Қабылдаған: Алланиязов Т. К. Жоспар: I. Кіріспе: Қазақ хандығының құрылуы мен саяси алғышарттары 3 II. Негізгі бөлім



бет2/4
Дата02.03.2023
өлшемі82,89 Kb.
#71345
түріРеферат
1   2   3   4
Байланысты:
Реферат (1)

Жұмыстың әдістемелік негізі: Зерттеу жұмысын жазу барысында автор Қазақ хандығының ХҮІғ. басындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайы жайлы жазған тарихшылар мен түрлі газет журналдардан алынған сұхбаттарды, мақалаларды, әдебиеттерді алды. Бұл қолданылған әдебиеттер 90 жылдардағы жалпыға арналған архивтардан бастап қазіргі кезеңде осы мәселені жан жақтан зерттейтін тарихшылар мен зерттеушілердің еңбектеріне дейін қамтиды.
Жұмыстың қамтитын кезеңдері: Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.1 Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген. Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды.2 Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды. Қазақ хандығы алғашқыда Моғолстан мемлекетімен достық қарым-қатынас орнатып, Әбілхайыр ханның Жетісуға төндірген қаупіне және ойрат - жоңғар тайпаларының Моңғолстанға жасаған шабуылына қарсы күресті. Жошы тұқымынан шыққан хандармен одақтасып Әбілхайыр ханның мұрагері Шаих Хайдарды жеңді. Қазақ хандығы Қасым хан тұсында орыс мемлекетімен дипломатиялық қатынас жасап, батыс Европаға танылды. Ұлы князь Василий III тұсында (1505-1533) Москва князьдығымен дипломатиялық байланыс орнатты. Қасым хан алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдет-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Сол үшін, ол Қасым ханның атымен байланыстырылып: «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталды. Әйгілі тарихшы Мұхаммед Хайдар Дулати Тарихи Рашиди кітабінда: «Қазақ хандары мен сұлтандары арсында Қасым хандай құдіретті ешкім болған емес» дейді. Қасым хан өлгеннен кейін сұлтандар мен феодалдардың өзара бақталасы, қырқысы күшейді. Сыртқы саяси жағдай қолайсыз болып тұрған кезде, өзара қырқысуының зиянды зардаптары хандықты әлсіретуге әкеп соқты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. XVI ғ. – II жартысында әлсіреген хандықты біріктірерде Қасым ханның баласы Хақназар (Ақназар) (1538-1580) өз үлесін қосты. Ол 42 жыл биледі. Хақназар хан – таққа отырған соң хандық үкіметінің билігін нығайтуға қажырлы күш жұмсады. Өзінен бұрынғы Таһир хан мен Бұйдаш хан тұсындағы бытыраңқылықты қайта қалпына келтірді. Ол билік құрған кезде сыртқы саясатта аса ірі тарихи оқиғалар болды. Бұл кезде батыста күшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргесін кеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахань хандығын Россияға бағындырды. Осыған байланысты, Еділ мен Жайық арасында ұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Ноғай ордасын билеген маңғыт мырзаның арасында үкімет билігіне таласқан феодалдық қырқыс күшейді, бұл халық бұқарасын күйзелтті. Хақназар тұсында Қазақ хандығының күшеюі Ноғай ордасындағы қазақ тайпаларын қызықтырып өзіне тартты, кейіннен келіп қосылды. Хақназар хан қаза болғаннан соң, оның орнына Жәдік сұлтанның баласы Әз Жәнібек немересі Шығай (1580-1582) хан болды. Қоғамның дамуына юаланысты халықтың әлеуметтік құрамында да өзгеріске ұшырап отырады. Б.з.б. сақ үйсін т.б. тайпалардың обаларынан табылған бұйымдардың арзан-қымбаттылығына қарап оларда әлеуметтік жіктелістің болғанын көрдік. Ал орта ғасырлардағы мемлекеттерді қаған билегенін, оның үрім-бұтақтарын тегіндер деп атасы, қарапайым халықты қара бұдындар, қалың бұқара, құлдар, күңдер деп атаған.3
1. Ауылдық басқару. Бұл қазақ халқының ең бірінші қоғамдық басқару жүйесі болып табылады. Бұл ұйым тустас жақын адамдардың бірнеше отбасынан құралады. Ауылды басқаратын адамды ауылнай немесе ауылбасы деп атаған. Ондай адамның ауыл ішінде беделі күшті білгір, тәжірибелі және ауқатты адам болуы керек. Оның атқаратын басты міндетітері: ауылдастарының шаруашылықтарын басқару, көші-қон уақытын белгілеу, ауылдың адам күші мен көлік күшін дұрыс пайдалану. Ауыл ішіндегі дау-жанжалдарды әділ шешіп отыру. Жоғарыдан келетін бұйрықтар мен жарлықтарды өз кезінде орындау болды.
2. Ата-аймақ. Қазақ хандығының бұл ұйымы бір атадан тараған, жеті атаға дейінгі бірнеше ауылдан құралды. Ата аймақты басқаратын адамды “ақсақал” деп атады. Ауылбасылары «ақсақалмен» кеңесіп, оның шешімін мүлтіксіз орындап отырды. Ақсақал ата-аймақ ішіндегі неке мен отбасы, мұрагерлік пен енші т.б. мәселелерді шешуге құқылы болды. Жеті ата арасындағы дау-жанжалды реттеп, кінәлі жағын жазалады.
3. Рулық басқару. Ру он немесе он бес аймақтан құралатын болған. Руды басқаратын басшыны ру биі немесе рубасы деп атады. Руға өз қасиетімен, не аталарынан мұрагерліпен жеткен адам билік етті. Рубасы ақсақалдарын жиып алып, оларға ақыл-кеңес берді, жоғарыдан келген жарлықтар мен бұрықтарды орындатып отырды. өзінің рулық аймағында кездесетін дау-шар болса, оны әділдікпен шеше білді. Рубасы көпті көрген білікті, тәжірибелі адам болды. Сондықтан да рудың тағдыры рубасының тапқырлығы мен қабілетіне тікелей байланысты болған.
1.XVI ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайына шолу


Қaзақ хандығының құрылуы және нығаюы (15-17 ғғ.) Қазақ хандығының пайда болуы Қазақстан жерінде 14-15 ғғ. болған әлеуметтік-экономикалық және этникалық-саяси процестерден туған заңды құбылыс. Өндіргіш күштердің дамуы, көшпелі ақсүйектердің экономикалық қуатының артуы, феодалдық топтардың тәуелсіздікке ұмтылуы, осы негізде Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан арасындағы тартыстың өршуі, әлеуметтік қайшылықтардың үдевІ 15 ғ. 2 жартысында бұл мемлекеттердің құлдырап ыдырауына апарып соқтырды. Әсіресе Әбілхайыр (1428-1468) Жошы-Шайбан- Дәулет-Шайх оғланның ұлы хандығы өте нашар еді. Территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш көліне дейін, оңтүстігінде Сырдың төменгі жағы мен Арал өңірінен, солтүстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі жерді алып жатты. Бір орталықа бағынған мемлекет болмады. Көптеген ұлыстарға бөлінді. Олардың басында Шыңғыс әулетінің әр тармақтағы ұрпақтары, көшпелі тайпалардың билеушілері тұрды. Әбілхайыр билік еткен кезде халық өзара қырқыс пен соғыстан шаршады. 30 жж. ол Тобыл бойында Шайбани ұрпағы Махмұт Қожаханды талқандады. Сыр бойындағы далада Жошы әулетінің Махмұтханы мен Ахметханын (Тоқа Темір тұқымы) жеңді.[1]
1446 жылы Әбілхайыр Темір ұрпақтары мен Ақ Орда хандары ұрпақтарынан Сыр бойы мен Қаратау баурайындағы — Сығанақ, Созақ, Аққорған, Өзгент, Аркүк сияқты қалаларды басып алады. 1457 ж. Үз-Темір тайшы бастапан ойраттардан (жайылым жер іздеген) Түркістан өңірінде жеңіліп қалды. Масқара ауыр шарт жасасып, ойраттар Шу арқылы өз жерлеріне кетті. Ал Әбілхайыр өз ұлысында, қатал тәртіп шараларын орнатуға кіріседі. Бұл халық бұқарасының оған деге өшпенділігін күшейтті. Нәтижесінде халықтың жартысы Шығыс Дешті Қыпшақтан Түркістан алқаптарына және Қаратау бөктерлерінен Жетісудың батыс өңіріне көшіп барулары еді. Оны Жәнібек пен Керей басқарды.[2]
Дешті Қыпшақ пен Жетісудағы көшпелі бұқара феодалдық қанаудың күшеюіне, соғыстарға наразылық ретінде, хандар мен феодалдардың қол астынан көшіп кетіп, қоныс аударды. Сөйтіп, 15 ғ. 50-70 жж, яғни 1459ж. Әбілхайыр хандығынан Жетісудың батысына Есенбұға хан иелігіне Шу мен Талас өзендерінің жазықтығына көшіп келді. Олардың қоныс аударуының бір себебі, оларды Шыңғыс әулетінен шыққан Керей хан мен Жәнібек ханның жаңа қалыптасып келе жатқан қазақ халқының дербес мемлекетін құру, оның тәуелсіз саяси және экономикалық дамуын қамтамасыз ету жолындағы қадамы мен қызметі өз ықпалын тигізді. Жетісу рулар мен тайпалар мемлекет бірлестігінің орталыпына айналды. Олардың саны 200 мың адамға жетті. Моголстан ханы Есенбұға өзінің солтүстік шекарасын қорғату үшін, сондай-ақ өзінің бауыры Тимурид Абу Саид қолдап отырған Жүністің шабуынан батыс шекарасын қорғату үшін пайдаланғысы келді. Жәнібек қазақ хандығының тұңғыш шаңырағын көтерген Барақ ханның ұлы, ал Керей оның ағасы Болат ханның баласы. Барақтан басталатын қазақтың дербес мемлекеттігі жолындағы күресті оның туған ұлы мен немересінің жалғастыруы табиғи құбылыс. Мырза Мұхамед хайдар Дулати Қазақ хандығының құрылған уақытын хижраның 870 жылына (1465-1466 жж.) жатқызады. [3]
Қазақтың алғашқы ханы болып Керей жарияланды (1458-1473 жж.). Одан кейін қазақ ханы болып Жәнібек сайланды (1473-1480 жж.). Бұлардың тұсында Жетісу халқы, 1462 жылы Моғолстан ханы Есенбұға өлгеннен кейін ондағы тартыстың күшеюіне байланысты, өзара ынтымақтықты нығайтуға үлес қосты. Әбілхайыр хандығынан көшіп келушілер Жәнібек пен Керейдің қазақ хандығын күшейте түсті. Едәуір әскери күш жинапан және Жетісуда берік қорғанысы бар Жәнібек пен Керей, Жошы әулетінен шыққан сұлтандардың Шығыс Дешті Қыпшақты билеу жолындағы күресіне қосылды. Бұл күрес 1468 ж. Әбілхайыр өлгеннен кейін қайтадан өршіді. Қазақ хандарының басты жаулары Әбілхайырдың мұрагерлері- оның ұлы Шайх -хайдар мен немерелері Мұхамед Шайбани мен Махмұд сұлтан болды. Сыр өңірі мен Қаратау — қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне ең жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз құқықтарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. 70-жылдары Сауран, Созақ түбінде, үлкен шайқастар болды. Асыны (Түркістанды), Сығанақты біресе қазақ хандары, біресе Мұхамед Шайбани басып алып отырды. Осындай шайқастардың бірінде көрнекті қолбасшы Керейдің ұлы Мұрындық болды. Ол 1480 жылдан бастап хан болды. Соның нәтижесінде 15 ғ. 70-ж-да қазақ хандығының шекарасы кеңейе берді. Оңтүстік қазақстан қалалары үшін Шайбани әулетімен арадағы соғыстар Жәнібек ханнан кейін қазақ хандығын билеген Бұрындық хан (1480-1511 жж.) тұсында да толастамады. Батыс Жетісудағы иеліктеріне оңтүстіктегі өздеріне қараған қалаларға (Созақ, Сығанақ, Сауран) сүйене отырып, алғашқы қазақ хандары Дешті Қыпшақтағы өкімет билігіне талаптанушы барлық хандарды жеңіп, өз иеліктерін ұлғайтты. Дешті Қыпшақта қазақ хандары билігінің орнығуы, Мұхаммед Шайбаниды Дешті Қыпшақтағы тайпалардың кейбір бөлігін соңына ертіп Мәуереннахрға кетуге мәжбүр етті. Мұнда ол Темір әулеті арасындағы өзара тартысты пайдалана отырып, өкімет билігін басып алды. [4]
Сонымен қазақ хандығының құрылуына ұйтқы болған себептер — саяси және этникалық процестер болды. Оның басты этапы — Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға — Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақстан атана бастады. 16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы қалыптасты. Бірсыпыра қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлауы Ұлытаудан асты.XVI ғасырдың басында нығайған Қазақ хандығының жағдайы аталған ғасырдың 20-жылдарынан бастап әлсірей бастады. Қазақ хандығын нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсаған Қасым хан қайтыс болғаннан соң оның мұрагерлері арасында өкімет билігі үшін ішкі талас пен қырқыстар туды. «Тарихи Рашидидің» авторы Мұхаммед Хайдар Дулати айтқандай: «Қазақ сұлтандары арасында дау-шар басталды». Қасым ханның баласы Мамаш әкесінің орнына хан болып, бірақ көп ұзамай өзара қырқыстың бірінде қаза тапты.[5]
Бұдан соң 1523-1533 жж. Қасымның немере інісі Тахир хан болды. Бірақ оның ел билеуге қабілеті төмен, әскери-саяси және елшілік істерге олақ адам еді. Ол феодалдық қырқыстарды тия алмады, көрші елдердің көпшілігімен: Шайбани әулетімен, Ноғай Ордасымен және Моғолстан хандарымен де жауласты. Бұл соғыстарда қазақтар жеңіліп, Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің біраз бөлігінен айырылып, оның ықпалы тек Жетісуда ғана сақталып қалды. Тахир хан Жетісуға қашып барып Моғолстан ханына қарсы қырғыздармен одақ жасасты. 1527 жылдан кейін ол көбінесе қырғыздарды биледі, ойрат-жоңғарлардың Жетісуға жасаған шабуылына қарсы күресті. Мемлекеттік билік құлдырап, мемлекеттің шекара аумағы қысқара түсті.
Тахир ханның өлімінен кейін оның інісі Бұйдаш (1533-1534 жж.) қазақ-қырғыз бірлестігінің басшысы болды. Жетісу өңіріне билік еткен ол қазақтардың бір бөлігін ғана билеген. Оның тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. ХҮІ ғасырдың 30-жылдарында Бұйдаш ханмен қатар өзге де қазақ хандары, мысалы, Қазақстанның батыс өңірінде Ахмет хан, Жетісуда Тоғым хан болған. Міне, бұл жағдай Қазақ хандығының феодалдық бытыраңқылыққа ұшырағандығын көрсетеді. [3]
Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580) тұсында Қазақ хандығы қайта бірігіп, дами түсті. Ол хандық билікті нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрын бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. Хақназар қазақ-қырғыз одағын одан әрі нығайтты, сол заманның тарихи деректерінде оны «қазақтар мен қырғыздардың патшасы» деп атады. Ол осы қазақ-қырғыз одағына сүйене отырып, Моғолстан хандарының Жетісу мен Ыстықкөл алабын жаулап алу әрекетіне тойтарыс берді. Оңтүстік-шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Қасым ханның тұсында Орта Азия, Еділ бойы, Сібірмен сауда және елшілік байланыс жасалды. Орыс мемлекетімен байланыс болды. Ұлы князь 3 Василий (1505-1533) билік құрған кездегі Мәскеу мемлекеті еді. Батыс Еуропа да қазақ хандығын осы кезде танып білді. «Қасым ханның қасқа жолы» деген әдет-ғұрып ережелері негізінде қазақ заңдары жасалынды. Қасым өлгеннен кейін бірден байқалды. Өзара қырқыс, таққа талас басталды. Моғол және өзбек хандарының қазақ билеушілеріне қарсы одағы қалыптасты. Өзара тартыс кезінде Қасым ханның ұлы және мұрагері Мамаш қаза тапты. Қасым ханның немере інісі Таһир (1523-1532) хан болды. Оның айырықша елшілік әне әскери қабілеті болмады. Маңғыт және Монғол хандарымен әскери қақтығыстар басталды. Бұл соғыстар қазақтар үшін сәтті болмады. Қазақ хандығы оңтүстіктегі және солтүстік-батыстағы жерінің бір бөлігінен айрылып, оның ықпалы тек Жетісуда сақталып қалды. ТаҺир ханның інісі Бұйдаштың (1533-1534) тұсында да феодалдық қырқысулар мен соғыстар тоқталған жоқ. 16 ғ. 2 ж. әлсіреген хандықты біріктіруде Қасым ханның баласы Ақназар (1538-1580 жж.) өз үлесін қосты. Ноғай Ордасындағы алауыздықты сәтті пайдаланған ол, Жайық өзенінің сол жағындағы жерді қосып алды. Оның тұсында Жетісу мен Тянь-Шаньды басып алуды көздеген Моғол ханы Абд- Рашидке қарсы ұтымды күрес жүргізілді. Ақназар өзара тартыста өзбек ханы Абдулланы қолдау арқылы Сыр бойындағы қалаларды (Сауран, Түркістан) өзіне бағындырды. Оның Абдулламен байланысынан қорыққан Ташкенттің ұлыстық әміршісі Баба сұлтан жансыздары арқылы Ақназарды у беріп өлтірді. Ақназардың мұрагері Жәдіктің баласы және Жәнібек ханның немересі қартайған Шығай (1580-1582) болды. Ол өзінің баласы Тәуекелмен (1586-1598 хан болған) бірге Баба сұлтанға қарсы күресінде Бұқар ханы Абдоллаға келді. Абдолла Шығайға ходжент қаласын сыйға тартып онымен қосылып Баба сұлтанға қарсы Ұлытау жорығына шығады. Осы жорықта Шығай қайтыс болады. Қазақ хандығының иелігі енді Тәуекелге көшеді. Тәуекел хан Орта Азияның сауда орталықтарына шығу үшін күресті. [5]
1583 жылы ол бұрынырақ Бұқарамен жасалған шартты бұзып, Сыр бойындағы қалаларды алып, Ташкент, Андижан, Акси, Самарқанд сияқты қалаларды қазақ хандығына қаратты. Бұқара қаласын қоршауға алған кезде Тәуекел хан жараланып қаза болды. Одан соң хандыққа Есім хан Шығайұлы (1598-1628) билік етті. Ол 1598 жылы Бұқарамен бітім шартын жасасты, шарт бойынша өзбектер бұрын тартып алған Сыр бойы қалалар мен Ташкент қазақ хандығына бекітіп берілді. Сөйтіп, Сыр бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік Қазақстанның жерін кеңейту үшін бір жарым ғасырға созылған күрес біраз бәсеңдеді. Есім хан елді жуасытып бағындыру саясатын жүргізді. МСондықтан ол қанға қан, құн төлеу, барымта алу, құлды сату, зекет, ұшыр жинау, айып салу және т.б. уағыздады. Халық Есім хан заңдарын «Есім хан салған ескі жол» деп атады. 16 ғасырда қазақ хандығы солтүстікте құрылған Сібір хандығымен (орталыпы Түмен) шектесті. 1563 жылы Шайбани әулеті мен Тайбұғы руы арасындағы ұзақ жылдар бойы жүргізілген күрестен кейін Сібір хандығы Шайбани әулеті Көшім ханның қолына көшті. Сібір хандығының халқы түркі тілдес қырық рудан құрылған және угар тайпаларының жиынтығынан тұрды. Хандықтың негізгі халқы түркі тілдес «Сібір татарлары» деген атпен белгілі болды. Сібір хандығы Қазақстанмен саяси және сауда байланысын жасап тұрды. 1552 ж. Ресей Қазан қаласын жаулап алғаннан кейін, ол Сібір хандығымен көрші болып шықты. 1581 ж. Ермактың сібірге жорығы басталды. Көшім хан жеңілгенмен, Ермак жеңісті баянды ете алмады, ол 1584 ж, қаза тапты. Бірақ Сібір хандығы да көтерілмеді. Сөйтіп ол 1598 жылы Ресей құрамына енді. 17 ғ. 2 ж. Қазақ хандығының жағдайы нашарлады. Өзара қырқысты пайдаланған жоңғарлар Жетісудың бір бөлігін басып алып осы аймақта көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұқара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастапан кезде, қазақ хандарының бірі Жәңгір Бұқар әміршісін жоңғарларға қарсы күресу үшін әскери одақ жасауға көндірді. Жәңгір жоңғарларға қарсы жорықта 1652 ж. қаза тапты. 17 ғ. 90-ж-да жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы бәсеңдеді. Бұл кезде қазақ хандығының нығаюы, қырғыздар мен қазақтар арасындағы одақ және оған қарақалпақтардың қосылуы күшті жүрді. 1680 ж. Жәңгірдің баласы Тәуке (1680-1718) хан болды. Оның тұсында «Жеті жарғы» деген заңдар жинапы құрастырылды. Жеті жарғы көшпелілердің ел билеу заңы болып табылады. Феодалдық салт көптеген салық түрін енгізді. Малшыдан зекет, егіншіден ұшыр жиналды. Ең жоғары басқарушы хандар болды. Олар тек Шыңғыс тұқымынан шықты. Феодалдық шартты жер иеленушілік, жерге меншіктің тұрақты түрлері, әсіресе Қазақстанның оңтүстік аудандарында, Сыр бойындағы қалалар аймағында қалыптасты. Олардың сойырғал, иқта, милк, вакуф сияқты түрлері болды.[4]
Ханнан тархандық құқық алып, сыйлық жерді иеленушілер онда тұратын егіншілерден, қолөнершілерден өз пайдасына салық жинады. Қазақ қоғамын әлеуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі негізге алынды. Жоғары аристократтық топ ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері хандар, сұлтандар, оғландар төрелер, қожалар жатты. Ал басқа халық әл-ауқатына қарамастан қара сүйеккке жатқызылды

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет