Абылайдың Жоңғармен, Қытаймен, Ресеймен қарым-қатынастары


 Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы



бет11/29
Дата06.04.2023
өлшемі95,72 Kb.
#79942
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29
56. Ш.Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия1835Қостанай облысыСарыкөл ауданы, Құсмұрын жері — 10 сәуір 1865КөшентоғанЖетісу) — қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушытарихшыфольклоршыэтнографгеографағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен «Шоқан» аталып кеткен.
Шоқан Уәлиханов өзінен кейін мол әдеби – тарихи мұра қалдырды. Өзінің тым қысқа ғұмырының барысында Шоқан европалық ғылым үшін “белгісіз”, “жұмбақ” болып келген Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы, географиясы мен этнографиясына арналған бірсыпыра еңбектері мен қоғамдық саяси тақырыптағы толып жатқан шығармалар жазып үлгерді. Шоқан Уәлиханов терең энциклопедиялық білімі бар, өз заманындағы бірқатар мәселелерді жаңаша көтере білген кемелді ғалым болды. “Сот реформасы туралы жазбалар”, “Қазақтардың қонысы туралы” және т.б. көптеген шығармаларының негізінде Шоқанның саяси және экономикалық көзқарастарын С.Д.Зиманов, А.Б.Әтішев өздерінің “Шоқан Уәлихановтың саяси көзқарастары” атты еңбегінде қарастырады. Мұнда олар Шоқанның қазақтың билер институтының құрылымын зерттеді, патша реформасының олқылықтарын көрсетуі, қазақ қоғамының өмірінде көшпелі мал шаруашылығының алатын орнына арналған ойлары сараланады. Шоқан қазақ тарихына байланысты қытай деректерін де зерттеген. Соған сүйене отырып, ол үйсіндердің Ұлы жүз жеріне біздің жыл санаушымыздан екі ғасыр бұрын келіп қоныстанғанын айтады.
Елді сипаттауда Шоқанда географиялық очерк жетекшілікке ие болды. Мысалы, “Қырғыздар туралы жазбаларда” территорияның, шекаралардың мұқият сипаттамасы берілген, Тянь-Шань мен Ыстық көл бассейнінің физика- географиялық жағдайлары толығырақ сипатталған. Шығыс Түркістанның өзен- көлдері, жануарлар мен өсімдіктер әлемі жайлы зерттеулер сол заманғы ғылым үшін жаңалық болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет