиеленісіп, мал шаруашылығы күйзелді. 1851 ж. жайылымдық жерсіз қалған Кіші жүз шаруалары малының жартысы қырғынға ұшырады, Қазақтар тұзды (Елек, Тұзтөбе, ақжал), балықты (Шалқар, Қамыстысамар және т.б.) көлдер мен өзендерден (Есіл, Ор, Орал) ығыстырылды. Жем өкілдерінің төменгі бойы мен Каспий теңізінің шығыс жағалаулары Ресей кәсіпшілерінің меншігіне алынды. Жерсіз қалған көп рулар қырға қоныс аударуға мәжбүр болды. Патша үкіметі 1867-68 жылдардағы реформаны күшіне енгізе бастады. Реформа отарлық езгі мен патша чиновниктерінің үстемдігін күшейтті. 19 ғасырдың 60 жылдарында әр түтінге салынатын салықтың жалпы мөлшері 10-12 сомға жетіп, ол кедейлерден байлармен бірдей өндірілді. Заттай төлемдер тұрақты алымға айналды. Кіші жүз қазақтары мемлекет кіресін тегін тарту үшін (Наурызым орманынан Сырдария бойындағы қалаларға ағаш тасу және т.б.) түйешілермен (5 түйеге бір адамнан) қоса 4 мың түйе беруге, Орта Азия хандарына жорық жасап жатқан патша әскерлерін азық-түлікпен, баспанамен, жылы киімдермен және т.б. жабдықтауға міндетті болды. Тек 1839-40 жылдары ғана 14 мың түйе, 15 мың пұт ет, 15 мың саржан киіз, 10 мың бас киім, қолғап алынды. Жергілікті әкімдер халық есебінен көлікпен, қаражатпен қамтамасыз етілді. 50 жылдары Орал казак-орыс шептерінде 20 мыңнан астам қазақ кедейлері жалданды. Жалшылардың қоныстауына, егіншілікпен айналысуына тыйым салынды. 1868 ж. патша үкіметі Қазақстанды отарға түпкілікті айналдыруды көздеген «Жаңа ереже» қабылдады. Жер үкімет меншігі болып жарияланды. Қазақтар пайдаланған жері үшін түтін басы бұрынғы 1 сом 50 тиынның орнына 3 сом 50 тиын төледі, түрлі алымдар көбейді. Бұл көшпелі халықтың жаппай наразылығын тұғызды. 1868 ж. желтоқсандағы «Жаңа ережеге» сәйкес Кіші жүз екі облыс, 8 уезге бөлінді. Оның батыс жағы Орал казак-орыс әскерлерінің жерлеріне қосылып, Орал облысы, ал шығысында Торғай облысы құрылды. 1869 жылдың басында елге ұйымдастыру комиссиялары шықты. Комиссия халық санағын жүргізіп, салық жинауға, жергілікті әкімдер «сайлауын» өткізуге, болыстар құруға кірісті. Бұл халық наразылығын күшейтіп, көтерілістің шығуына тікелей түрткі болды. ТабынКетеАдайТазЫсықШеркешЕсентемір руларының қарулы көтерілісшілері 1868 ж. 21 наурызда Гурьев қаласындағы ұйымдастыру комиссиясына шабуыл жасап, 10 көлік пен 900 сомның бағалы затын қолға түсірді, комиссия мүшелері қашып кетті. Қаракөлдегі Ысық және Беріш рулары «Ережені» қабылдамады, ұйымдастыру комиссиясын кейін қайтарды. 1869 ж. қаңтарда барлық уездердегі ұйымдастыру комиссиялары «Ережені» жүргізуді тоқтатты. 1869 ж. ақпанда ұйымдастыру комиссиялары бұрынғы сұлтан-әкімдері (М.Баймұхамедов, Сейдалин. Б.Кейкин) ертіп елге қайта шықты. «Ережеге» күшті қарсылық көрсеткен руларға «ықпал» ету үшін зеңбіректермен қаруланған 700 әскерді қырдағы бекіністерге жіберді. Елек өзен бойында 200 әскер күзеткен азық тартқан отрядқа 600-ге тарта көтерілісші қазақтар шабуыл жасап, арбаларын қиратып, бірнеше адамын өлтіріп жарақаттады. 1869 ж. наурызда ұйымдастыру комиссиясына қарсы көтеріліс ішінара Торғай облысын, ал Орал облысын түгел қамтыды. Көтеріліс дүмпуінен қорыққан ірі феодалдар (сұлтандар, билер, дін басылары) мал-мүлкін айдап оңтүстікке, одан Хиуаға өтіп кетті. Шаруалардың бұл көтерілісі нашар ұйымдастырылды, стихиялық түрде өтті, сондықтан жеңіліске ұшырады. Солай бола тұрса да, Орал мен Торғай облыстарындағы көтеріліс қазақ шаруаларының отарлау саясатына, қанаушыларға қарсы қозғалысының ерекше бір көрінісі болды.
Маңғыстау көтерілісі - 1870 жылы Маңғыстау шаруаларының патша өкіметінің отарлау саясатына қарсы көтерілісі. Оның мақсаты Патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережені” өзгерту. Патшалы Ресейдің Шығыстағы басқыншалық саясаты үшін Маңғыстау түбегінің стратегиялық мәні үлкен болды, оның үстіне Шығыспен қатынас жасайтын барлық су және керуен жолдары Маңғыстау арқылы өтті. Сондықтан патша үкіметі Маңғыстау түбегін 18 ғасырдың бас кезінде-ақ өзіне бағындыруға әрекет ете бастаған еді. 18 ғасырда Каспий теңізінің шығыс жағалауына 20-ға жуық арнайы экспедиция жасақталды. Ресей империясы адайруларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 1867 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлшері 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті.
Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғыстауға реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.
1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.
Әкімшілік шекаралардың өзгеруі арқылы адай руы қазақтарына Орал облысы аумағында көшіп жүруге тыйым салынды. Жазғы жайылымдарды пайдалануға ережені қабылдаған жағдайда ғана рұқсат етілді. Сонымен қатар әкімшілік өткен жылғы салықтар мен жер салығын төлеуді талап етті. Мұның өзі әр шаруашылықтан 8 күміс рубльді құрады. Мұндай ақша кедей қазақтар түгілі ауқатты қазақтардың көпшілігінде болмады. Жазалаушылар халықты «Уақытша ережеге» күшпен көндірді. Патша үкіметі адайларды әлсірету мақсатымен 6 мың үйді Маңғыстаудан бөліп алып, күшпен Орал облысына берді. Көптеген отбасы Үстіртке қашты, 1874 жылға дейін адайларды Дағыстаннан келген әскери өкімет басқарды. Содан кейін бір айдың ішінде 9 мыңдай адай үйінен екі жылғы салық бірден өндірілді. Салық төлеу қиындықтарын пайдаланған орыс саудагерлері қазақ шаруаларының жылқыларын 1 сом 60 тиыннан сатып алды. Сөйтіп, 60 мың сомнан астам салық жиналды, өкімет шығынын өтеу үшін 90 мың қой қоса алынды. Дегенмен көтеріліс нәтижесінде халық кейбір жеңілдіктерге ие болды. «Ережеге» бірсыпыра өзгерістер енгізілді (түтін салығын ақшамен емес, малмен өтеуге рұқсат етілді т.б.). 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі отаршылық езгіге қарсы, әсіресе салықтың өсуіне және жайылымдарды пайдалануға шек қоюға қарсы шыққан қысқа мерзімді жергілікті және стихиялық шаруалар көтерілісі болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет